22— наурыз мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: Наурыз- жыр аңыз
— Армысыздар ұстаздар, шәкірттер мен қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз –«Жана күн» деген сөз. Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыныз мықты болсын, тілектерініз қабыл болсын!
1 жүргізуші: Уа, жараңдар жараңдар,
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық,
Ұштасқан оймен мәңгілік,
Біздерді бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға,
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар
Сөзіме көңіл бұрыңдар
Жауқазындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.
1 жүргізуші: Уа, ағайын! «Наурызым бабамның сөзі, Наурызым анамның сөзі, Ғасырдан –ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрынҚыдыр атамыздапн бата сұрап алайық.
2 жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!
(Наурыз көже беріледі)
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы: Балабаева Сауле Абибуллаевнаға беріледі.
Шашу: Ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық! (Шашу шашылады)
Ортаға ән шашу: Көктем
Балалар тақпақтары. Даниял, Мұхит, Айлана, Рамазан.
Жамбыл ауылымен Абай ауылын ортаға шақырайық.
Салт –дәстүрге кезек берейік.
Қазақтың тағы салтымен танысайық. Тәй-тәй басқан балаға алғаш қадамын аттағанда тұсау кесер рәсімі өткізіледі.Осы салтты түсіндіру үшін ортаға Жамбыл ауылына кезек берейік.
Келесі кезекті Абай ауылына береміз. Бесікке салу салт -дәстүрі.
1 жүргізуші:Тойла бүгін, тауларымен боз далам
Тойла бүгін қарттарымен боз бала
Қайта оралған намысымдай Наурызым
Жана жыл боп қош келіпсін Наурызым
Балалар тақпақтары: Рахмет, Алия, Аружан
Ұлдар биі: Көкпар биі
Ойын : Арқан тарту, Асық ату
2 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз- жыл басы
Наурыз- жана серпін, жана леп.
Қыздар биі: Көктем
1 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз-ән мерекесі
Наурыз- би мерекесі.
2 жүргізуші: Қазақтың дастарханы Наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз Ұлыстың –ұлы күні Ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қойады.
Баршаларыңызды дастархан басына шақырамыз.
Ән : Дастархан
1 жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!
Келесі жылы амандықта кездесейік.
Сөз кезегін тәрбие жөніндегі меңгерушісі: Қазанбаева А.А беріледі.
Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астрахан № 1 орта мектебі
мұғалімі Есимсеитова Гульжан Касымхановна
- жүргізуші: Армысыздар! Құрметті де аяулы ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қонақтар!
- жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар. Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы, мектептің 30 – жыл мерей тойы мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мереке әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын күн. Сіздерге бүгінгі ерекше күні жетістіктер мен шығармашылық, мықты денсаулық, тек қана сәттілік тілейміз!
- жүргізуші:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.
Мектеп, сенсің адалдық үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен
Мектеп, сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып
Құшағы құтты нұрлы ұям,
Мектебім менің өз үйім.
- жүргізуші: Бабаларымыз айтқан екен: Өткеніңді танымай болашаққа бағдар жасай алмайсың деп. Биыл еліміз дүбірлетіп қазақ хандығынығ 555- жылдығын тойлау үстіндеміз.
- жүргізуші: Қадірменді халайық, осындай торқалы тойлармен тұспа-тұс келген мектебіміздің 30- жылдық мерей тойы құтты болсын!
Бірге: Құт-тық-тай-мыз!
2- жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Базарбаева Раушан Егізбайқызына беріледі.
- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар, ата-аналар, сіздердің назарларыңызға бастауыш сыныптар арасында өткізілетін мерекелік концерттік бағдарламамызды ұсынамыз!
- жүргізуші: Алдарыңызда «Домбырашылар» ансамблі.
- Каллиников. «Тень — Тень» .
Ансамбльдің жетекшісі: Кусаева Жансая Асылбекқызы
- Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз»
1-жүргізуші: Қазақтың тойы той ма күбірлеген күйі болмаса, мың бұралған биі болмаса демекші 3 «Ә» сынып оқушысы Рысбай Анельдің орындауында қазақ биін қарсы алайық.
2-жүргізуші: Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақмен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ Отанға деген махаббат сезімі оянады.
1-жүргізуші: Әрбіріміз үшін Отан ошақ басына басталады: туған жер, туған қала,туған көше. Менің Отаным кішкентай болса да, мен ол үшін аса қымбат жер білім бастауы мектеп қабырғасынан басталады. Концертімізді жалғастыратын 4 «А» сынып оқушысы Қаратаева Камиланың орындауында «Туған жер» әні.
2- жүргізуші: Талантты адам барлық жағынан талантты деген осы шығар! 4 «Б» сынып оқушысы Әндібай Айдана 4 жасынан бері домбыра өнеріне әуес. Қазір вокалға да қатысып ән өнеріне де машықтанып жүр. Айдананың орындауында «Махаббамбеттің термесін» тамашалайық.
