Т?йме ?ыз ертегісі сценарий

Cкачать: Сценарий. "Ертегілер әлемі" 1-4 орыс кластар

Ертегілер әлемі

Мақсаты: кітаптың пайда болуы жайлы әңгімелеу, қазақ ертегілерін
көп оқуға баулу.

Дайындық: балалар ата-аналарымен бірігіп кітаптар оқиды, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар жаттайды.
Көрнекілігі: ертегі кітаптарының сөресі.
Қажетті қосымша заттар: ертегі кейіпкерлерінің заттары

(жұмыртқа, шалқан, қасқыр, түйе)

1Жүргізуші-Диана: Ертегісіз басқаның керегі
не,

                    Ертегісіз дүние әдемі ме?

                    Назар аудар, ертегі
қойылымы!

                    Қош келдіңіз, ертегі
әлеміне!

2 жүргізуші-Мейрам: Қош келдіңіз, ертегі
әлеміне!

                     Ертегінің бәріне берері
мол.

                     Жамандықтан жиренер өсер
ұрпақ,

                     Жақсылықтың шарықтап
кемеріне.

Диана : Ана тілің арың бұл,

                      Ұятың боп тұр бетте.

                      Өзге тілдің бәрін біл,

                      Өз тіліңді құрметте!

Мейрам : Білмегенді айыптар,

                     Бүгінгі кеш айрықша.

                     Өзге ұлттың баласы

                     Сөйлейді тек қазақша.

Диана : Қымбатты
балалар! Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін өте қуаныштымыз. Сіздер бұл
мерекеге көптен бері дайындалып ұстаздарыңмен бірігіп ертегілер оқып дайындық
жасадыңыздар.
Мейрам :Ғажайып ертегілер әлемінде жақсылық әрқашанда
зұлымдықты
жоятынына көз жеткіздіңдер. Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Назарларыңызға достарымыз ертегіден қойылым көрсетеді. Ендеше достардың өнерін
тамашалайық.

Диана :Кіп
кішкентай балапан,

                      Алға қанат ұмтылған.

                 Көрсетем деп өнерін,

                Жақсы іске талпынған.

1-класс оқушыларының орындауында «Шалқан»
ертегісі.

1-класс оқушысы:
Ақпыз, қара, сарымыз,

                                  Ағайынбыз
бәріміз.

                                 Бақытты елде
туған соң,

                                 Шырқалады
әніміз.

Мейрам : 2 класс
оқушыларының орындауында  «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Диана:  Үйретеді
еңбекке
Үйретеді білімге
Үйретеді әуенге
Таза болып жүруге
Бір-бірімен сыйласып
Татумыз біз бәріміз
Бал достықтың ұясы
Біздің айтар әніміз.

Ән: «Әрқашан күн
сөнбесін»

Мейрам : Диана,
сен осы «Жеті лақ» ертегісін оқыдың ба?

Диана : Әрине
оқыдым. Ол ертегіде қасқырдың мейірімсіздігі туралы айтылған.

Мейрам : Олай
болса,  3-класс  оқушылары «Жеті лақ» ертегісін көпшілікке ұсынады. Бірге
тамашалайық.

Диана : ән «Қошақаным»

Мейрам : Кезек 4- класс оқушыларының орындауындағы «Жыл басына таласқан
хайуанаттар» ертегісіне келді. Қарсы алыңыздар
 Мұғалім:Қымбатты бүлдіршіндер! Қазір сендер өздеріңнің қаншалықты
кітапқұмар екендіктеріңді көрсетуге тиістісіңдер. Ол үшін оқушылармен бірнеше
жұмыс жүргіземіз. Жауап берген оқушы әрине, сыәлық алады.
1-ші кезең: «Кейіпкерлермен сырласайық» деп аталады.. Бүгінгі
көрсетілген
ертегіден үзінділер оқылады. Оқушылар бұл қай ертегіден
оқылған үзінді
екенін тауып, ертегінің атын атаулары керек.

1. Жіңішкертіп дауысын,

Алдап соққан лақтарды.

Алданған көп бауырын,

Пештегі лақ құтқарды. Бұл қай ертегі? (Жеті
лақ)

2. Еңбегі ол атайдың

Ала жаздай баптаған.

Көмекке бәрін шақырып,

Жерден оны шаққа алған. ( шалқан)

3. Құйрығынан айрылып,

Қатық іздеп мол кеткен.

Қас жауы оның құтқарып,

Мақсатына ол жеткен. ( Мақта қыз бен
мысықтағы мысық және тышқан)

4.  Мен болам деп – жыл басы,

Бар жануар таласты.

