22— наурыз мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: Наурыз- жыр аңыз
— Армысыздар ұстаздар, шәкірттер мен қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз –«Жана күн» деген сөз. Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыныз мықты болсын, тілектерініз қабыл болсын!
1 жүргізуші: Уа, жараңдар жараңдар,
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық,
Ұштасқан оймен мәңгілік,
Біздерді бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға,
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар
Сөзіме көңіл бұрыңдар
Жауқазындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.
1 жүргізуші: Уа, ағайын! «Наурызым бабамның сөзі, Наурызым анамның сөзі, Ғасырдан –ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрынҚыдыр атамыздапн бата сұрап алайық.
2 жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!
(Наурыз көже беріледі)
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы: Балабаева Сауле Абибуллаевнаға беріледі.
Шашу: Ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық! (Шашу шашылады)
Ортаға ән шашу: Көктем
Балалар тақпақтары. Даниял, Мұхит, Айлана, Рамазан.
Жамбыл ауылымен Абай ауылын ортаға шақырайық.
Салт –дәстүрге кезек берейік.
Қазақтың тағы салтымен танысайық. Тәй-тәй басқан балаға алғаш қадамын аттағанда тұсау кесер рәсімі өткізіледі.Осы салтты түсіндіру үшін ортаға Жамбыл ауылына кезек берейік.
Келесі кезекті Абай ауылына береміз. Бесікке салу салт -дәстүрі.
1 жүргізуші:Тойла бүгін, тауларымен боз далам
Тойла бүгін қарттарымен боз бала
Қайта оралған намысымдай Наурызым
Жана жыл боп қош келіпсін Наурызым
Балалар тақпақтары: Рахмет, Алия, Аружан
Ұлдар биі: Көкпар биі
Ойын : Арқан тарту, Асық ату
2 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз- жыл басы
Наурыз- жана серпін, жана леп.
Қыздар биі: Көктем
1 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз-ән мерекесі
Наурыз- би мерекесі.
2 жүргізуші: Қазақтың дастарханы Наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз Ұлыстың –ұлы күні Ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қойады.
Баршаларыңызды дастархан басына шақырамыз.
Ән : Дастархан
1 жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!
Келесі жылы амандықта кездесейік.
Сөз кезегін тәрбие жөніндегі меңгерушісі: Қазанбаева А.А беріледі.
Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астрахан № 1 орта мектебі
мұғалімі Есимсеитова Гульжан Касымхановна
Сыныптан тыс шара » Бәрін білгім келді » бастауыш класс
Материал жайлы қысқаша түсінік:
бастауыш класс оқушыларына арналған шара.Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге
дағдыландыру
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Сыныптан тыс шара » Бәрін білгім келді » бастауыш класс
Сейтжанова Закия Кыдыралиевна
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы «Аққұдық орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі
28.11.2019
2391
54
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебінің
математика мұғалімі Кәсенова М.Н.
«Қызықты сағат»
Математикалық ойынның мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе — ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе — шегеріледі. Аукцион — сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.
Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
С Ц Е Н А Р И І
— Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
— Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
— Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
— Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
— Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
— Ойынды бастайық!!!
1 ТУР
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)
Ойлан, тап
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)
Бөлшектер
100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300.АУКЦИОН — сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН — сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)
2 ТУР
Балалар
100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
300.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
400 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)
Қызықты сұрақтар:
100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
Логика
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН — сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)
Сандар
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне
400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ? тін сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.
- Басты бет
- Тәрбие жұмысы
- «Айналаңа жақсылық сыйла»-…
«Айналаңа жақсылық сыйла»- сыныптан тыс іш-шара
Мақсаты : «Жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету,әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ-жауап,дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, видео-ролик.
Шаттық шеңбері:
-үлкенге де сіз, (Оң қолын алға созады)
Кішіге де сіз. (Сол қолын алға созады)
Барша жанды құрметтеп, (Екі қолын кеудеге қойып)
Бас иеміз біз (бас иеді.)
— Құрметті оқушылар мен мұғалімдер бүгінгі біздің «Айналаңа жақсылық жаса» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Оқушылар біз сіздермен «Жақсылық», «жақсылық жасау» деген сөздердің мағынасын ашып алсақ.
— Жақсылық дегеніміз не, балалар?
— Жақсылық жасау дегеніміз ше?
(Жақсылық жасау дегеніміз өздерін айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне деген сыйластығы артады.Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды).
Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді.
Оқушылар қазір сендермен «Жақсылығын өзіне» тақырыбында бейнероликті тамашалайық.
Біздің оқушылар сіздер үшін өлеңдер дайындады.
1.Мен әдепті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Үлкендерге жол беріп,
Мен ақылды боламын.
2.Жақсылық көрсен біреуден
Мен қандаймын деп ойла
Жамандық көрсен біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
3.Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
4.Әдеп сақтап қашанда
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады сағанда.
ОЙЫН.
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың /үлкен — кіші/ суреті салынған плакаттар ілінеді. Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті, ізетті сөздерді оқушыларға бөліп беру. Оқушылар жапырақтағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын болса үлкен ағашқа, кішілер айтатын болса кіші ағашқа апарып ілесіңдер. Жапырақтағы сөздер үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, т.с.с. ( жолыңыз болсын, өтіңіз, аман бол, бақытты бол, бағын жансын, отырыңыз, ала ғой, көмектес, жол бер, отырыңыз, әдепті бол, сыйлы бол)
Мақалды жалғастыр,
- Оқушы.
1)Дос – ажарың,
,,,,,,,,,,,,Жолдас базарың
2)Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар, үйіне мініп барсың деп.
,,,,,,,,,,,,,,,,,,Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар-ұмытса есіне алсың деп.
3)Жолдасың көп болса,
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,жалғызбын деме,
4)Жаңа досың жаныңда болса,
,,,,,,,,,,Ескі досың есіңде болсын
Ол әрқашанда сенімді.
5)Досың дос болғанда шаттан,
,,,,,,,,Дұшпанмен дос болудан сақтан.
- Оқушы.
1)Жауға-жалынба
,,,,,,,,,,,досқа тарылма.
2)Жақсылық жүрген жерде
,,,,,,,,тапшылық болмайды.
3) Дос – басқа,
,,,,,,,дұшпан –аяққа қарайды.
4)Дос жылатып айтады
,,,,,дұшпан күлдіртіп айтады.
5)Күлме досқа
,,,,,,,, келер басқа.
- Оқушы.
1)Дос,,,,,,,,,,көп болмайды.
2)Жақсылық ағаш басында,
,,,,,,,,,Жамандық аяқ астында.
3)Жақсылық қылсаң жасыр,
,,,,,,,,,Жамандық көрсең асыр.
4)Мырза болмасаң да,
,,,,,,,,,мейірімді бол
5)Мейірімі мол ананың-жүрегі жылы, қолы кең,
,,,,,,,Кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең.
Соңы. «Табиғат» — сөзінен қай топ көп сөз құрайды, жарыс. Аға, ат, ата, таба, таға, ат, би, баға, бата,атта, Ғабит т.б.
Қане, балалар енді сенднрдің сөздеріңді «Табиғат» өлкесінің құраған сөздерімен салыстырайық
Ойын:
«Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!
Ал енді сыныптан тыс сабағымызды «Көңілді күн» әнімен аяқтаймыз.
Жаңартылған күні: 12.02.2021 15:39
Құрылған күні: 12.02.2021 16:41