- жүргізуші: Осыдан бергі жылдарда білім ордасында көптеген білімді де, тәжірибелі мұғалімдер еңбек етті.
Олар: Абілғазиева Гүлзада апай, Нұрмұханова Узілді апайлар …
Осы кісілерден дәріс алған шәкірттері бұл күнде сан түрлі салаларда қызмет атқаруда.
- жүргізуші: Сіздерге келешекте Қазақстанның өсіп өркендеп дамуына қосқан үлестеріңізге алғыс айта келе абырой істеріңіздің ырысы мен берекесін көруіңізге тілектестік білдіреміз. Ортада «Ұстазға мың тағзым» әнін орындаушылар ортада «Ұстазға мың тағзым» әнін орындаушылар 3- ші сынып оқушыларының вокальдық қыздар тобы.
- жүргізуші: Қымбатты ұстаздар шәкірттеріңіз өздеріңізге арналған, мектебіміздің Қымбатты ұстаздар шәкірттеріңіз өздеріңізге арналған, мектебіміздің 30 жылдық мерекесіне арналған құттықтау сөзге берейік. (видеоролик)
Ортаға 2 «А» сынып оқушысы Айберген Гулбағымды және әжесін қошеметпен шақырамыз.
- жүргізуші: Ортада 4 «Ә» сынып оқушысы Әскерқызы Іңкәрдің орындауында «Әке, ана» әнін қабыл алыңыздар.
- жүргізуші: Мың бұралған бишіміз 2 «Б» сынып оқушысы Миргалиева Медина “Абыл Тарақұл” атындағы “Өнер” мектебінде дәріс алып жүр. Халықтың би тобына қатысатын Мединаның биге деген ынтасы зор, Мединаның орындауында “Страус” биін тамашалайық.
- жүргізуші: Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.
1-жүргізуші: Олай болса 3 «В» сынып оқушысы Бақытбек Әдемі Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңін мәнерлеп оқып береді.
2-жүргізуші: Эстетикалық гимнастика – спорттың ең нәзік түрі. Дегенмен қиын жаттығулармен ерекшеленді.
Біздің 2 «Б» сынып оқушысы Қаржаубаева Дильназ осы жаттыуларды еркін жасайды.
1-жүргізуші: Ортада мектебіміздің шыңында биіктен көрініп мақтанышы болған 4«А» сынып оқушысы Исаев Тілестің орындауында “Шоқ қыздар” әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: 2 сынып оқушысы Алмағамбет Асылбек Шығыс күресіне жататын Таэквандо спорт түріне қатысып жарыстарда 1-ші орын иеленген. Асылбекке Қазақ туын көкке желбірет демекпіз.
І-ші, ІІ-ші орындарды иеленіп, Жұмажан Айдос талай жеңістерді бағындырады деп есептейміз.
- жүргізуші: Каратэ «Кекушенкай» деп аталатын спорт сессиясына қатысып, сары белбеу иеленген 3 «Б» сынып Бақыт Алимжан жігерлі, қайсар болып өсіп келеді.
- жүргізуші: 2 «А» сынып оқушысы Кенжегулов Жанарыс ән салып, бағын сынап ән жарыстарына қатысып, биылғы жылықаламыз патриоттық әндер байқауында ІІ-ші орынға ие болған. Жанарыстың орындауында “Әрқашан күн сөнбесін” әнін тамашалаңыздар.
- жүргізуші:
Еркін елдің ұл қызы,
Жарқыраған жұлдызы.
Би билейміз бәріміз,
Айдай толқын нұр жүзі.
«Үнді биін» орындайтын 2 «Ә» сынып оқушысы Рахым Каринаны қарсы алыңыздар.
- жүргізуші:
Моншақтары мойнында сыңғыр қағып,
Көз алдымда құлпырып гүл-гүл жанып.
Айдын көлдің еркесу аққулардай,
Билейді биші қыздар мың бұралып.
“Айгөлек ” биін орындайтындар “Бишілер” тобы.
1-жүргізші:
Хор 1. «Қазақстаным менің»
Әні мен сөзі Көмек Ыбырайұлы.
Хор 2. «Жаса қазақ»
Музыкасы Ескендір Қасанғалиев.
2- жүргізуші:
Білімнің қайнар бұлағы
Өнердің жарқын шырағы
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
Мектебім мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Ұлылықты ардық тұтып үнемі
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
3 «Б» сынып оқушысы Нұрхожаева Тілектестің орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар осымен, мектебіміздің 30 жылдығына арналған мерекелік концертімізде аяқтады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебінің
математика мұғалімі Кәсенова М.Н.