Өркешке мінген хайуан,

Көрді күнді алғашқы. ( тышқан)

Жүргізуші :Өте
жақсы. Сендердің ертегілерді қызығып, ықыласпен тыңдағандарың шынымен-ақ
көрініп тұр.
Ойынымыздың екінші кезеңі: «Мен қай ертегіденмін» деп аталады.
Кітапханашы:. Кәнеки, балақайлар, енді біз осы ертегілердің мына
қаптан шыққан  өз заттарын өздеріне қайтарып беруге көмектесейік. (қаптың
ішінде шалқан, жұмыртқа, қасқыр, түйе суреттері болады)
               1.шалқан

2. Жұмыртқа — Мақта қыз бен
мысық

3. қасқыр

4. түйе
Мұғалім: Саяхат – ойынымыздың 3 кезеңі «Ой-өрісті сергітейік» деп
аталады. Мына сұрақтардың жауабын дұрыс тапқан балаға сыйлықберіледі.
1. Шалқанды не себепті атай суыра алмады?
Жауабы: ол үлкен
2. «Мақта қыз бен мысық ертегісінде» мысық неліктен құйрығынан айрылды?
Жауабы: ол уақытында келмеді
3. «Жеті лақ » ертегісіндегі мейірімсіз аңды тап.Жауабы: қасқыр
4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мысыққа кім көмектесті? Жауабы: Тышқан
5. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінде тапқырлық көрсеткен
хайуанат?
Жауабы: тышқан
Саяхат-ойынымыздың қортындысын жариялау.
Жүргізушілер: 4 клас оқушыларының орындауында ән «»
Қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

Үйшік
(орыс халық ертегісі)

Мақсаты:
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, көшбасшылық
қасиеттерін дағдыландыру

Кейіпкерлер:
Сиқыршы – Қамзолда Даяна                      Тышқан – Ермырза Әрсен

                          
Қоян- Сағынбек Айни                               Түлкі- Адилбекова Камола

                      
    Қасқыр- Воскрисенский Артем               Аю- Тышқанбаев Руслан

Сахнаны безендіру
құралдары: үйшік, жасанды көк шөп, гүлдер,ағаштар, шыршалар.


Қойылымда әр
кейіпкер ахнаға музыкалық сүйемелдеуімен шығады.

Сиқыршы:
Сәлеметсіңдер ме , балалар! Қалдарың қалай?

Мен Сиқыршымын!
Сендерге бүгін, жақсы ертегі дайындап келдім. Ұл ертегінің аты «Үйшік».
Сонымен, тыңдаймыз.

Ерте,ерте, ертеде
бір жасыл орманда , әдемі бір үйшік болыпты. Бір күні сол үйшікті бір кішкентай
тышқан тауып алыпты.

Тышқан: Қандай
әдемі үйшік? Бұл үйшікте кім тұрады? Ешкім жоқ, онда мен тұрамын.

Қоян: Қандай әдемі
үйшік? Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан : Мен –
тышқан. Сен кімсің?

Қоян: Мен- қоян.

Тышқан: Кел бірге
тұрайық!

Қоян : Алақай!

Түлкі: Қандай
әдемі үйшік? Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан : Мен –
тышқан.

Қоян: Мен- қоян.
Сен кімсің?

Түлкі: Мен-
түлкімін.

Тышқан мен қоян: Кел
бірге тұрайық!

Түлкі: Рахмет!

Қасқыр: Қандай
әдемі үйшік? Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан : Мен –
тышқан.

Қоян: Мен- қоян.

Түлкі: Мен-
түлкімін. Сен кімсің?

Қасқыр: Мен-
Қасқырмын.

Тышқан, түлкі мен
қоян: Кел бірге тұрайық!

Қасқыр: Жарайды.

Аю: Қандай әдемі
үйшік? Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан : Мен –
тышқан.

Қоян: Мен- қоян.

Түлкі: Мен-
түлкімін.

Қасқыр: Мен-
Қасқырмын. Сен кімсің?

Аю: Мен- Аюмын

Тышқан, түлкі мен
қоян,қасқыр: Кел бірге тұрайық!

Аю: Рахмет!

Сиқыршы: Осылай,
барлық аңдар тату-тәтті бір үйшікте тұрыпты. Осымен ертегіміз бітті.

Ертегінің аяғында
аңдар өздерінің қойылымдары бойынша балаларға сұрақтар қойып,силықтарын
таратады.

Тышқан: ертегіде
қанша аңдар қатысты және қандай?

Аю: бұл ертегі қай
халықтың ертегісі?

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские сказки


Ертегі: Түймеқыз – Дюймовочка

загрузка…

Түймеқыз – Дюймовочка

Ертеде бір жалғыз басты әйел өмір сүріпті. Оның баласы болмапты. Бірде ол сиқыршы кемпірге барып:

– Өмір бойы бір балаға зар болумен келемін. Көмектесе аласың ба? Бала ны қайдан алуға болады? – дейді ауыр күрсініп.

– Иә, сенің қайғың ауыр екен. Жарайды, мен саған көмектесейін. Міне, мынау арпаның дәні. Бұл жай арпа емес, «егістікке себетін немесе тауықтарға шашатын арпа» деп ойлап қалма. Осы дәнді үйіңе апарып, гүл өсіретін тостаққа сал да, топыраққа көміп таста. Кейін не болатынын өз көзіңмен көресің, –дейді кемпір.