«Қызықты сағат»
Математикалық ойынның мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе — ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе — шегеріледі. Аукцион — сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.
Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
С Ц Е Н А Р И І
— Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
— Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
— Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
— Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
— Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
— Ойынды бастайық!!!
1 ТУР
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)
Ойлан, тап
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)
Бөлшектер
100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300.АУКЦИОН — сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН — сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)
2 ТУР
Балалар
100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
300.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
400 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)
Қызықты сұрақтар:
100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
Логика
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН — сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)
Сандар
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне
400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ? тін сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.
Сыныптан тыс шара » Бәрін білгім келді » бастауыш класс
Материал жайлы қысқаша түсінік:
бастауыш класс оқушыларына арналған шара.Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге
дағдыландыру
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Сыныптан тыс шара » Бәрін білгім келді » бастауыш класс
Сейтжанова Закия Кыдыралиевна
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы «Аққұдық орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі
28.11.2019
2392
54
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
БҚО, Бөрлі ауданы
Григорьев ЖОББМ
Информатика пәнінің мұғалімі
Есенбаева Гульнара Тойшибаевна
Мақсаты:Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс — әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту
Жабдықталуы: интерактивті тақта, тапсырмалар
І. Ұйымдастыру бөлімі.
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын» деп
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін ұйымдастырылып өткізгелі отырған информатика пәнінен «Ой мен ойын» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сапарқа сал әділдікпен шеше біл-деп, бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырайық.
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.
І. Командаларды таныстыру
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Әр оқушыны жеке таныстыру
ІІ. Команданың атын қою
Әр команданы ат қояды және капитан командалары анықталып, кім ойынды бірінші бастайтының анықтайды.
ІІІ. «Аудармасын тап «
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
10 ұпай, шәкіртім саған несібе,
(Сайыскерлерге сөздер беріледі, олар 1 минут ішінде сөздің ағылшынша аудармасын табу керек . Әр тапқан сөзге 10 ұпай)
ақпарат — information
файл — file
антивирус — antivirus
программа — program
пернетақта-keyboard
электрондық кесте — electronic table
диаграмма — diagram
интерфейс — interface
терезе — windows
компьютер — computer
желі — network
мәтін — word
кесте — table
деректер типтері -date types
модельдеу — modeling
себет — basket
ІV. «Естіп қойма»
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Жауабын анықтап берейік
Команда капитандарына құлаққап кигізіледі. Ойыншылар шапшаң барып сөзді түсіндіріп, капитандар шешімін табу керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
алгоритм
драйвер
анимация
компилятор
мұрағаттау
пиксель
операциялық жүйе
файл
интернет
графика
- «Сөзжұмбақ»
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста — деп
(Ойыншыларға сөзжұмбақ жасырылады, жауабын табу керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
1 Килобайт — 1024 байт
1 Мегабайт — 1024 Килобайт
1 Гигабайт — 1024 Мегабайт
1 Терабайт — 1024 Гигабайт
1 Петабайт — 1024 Терабайт
1Эксабайт — 1024 Пета байт
1Зеттабайт -1024 Эксабайт
VI.»Хронология»
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп
(сандар мен суреттерді сәйкестендіру. Әр дұрыс жауап 20 ұпай)
- 1 Килобайттың ішінде неше байт болады? (1024)
- Алгоритмнің неше түрі бар? (3)
- Екілік жүйенің сандары ? (0,1)
- Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды? 1946 жылы
- Көзден экранға дейінгі арақашықтық неше сантиметрден кем болмауы керек? (55-65 см)
6.1 байт неше биттен тұрады? 8
- француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты машина қай жылы шықты? (1642)
- Принтердің неше түрі бар? 3
- Компьютердің неше түрі бар? 4
- Функционалдық пернелер F1-F12
VII. «Ойлап көр» (әр дұрыс жауапқа 20 ұпай)
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына-деп
-
Иннеттер (интернет)
2. Микфонро (микрофон)
3. Канерс (сканер)
4. Ксид (диск)
5. Просорцес (процессор)
6. Ранкэ (экран)
7. Ирусв (вирус)1. Шынтақ (тышқан)
2. Терпинт (принтер)
3. Тезере (терезе)
4. Тайб (байт)
5. Кафлеш (флешка)
6. Репне (перне)
7. Қатта (тақта)
VIIІ. « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 30 ұпай беріледі.
- Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
- Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
- Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
- Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
- Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
- Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
- Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
- Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
Ендеше қалып қойған сынып ән айтады.
Әділ қазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау
«Қызықты калейдоскоп»
физикалық ойынының бағдарламасы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның слайдтары, проектор, қобдиша, физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау
Формасы: ойын сабақ
БАРЫСЫ:
Ойынның шарттары:
-
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
-
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
-
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
-
«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
-
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
-
СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
-
«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
-
«ТІЛ — ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
— Құрметті ұстаздар мен студенттер! «Өмірге өзек болған нақты ғылым» атты математика, физика апталығы аясында ұйымдастырылып отырған «Қызықты калейдоскоп» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!