– Рақмет саған! – дейді де, әйел кемпірдің қолына ақша ұстатып, үйіне қайтады.Үйіне жеткен бойда сиқыршы кемпір айтқандай дәнді топыраққа отырғызып, су құяды. Сол сәтте одан әдемі гүл өсіп шығады. Гүл қызғалдаққа ұқсайды, бірақ күлтелерін әлі ашпаған болатын.Түймеқыз – Қандай ғажап! – деп әйел қатты қуанады. Қайран қалған әйел гүлдің сары араласқан қызыл күлтелерін сүйе бастайды. Сол кезде бірдеңе тырс еткендей болады да, күлтелер ашылады. Қараса, нағыз қызғалдақтың өзі! Ал гүлдің тостағаншасында кішкен тай қыз отырады. Оның үлкендігі түймедей ғана екен. Сондықтан қызды Түймеқыз деп атап кетеді.

Әйел түйе жаңғағының қабығын тазартып, жалтыратып бояп, оны қызға бесік етеді, содан соң жеңіл құс қауырсынынан жастық және раушан гүлдің күлтесінен жамылғыш жасайды. Содан кішкентай қыз түнде бесігінде ұйықтап, күндіз үстел үстінде ойнайтын болды. Әйел үстел үстіне су құйылған табақ қойып, табақтың жиегін айналдыра сабақтары суға бататындай етіп гүлдерді қойып шығатын. Судың бетіне қызғалдақтың күлтесін тастайтын. Түймеқыз соған отырып алып, таб ақт ың бір шетінен екінші шетіне жүзіп жүретін. Ескектің орнына жылқының аппақ қылдарын қолданатын. Бұл адам айтқысыз ғажап көрініс еді! Тағы бір тамашасы, ол ешкімде жоқ нәзік, әдемі дауысымен ән айтатын. Бір күні түн ішінде ашық тұрған терезеден үп-үлкен ұсқынсыз бір құрбақа кіріп кетеді. Ол бесігінде рақаттанып ұйықтап жатқан Түймеқыздың дәл қасына топ ете түседі.

– Міне, менің ұлыма әйел болуға нағыз лайық қыз! – деп бақ етеді де, қызды бесігімен қоса қолтығына қысып алып, терезеден баққа секіріп түседі.

Бақта үлкен өзен ағатын. Жағалаулары таяз, батпақты болатын. Сол жерде құрбақа ұлымен бірге тұратын.

Ұлы сондай көріксіз әрі жиіркенішті еді! Аумаған шешесі! Жаңғақ қабығында жатқан әдемі қызды көргендегі бар айтқаны – «қоақ, қоақ, брррқ, брррқ!»

– Тыныш! Әйтпесе, оянып кетеді, – деп кәрі бақа ұлын тыныштандырды. – Ол аққудың мамығынан да жеңіл емес пе?! Біз оны өзеннің ортасына, тұңғиықтың* жапырағына отырғызып қоямыз. Ол кішкентай қыз ға үлкен аралдай боп көрінеді. Сөйтіп, ешқайда қашып кете алмайды. Ал біз сол аралықта екеуің тұруға болатындай ыңғайлы ұя жасап үлгереміз.Түймеқыз таңертең ерте оянып, жан-жағына қарайды да, жылап жібереді. Қайда қараса да, қаптаған су, маңайда судан басқа ештеңе жоқ, өзеннің жағасы өте алыстан көзге әрең көрінеді.

Бір уақытта кәрі бақа мен оның жексұрын ұлы Түймеқыз отырған жапыраққа жүзіп келеді. Олар қыздың әдемі төсегін күні бұрын алып кетіп, жас жұбайлардың ұясын дайындамақшы. Жапыраққа жақындаған да кәрі бақа су ішінде тізесін бүгіп, Түймеқызға:

– Міне, мынау менің ұлым! Ол – сенің болашақ күйеуің! Екеуің бақытты боласыңдар! – дейді.
– Қоақ, қоақ, брррқ, брррқ! – деп бақылдайды болашақ күйеу өзінің жағымсыз дауысымен.

Бақалар кішкене кереуетті алады да, келген жақтарына қарай жүзіп кете барады. Түймеқыз жылап жібереді. Ол мынадай қорқынышты, ұс қынсыз жәндіктердің арасында қалай өмір сүрмек! Ал мұның бәрін жапырақтың астында жүзіп жүрген құйттай балықтар естіген болатын. Олар кеткен соң әлгі балықтар қызды көрмек болып, бастарын судан қылтитып шығарады. Түймеқызды көрген бойда осындай әп-әдемі қыздың сүйкімсіз бақамен қалай өмір сүретінін ойлап, жандары ашиды.

«Бұған жол беруге болмайды!» деген шешімге келген балықтар Түйме қыз тұрған жапырақтың жасыл сабағын жабылып тістелей бастайды. Бір кезде сабақ үзіледі де, жапырақ ағыспен жүзе жөнеледі. Жапырақ тоқтамастан жүзе береді. Түймеқызды көрген құстар «Қандай құйтақандай әдемі қыз!» деп таңдайларын тақылдатады. Ақыры, ол өте алыс әрі жат өлкеге тап болады. Бір мезгілде, қайдан пайда болғаны белгісіз, бір ақ көбелек айнала ұшып, ақыры, жапыраққа қонады. Түймедей қыз оған ұнап қалған сияқты! Бұл кезде Түймеқыздың да көңілі жадыраңқы еді. Өйткені бақалар қанша қуса да енді жете алмайды және мына жер өте әдемі, су күнге шағылысып, алтын бақырдай жалтырайды. Түймеқыз көйлегінің белбеуін шешіп алады да, бір ұшын көбелекке лақтырып, бір ұшын жапыраққа байлайды. Жапырақ одан сайын жылдам заулайды. Осы кезде сол маңда зауза қоңыз ұшып бара жатқан болатын. Ол өзі кішкентай, өзі сүйкімді қызды көріп қалып, оған қатты қызығады. Дереу аяқтарымен қыздың белінен ұстап алып, көтере жөнеледі де, бір ағаштың ең үлкен жапырағына қонады. Оның қандай сұлу екенін айтып, тәтті гүл шырынын сыйлайды. Сәлден соң сол ағашта тұратын басқа да зауза қоңыздар ұшып келе бастайды. Олар Түймеқызды бастан-аяқ сүзе қарап, мұрттарын жыбырлата жан-жақтан сөйлей бастайды:

– Ой, қараңдар, оның аяғы екеу-ақ екен!
– Мәссаған! Мынада мұрт жоқ қой!
– Белі қандай жіңішке! Түу, өзі адамға ұқсайды! Қандай сүйкімсіз!
Тұқымдастарының сөзін аузы ашыла тыңдаған зауза қоңыз, ақыры, айнып қалады. Ол дереу қызды босатып жібермек болады. Қай да барса, өзі білсін деп, жерге дейін жеткізіп, түймедақ гүлінің тостағ анына отырғызады да, алды-артына қарамай тайып отырады. Түймеқыз жат өлкеге тап болғанына өкініп, жылап жібереді. Түймеқыз жаз бойы ну орманда жалғыздан-жалғыз күн кешеді. Шөпт ерден өзіне керемет кереует тоқып алады. Оны жаңбыр тим есін деп, түйежапы рақ тың астына іліп қояды. Гүл дер дің тәтті то заң дары мен қорек теніп, таңертең жа пырақ тарда тұнып тұра тын шықтар мен сусындайды.

Осылайша жаз өтті, оның артынан күз өтті. Ұзақ та ызғарлы қыс таянды. Түрлі әуенге салып, құйқ ылжыта сайрайтын, сонысымен Түйм еқ ыздың көңілін аулайтын құстардың барлығы да жылы жақтарға ұшып кетті. Гүлдер солып, шөптер қурады. Ал өзі паналап жүрген түйежапырақ сарғайып, кеуіп, ақыры, үгітіліп қалады. Үстіндегі көйлегінің де жұлым-жұлымы шықты. Байғұс қыз суықтан тоңа бастайды.

Бір күні Түймеқыз орманнан шығып, егістікке тап болады.
Бидайдың бастары жиналып болыпты, тек сабандары ғана қалған екен. Түймеқыз солардың арасымен келе жатты. Ызғар барған сайын күшейіп, өңменінен өтіп барады. Әйтеуір, бір уақытта аузы құрғақ шөпшаламмен көлегейленген інге кезігеді. Мұнда дала тышқаны тұратын. Оның бөлмелері, ас үйімен қоймасы астыққа толы, өзі аштық пен суықтың не екенін білмей, нағыз рақат өмір кешіп жатқан. Байғұс қыз қайыршылардай табалдырықта тұрып, бір түйір дән сұрайды – нәр татпағалы екінші күн!
– Әй, байғұс қызым-ай! – дейді кәрі тышқан.
– Келе ғой, кір үйге, жылынып, менімен бірге тамақтанып ал.

Дала тышқанына Түймеқыздың ұнағаны сондай, ол:
– Осында қал, қысты менің жылы інімде өткіз. Бірақ бір шартым бар: менің бөлмелерімді жақсылап жинап, күнде ертегі айтып беріп отырасың, – дейді.Түймеқыз бұған қуана келіседі. Ол қайырымды тышқан апайының айтқандарын бұлжытпай орындады. Екеуі тату-тәтті, жап-жақсы тұрып жатты. Бір күні тышқан апайы:

– Анда-санда маған көршім келіп-кетіп жүреді. Сол жақында бізге қонаққа келмекші. Ол менен де жақсы тұрады. Үйі кең, үстіндегі тоны қап-қара барқыттан тігілген. Егер сен соған тұрмысқа шықсаң, тамаша болар еді, уайым-қайғысыз, жоқшылық көрмей өмір сүрер едің. Бар айыбы, көзі соқыр. Ол да ертегіні ұнатады, – дейді.

Алайда оған Түймеқыздың тіпті де тұрмысқа шыққысы келмейді, өйткені ол көртышқан болатын. Көп күттірмей-ақ қара барқыт тонын киіп, көртышқанның өзі де келді.

– Өзі сондай байсалды, оқымысты әрі бай, – деп таныстыра бастады дала тышқаны. – Оның үйіменікінен жиырма есе үлкен. Ол күнді де, гүлдерді де жек көреді, өйткені оларды ешқашан көрген емес.

Әңгіме арасында тышқан апайы Түймеқызға «ән айтып бер» деп бұйырады. Қыз екі ән рындайды. Әсем де нәзік үні баурап, көртышқан оған бірден ғашық боп қалады. Алайда ол туралы тіс армайды. Жасы ұлғайып, ой тоқтатқан жігіт емес пе! шқан өзінің үйі мен дала тышқан ының үйінің арасын қазып қосып, ұзын дәліз жасап қояды. Көрші тышқан мен Түймеқызға «Қалаған уақыттарыңда қыдыруларыңа болады» деп рұқ сат етеді. Және дәліздің түкпірінде бір құстың өліп жатқанын айтып, «қорықпаңдар» деп ескертеді. Көртышқан жерден шіріген сүйектің сынығын тауып алып, аузына тістейді де, қараңғы дәлізге жарық түсіріп, алға түседі. Екеуі оның соңынан жүріп отырады. Дәліздің ең түбіне жеткенде, көртышқан төбені тұмсығымен түрткілеп теседі. Сол кезде айнала жап-жарық боп кетеді. Түймеқыз өліп жатқан құстың қарлығаш екенін аңғарады: әдемі қанаттарымен денесін жауып алыпты, басы мен сирақтарын созып жіберіпті. Шамасы, суықтан үсіп өлген тәрізді. Түймеқыз оны аяп кетеді. Жаз бойы өзін әндерімен жұбатқан құстарды ол қатты жақсы көретін. Көртышқан мен тышқан апайы теріс айналып кеткен сәтті пайдаланып, Түймеқыз еңкейіп, қарлығаштың қауырсындарын ашып, жұмулы көздерінен сүйіп алады. «Мүмкін, бұл жаз бойы маған ән салған қарлығаштың дәл өзі шығар» деп ойлайды қыз.

Сол күні түнімен Түймеқыз көз ілмейді. Ақыры, орнынан тұрып, шөп-шаламнан үлкен жамылғы тоқый ды. Сонан соң дәлізге шығып, оны қарлығаш тың үс тіне апарып жабады. Артынан тышқанның үйінен гүлдердің жұп-жұмсақ, жып-жылы тозаңдықтарын тауып алып, оларды да әкеліп суық кірмейтіндей етіп, қарлығаштың жан-жағына үйіп тастады.

Бір кезде басын құстың кеудесіне қойып еді, «дік-дік» деп, жүрегінің соққан дүрсілін естіп, денесі дір етті. Қандай ғажап! Қарлығаш тірі екен!

Түймеқыз қанша қорықса да, бойын жинап алды. Жапырақтар тауып әкеліп, құсты тағы да ылылап қымтай бастады. Сонан соң гүлдің тостағаншасымен су әкеліп, аузына тамызады. Қарлы ғаш тың бойы жылынып, аздап өз-өзіне келген соң, қызға басынан кешкен жайды түгел баяндап береді. Сөйтсе, ол қанатын бұтаға жарақаттап алып, басқа жолдастарымен бірге жылы жаққа ұша алмай қалыпты. Суық түскен кезде қатты тоңып, ақыры жерге құлап түсіпті, одан кейін не болғанын, мұнда қалай келгенін білмейді.

Осылайша, қарлығаш қыстың ұзақ та суық күндерін жер астында өткізеді. Ал Түймеқыз оның әбден жазылып кетуіне көмектеседі, барынша күтіп, бағады. Көктем келіп, күн жылынған кезде қарлығаш жарыққа, жер үстіне шықпақ болады. Қоштаспас бұрын қызды жасыл орманға өзімен бірге ала кете тінін айтып, бірге жүруін өтінеді. Бірақ қыз тышқан апайының ренжитінін біліп, алғыз қалдырғысы келмейді.

Қарлығаш:
– Аман бол! Сен өте мейірімді қызсың! – деп алғысын білдіреді де, іннен шығып, ұшып кетеді.
Түймеқыз көздері мөлдіреп, құстың соңынан қолын бұлғап қала береді.Бір күні тышқан апайы:

– Көршім саған құда түсті. Сен енді қалыңдықсың! Көрдің бе, қандай бақыттысың! Енді жасауабдығыңды дайындауымыз керек! – дейді.
Осы күннен бастап Түймеқыз күні бойы тоқумен айналысты. Тышқан апайы тағы да төрт тоқымашыөрмекшіні жалдады. Олар күні-түні тынымсыз жұмыс істеді. Көртышқан да әр кеш сайын тышқанның үйінен шықпайтын болды. Ол өз сөзінің бірінде тойды жаздың аяғында өткізбекші екенін айтады.

Ақыры, жаз өтіп, той болатын күн де жетті. Көртышқанның терең үңгіріне кірген соң, енді қайтып жарық сәулені, күннің нұрлы жүзін көрмейтінін ойлап, Түймеқыз жарық әлеммен соңғы рет қоштасуға рұқсат сұрайды. Түймеқыз іннің аузында тұрып, қолын көкке созып:

– Қош бол, жарық күн! – дейді.
Аздан соң ол егістікке шығады. Егінді жинап болыпты, тек сабандары ғана қалыпты. Солардың арасында кездейсоқ аман қалған әдемі гүлді көріп, иіскеп, оған да:
– Сенде қош бол! Менің қарлығашымды көрсең, оған менің сәлемімді жеткізгейсің, – дейді.