Уа жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар.
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде.
Жылдам шешіп жарысып,
Сұрақ пенен есепті.
Приборларды сөйлетіп,
Жасайық тәжірибені.
Көңілді ойын жасайық,
Асықпайық, саспайық.
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық!
Ойынға 7 а,б тобынан құралған «Ойшылдар» тобы, 8 а,б тобынан құралған «Тапқырлар» тобы, 9 а,б тобынан құралған «Алғырлар» тобы қатысып отыр.
Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын – дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!
—
—
Қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
-
ТАНЫСТЫРУ
(Ойынға қатысушы үш топ өздерін таныстырады) ( 5-10 ұпай)
1-топ: «Ойшылдар» тобы
Ұраны:
Сәлемдесуі:
2-топ: «Тапқырлар» тобы
Ұраны:
Сәлемдесуі:
3-топ: «Алғырлар» тобы
Ұраны:
Сәлемдесуі:
-
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)
3 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай
-
Диффузия латын сөзі ( жайылу, таралу )
-
Электр тогы дегеніміз не? (зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)
-
Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі? (Рекс)
-
Радионың атасы? (Александр Сергеевич Попов)
-
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)
-
Ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
-
Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)
-
Физика не туралы ғылым? (табиғат)
-
Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
-
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)
-
Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)
-
Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (тебіледі)
-
Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)
-
Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)
-
Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі (Термодинамика)
III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп)
Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.
Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға — 500 теңге ұтыс беріледі.
50 теңге 10 теңге 1 теңге
Жауабы : 1 жылқы, 39 сиыр, 60 қой
— Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.
IV. «КІМ ТАПҚЫР!»
(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
Әр топ конверт таңдау арқылы бір-бірлеп физикалық атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады. Әр дұрыс жауапқа — 5 ұпай
Берілетін приборлар:
Амперметр Вольтметр Реостат
1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/
2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/
3. Реостат /кедергіні өлшейтін құрал/
V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
3 топтың ойыншысы 3 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге — 10 ұпай.
«А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы.
Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.
2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.
Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.
«Ә» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз
Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.
1. Бетін қағазбен жап.
2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.
4 .Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.
Не байқалады?
Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?
Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.
«Б» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: тарелка, су, тиын, сіріңке, қағаз.
Тапсырма: «Тарелкадағы тиынды қолды суламай қалай алуға болады?»
-
Қағазды жағып стакан ішіне саламыз.
-
Стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз.
Не байқалады? Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып,тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.
Себебі: Жану кезіндегі стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады, ішіндегі ауа қысымы атмосфералық қысымнан азаяды. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.
VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?
Жауабы: МЫСЫҚ
VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.
Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.
Сөздер: Ом-Ньютон-реостат-шама-метр-атом-тізбек-Ампер-нано-күш
Дұрыс жауабы: Ньютон-нано-Ом-масса-Ампер-реостат-тізбек-күш-шама-атом-метр
VIII. «ТІЛ — ӨНЕР»
(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.
Сұрақтар:
-
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (тоқ, ток, energy)
2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)
3. Суға салсаң батпайы,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лёд, ice)
4. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)
Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік.
Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі сұралады.
Есепті ең бірінші шешкен адамға — ұтыс беріледі.
Үш топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңе көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге
Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған мен — Берікханқызы Мөлдір — физика пәнінің мұғалімі. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Р/с |
Ойын шарттары |
Ойшылдар |
Тапқырлар |
Алғырлар |
1 |
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту); |
|||
2 |
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар); |
|||
3 |
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп); |
|||
4 |
«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру); |
|||
5 |
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау); |
|||
6 |
СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!) |
|||
7 |
«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру); |
|||
8 |
«ТІЛ — ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару) |
|||
Жалпы ұпайы |
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Р/с |
Ойын шарттары |
Ойшылдар |
Тапқырлар |
Алғырлар |
1 |
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту); |
|||
2 |
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар); |
|||
3 |
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп); |
|||
4 |
«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру); |
|||
5 |
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау); |
|||
6 |
СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!) |
|||
7 |
«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру); |
|||
8 |
«ТІЛ — ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару) |
|||
Жалпы ұпайы |
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Р/с |
Ойын шарттары |
Ойшылдар |
Тапқырлар |
Алғырлар |
1 |
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту); |
|||
2 |
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар); |
|||
3 |
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп); |
|||
4 |
«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру); |
|||
5 |
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау); |
|||
6 |
СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!) |
|||
7 |
«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру); |
|||
8 |
«ТІЛ — ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару) |
|||
Жалпы ұпайы |