Осы кезде дәл төбеден шиқылдаған дыбыс естіледі. Түймеқыз басын көтеріп, жоғары қараса, қарлығаш ұшып барады екен. Ол қызды танып қуанып, қасына ұшып келеді. Түймеқыз да көзінің жасын көлдетіп оты рып, өзінің басындағы қайғысын, көртышқанның бұған үйленгелі жатқа нын, оның күн түспейтін қап-қараңғы көрінде өмір сүргісі келмей тінін айтып береді.

– Аз уақыттан соң қыс түседі. Мен өте алысқа, жылы жаққа ұшқалы дайындалып жатырмын. Ол өңірлерде үнемі жаз болып тұрады, күн мұндағыдан да жарық әрі ыстық, хош иісті тамаша гүлдер өседі. Қаласаң, менімен бірге жүр! – дейді қарлығаш.

– Әрине, мен сенімен бірге ұшқым келеді!
Түймеқыз құстың арқасына отырып, құлап кетпес үшін өзін белбеуімен ең жуан қауырсынға байлап тастайды. Қарл ығ аш биікке көтеріліп, орман, таулардың үстімен заулай ұшады. Ұшқаннан ұшып отырып, олар жылы өлкелерг е жетеді. Шынымен де, мұнда күн анағұрлым жарық, аспан екі есе биік көрінді. Көгілдір көлдің жағасында аппақ мәрмәрдан соғылған ескі сарай тұр. Сол сарайдың шатырының астында қарлығаш тар ұя салады екен. Ұялардың бірі Түймеқызды алып келген қарлығаштікі болып шықты.
– Міне, менің үйім! Ал сен төмендегі гүлдердің ішінен ең әдемісін таңда.

Мен сені соған апарып тастаймын, соны өзіңе үй етесің. Саған бұл жер ұнауы тиіс! – дейді қарлығаш.

– Ой, қандай керемет! – деп, Түймеқыз қолын шапалақтап, мәз болады.Қарлығаш Түймеқызды әдемі бір гүлдің күлтесіне отырғызады. О, ғажап! Гүлдің тостағында Түймеқыз сияқты кіпішкентай адам отыр. Өзі хрусталь тәрізді мөп-мөлдір. Басында жалт-жұлт еткен әдемі алтын тәж, арқасында екі қанаты жарқырайды. Бұл патша ұлы – Эльф еді.

– Қандай әдемі! – деп сыбырлады Түймеқыз қарлығашқа.
Эльф те қызды көрген бойда аңтарылып қалды. Мұндай сұлу қызды осыған дейін еш уақытта көрмеген! Ол басындағы тәжді алды да, қыздың басына кигізді. Сонан соң: «Маған тұрмысқа шығып, гүлдердің патшайымы болғың келе ме?» – деп сұрайды.

Міне, бұл жігіт нағыз күйеу болуға лайық! Сондықтан Түймеқыз оған келісімін береді. Тойда жас жұбайларға сыйлық көп келді. Солардың ішінен Түймеқызға, әсіресе шегірткенің жылтыр қанаттары ұнады. Оны Түймеқыз арқасына тағып алып, гүлден гүлге енді өзі де ұша алатын болды. Ғажап емес пе! Қандай қуаныш! Қарлығаш биікте өз ұясында отырған. Жас жұбайлар одан ән айтып беруді өтінді. Қарлығаш барын сала сайрады. Бірақ үнінен мұңды әуез сезілді. Өйткені ол да Түймеқызды жақсы көретін, одан айырылғаны жүрегіне қатты батты.

Источник: Ертегі сказка на казахском языке қазақша ертегісі

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Категория: Казахские сказки | Добавил: admin (20.01.2013)
W

Просмотров: 13111
| Теги: сказка на казахском языке, қазақша ертегісі, ертегі
| Рейтинг: 4.3/7

Похожие материалы

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Loading…


Ертегілер еліне саяхат

 Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Ново-Хайрузовка ауылы 
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
тәрбиеші: Наурзбаева С.Қ.

«Үйшік» ертегісін сахналау

Тақырыбы: «Үйшік»  орыс халық ертегісі.
Мақсаты: Балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік үйі, кейіпкерлер.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан тоқтап: Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тәрбиеші: Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: —  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: —  Мен бақылдауық бақамын.
— Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: — Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: — Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: —  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: — Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: —  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.
Түлкі: — Сүп-сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: —  Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі: — Мен қу түлкімін.
Үшеуі: —  Кел, бірге  тұрайық.
Тәрбиеші: —  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен: 
Қасқыр: Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: —  Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі: —  Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп, бар даусымен:
Аю: Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Тышқан: -Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: — Мен қу түлкімін!
Қасқыр: — Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  — Мен қорбаңбай аюмын!   
Бәрі: — Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: — Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
Аю:-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бәрі: — Жоқ, қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Аю: — Қорықпаңдар түкте болмайды.
Тәрбиеші: —  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп ,  жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп – әдемі, жаңа үйшік тұрғызып алады.
Күтілетін нәтиже.
Нені білу керек: «Үйшік» ертегісінің мазмұнын түсінді
Нені білді: жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

Саба?: К?ркем  ?дебиет

Та?ырыбы: Ертегі  еліне   саяхат.?уырша? театры  « Ма?та  ?ыз бен  мысы?» ертегісі  бойынша.

 Ма?саты:Ертегі  еліне   саяхат жасай  отырып, білетін  ертегілерін д?рыс  атау?а  жатты?тыру.Балаларды  ертегіні? мазм?нын  т?сіне  отырып, ертегі  бойынша   берілген  р?лдерді сомдай   білуге  ?йрету. Балаларды?  шы?армашылы? ?абілеттерін  дамыту.Ертегі  мазм?ны  ар?ылы  адал  досты??а  т?рбиелеу.

?олданатын  к?рнекілік:ертегі  бойынша  ?уырша?тар, ертегілер  суреттері.

?діс-т?сілдер:саяхат,сахналау,ойын,к?рнекілік,с?ра?-жауап.

?рекетті? кезе?дері

Т?рбиешіні? ?рекеті

Балаларды? ?рекеті

?йымдастырушылы? кезе?і

І.?йымдастыру кезе?і.

  Шатты? ше?бері:

 Кел,  балалар,  к?лейік,

К?лкіменен т?лейік

?аба?  т?йген не керек,

К??ілді болып  ж?рейік.

Балалар бізді?  б?гінгі  саба?ымыз  ерекше, ертегілер  еліне  саяхат?а  барамыз, ол ?шін барлы?ымыз  атымызды ерттеп,  мініп жол?а  шы?айы?.

(Балалар,   ?и-мыл іс-?рекетпен  орындайды)

Балалар ат?а  мініп,  жол?а  шы?ады.

?йым дастыру-ізде?гіш кезе?

Дидактикалы?  ойын: «Ертегілерге  саяхат»  ойын ала?ына  келдік.

Ойын  шарты: суретте к?рсетілген ертегіні? атын тауып, ертегі  эпизодын  айту.

Т?рбиеші суреттер  к?рсетеді, суреттегі  эпизодтты  с?райды.

Енді  ары  ?арай барлы?ымыз  ат?а  мініп саяхатымызды  жал?астырамыз.

?уырша? театрына келдік,енді« Ма?та  ?ыз бен  мысы?» ертегісін тамашалаймыз.

Ж?ргізуші: Андраш  Балн?р

Ма?та ?ыз: Умиртаева  Шырын

Мысы?: Нуртазин Д?улет

Сиыр: Серік?ан  Ислам

А?аш:Хизирхан?лы  Аслан

?ыздар: ?урлус Зарина,Т?рсын?али  Ш??ыла

Сатушы: Мусин Жанс?лтан

Тауы?: Ержан?лы  ?ли

Тыш?ан: Есенбаев  Ислам

Балалар  берілген  р?лдер  бойынша ертегіні  сахналайды.

Балалар суретте к?рсетілген ертегіні? атын табады ж?не с?ра?тар?а  жауап  береді.

Ертегіні  р?лдерге  б?ліп,  сахналайды.

Рефлексиялы кезе?

Енді ?айтадан  шауып,мектепке  келеміз де атымызды  до?арып, орнымыз?а  отырамыз.

 -Б?гінгі саба? сендерге ?нады ма?

 –Неліктен?

-Балалар, б?л саба?тан біз не ?йреніп,білдік?

?орытындылау,ба?алау.

С?ра?тар?а жауап береді.

Просмотр содержимого документа

«Саба?: К?ркем ?дебиет Та?ырыбы: Ертегі еліне саяхат.?уырша? театры « Ма?та ?ыз бен мысы?» ертегісі бойынша. »

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде . «Бауырсақ» ертегісі

Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. 
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. 
Технологиясы: «Тәй-тәй» технологиясы
Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі. 
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар. 
Сәлем, сәлем, басым!
Сәлем, сәлем, көзім!
Сәлем, сәлем, бетім!
Сәлем, сәлем, тісім!
Сәлем, сәлем, балалар!
Сәлем, сәлем, апайлар!
Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады. 
—         жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету) 
—         қиял-ғажайып ертегілер 
—         шыншыл ертегілер 
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз. 
Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. 
— Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. 
— Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане, қандай ертегілер естеріңде қалды? (Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.) 
Балалар, ертегі не жайында? 
— Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен. 
Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді). 
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы: 
Тәрбиеші: 
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.  
Тәрбиеші
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып: 
Шал 
—         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір 
—    Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 
Шал 
—         Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. 
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда. 
Тәрбиеші
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:   
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қоян 
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік. 
 Қоянның тапсырмасы: 
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан) 
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.) 
 Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп: 
Қасқыр 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Тәрбиеші
Бауырсақ әндете жөнеледі 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған 
Қасқыр 
—    жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында. 
Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып  алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік. 
1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам. 
Тәрбиеші
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.   
Аю 
—         Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған! 
Аю 
  Аю: Әй, балалар, балалар! 
        Менде қызық ойын бар, 
        Ал ықылас қойындар 
        Кәне, тәртіп сақтайық, 
        Мен берген тапсырманы, 
        Бұлжытпай орындайық. 
Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері. 
Тәрбиеші
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 
Түлкі 
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! 
Тәрбиеші
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді. 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған!   
Түлкі 
—    Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында 
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер. 
     1.  Қыста ақ, 
          Жазда сүр. 
                     (қоян) 
  2.Қорбаң- қорбаң етеді, 
Орманда ол жүреді (аю) 
  3.Орманда тұрады, өзі бір қу, 
Жүрген жері айқай-шу. 
                          (түлкі). 
  Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді. 
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді. 
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді. 
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді. 
Тәрбиеші
Әже келе жатқан Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесіне арнап 21 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты. 
Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, (отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).    
Қорытындылау: 
— Балалар ертегі сендерге ұнады ма? 
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық. 
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.) 
— Өте жақсы! 
— Ал, түлкі ше? 
-Түлкі қу, айлакер. 
Жағымды-Жағымсыз 
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан) 
-Ұн неден алынады? (Бидайдан) 
 Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай? 
Бауырсақ: Сары. 
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай? 
Бауырсақ:  Домалақ, шеңбер. 
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері. 

Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауада өткізіледі.Сондықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.

Жағымды көңіл-күй мен қолайлы орта туғыза отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Жұпар» балабақшасында «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілерімен «Бауырсақ» ертегісін балалабақша бүлдіршіндеріне сахналады. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдаған аю рөлінде — Бірлік Жалғас,әже рөлінде -Уадутбек Айлуна,өжет қоянның рөлінде -Әділханова Асыл,айлакер түлкінің рөлінде -Дінмұхамедқызы Анель, сұр қасқырдың рөлін сомдаған -Ерлібек Ақарыс ,тап-тәтті қылығымен көрермен көзайымына ие болған бауырсақ рөлін сомдаған — Қалдыбаева Айлана,атанын рөлінде-Жұмабек Жамбыл. Балалар ертегіні сахналау барысында өздерінің рөлдерін өте жоғары деңгейде ойнап,бүлдіршіндерге жақсы жазғы көңіл күй сыйлады.

Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 28сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

«Қызыл телпек» ертегісі.

Тәрбиеші:Кунанбаева.Р.М

Жүргізуші:Ертеде кішкентай сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйкімді немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телтек сыйлапты.Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.

Содан бері көршілері қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті.Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына.

Анасы: -Қызым, мына бәліштерді әжеңе апарып, қал жағдайын сұрап кел

Қызыл телпек: Жарайды апарып берейін.

Жүргізуші: Анасының сөзін екі етпей Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі туратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек.Қызыл телпек орманда жалғыз жүру қаншалықты қауіпті екенін білмейді.Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп асықпай жүреді.Бір кезде қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Қызыл телпек сен қайда барасын?

Қызыл телпек: -Мен әжемнің үйіне барамын.Әжеме бәліш апара жатырмын.

Қасқыр:-Әжең қайда тұрады?

Қызыл телпек: -Ол орманның жанындағы ауылдағы бірінші үйде тұрады.

Қасқыр:-Жарайды кел екеуміз жарысайық.Кім бірінші әжеңе барады екен.

Сен ана жолмен, ал мен мына жолмен барайын.

Жүргізуші: -деп қасқыр қызыл телпекке ұзақ жолды ұсынып, өзі ауылға баратын қысқа жолды таңдап алады.Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен қасқыр есікті қағады.

-Тоқ-тоқ-тоқ

Әжесі:-Бұл кім?

Қасқыр:-Әже бұл мен ғой немере қызың Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім.

Жүргізуші:Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжесі шынымен немересі келген екен деп ойлап:

Әжесі:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.

Жүргізуші: Аш қасқыр үйге кіріп әжені бас салады да, бүтіндей жұтып қояды. Содан соң есікті жауып, басына әжейдің орамалын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады.

-Тоқ-тоқ-тоқ!

Нұрәлі (қасқыр):-Бұл кім? (деп дауысын жіңішкелеп сөйлейді)

Полина (қызыл телпек): -Бұл мен Қызыл телпекпін. Мен сізге қонаққа келдім.

Қасқыр:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.

Жүргізуші: Қызыл телпек үйге кіріп, бәліштер салынған себетті үстел үстіне қойады да ,әжесінің қасына жақындап келіп:

Қызыл телпек: -Әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?

Қасқыр:-Сені қатты құшақтау үшін.

Қызыл телпек: -Әже, құлағын неге сондай үлкен?

Қасқыр:-Сені жақсы есту үшін.

Қызыл телпек: -Әже, көзің неге үлкен?

Қасқыр:-Сені жақсы көру үшін.

Қызыл телпек: -Тісің неге үлкен?

Қасқыр:-Сені тезірек жеп қою үшін.

Жүргізуші: —деп Қызыл телпекті бас салып, жұтып қоюды. Байғұс қыз айғайлап та үлгермеді, бірақ, бақытына қарай үйдің қасынан отыншылар өтіп бара жатқан еді. Отыншылар қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде төсекте қозғала алмай жатқын қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап не болғаның бірден түсініп қояды. Отыншылар қасқырды ұстап алып, қарның жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншылар қасқырдың ішін қайта тігіп қоя береді. Қызыл телпек пен әжесі отыншыларға алғысын білдіреді.

Әжесі:-Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші: -деп, ризашылықтарын айтып, отыншыларға бәліштермен шәй береді.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Считай смекай отгадывай сценарий
  • Счастливых праздников синонимы
  • Т?жік ау?ан со?ысы туралы сценарий
  • Счастливых праздников на английском
  • Т муратов праздник наурыз текст

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии