Т?лектермен кездесу кеші І б?лім
?о?ырау со?ылады
Горн
1-ж?ргізуші: Мектеп, мектеп-ашы? жар?ын к??ілім,
Мектеп, мектеп-шатты? толы ?мірім.
Мектеп, мектеп-?нім болып т?гілді?,
Мектеп, мектеп-жан анам боп к?рінді?.
2-ж?ргізуші: Добрый вечер дорогие гости,
Добрый вечер школьные друзья!
Добро пожаловать на вечер встречи
Все выпускники и учителя.
1-ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?стаздар, т?лектер ж?не ?она?тар!
А??аты жалпы орта білім беретін мектебінде жыл сайын ?тетін, д?ст?рге айнал?ан «Мектеп т?лектеріні? кездесу кешіне» ?ош келді?іздер!
2-ж?ргізуші:Добрый вечер! Уважаемые гости, дорогие учителя! Добро пожаловать на вечер встречи школьных друзей!
1-ж?ргізуші: А??аты орта мектебіні? 1975,1985,1995 ж?не 2005 жылы мектеп бітірген т?лектерін ?ошеметпен орта?а ша?ырамыз!
- Ж?ргізуші: Шай?алмасын ешкімні? ша?ыра?ы,
Ба?ыт к?рсін Отанны? сан ?ланы.
Енді а?айын, к?гінде ?алы?тасын,
?аза?ымны? ?астерлі — ?н?раны!
?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік ?н?раны орындалсын.
- Ж?ргізуші: Б?гінгі к?нге жете алма?ан, арамыздан ?ткен ?стаздарымыз бен а?а-апаларымызды 1 минут ?нсіздікпен еске алайы?!
- Ж?ргізуші:Б?гінгі кездесу – ?мірден ?з орындарын тауып, ?р т?рлі маманды? иеленген, елімізді? ?міріне елеулі ?лес ?осып ж?рген а?а-апаларымыз бен ?мірге енді ая? бас?алы отыр?ан жас т?лектерді? кездесу кеші.
- Ж?ргізуші: Дорогие выпускники!Несмотря на то, что много лет отделяют вас от школьной жизни, сегодня у вас есть возможность мысленно перенестись в детство и юность, почувствовать как это чудесно, почувствовать вновь чистоту и нежность первого чувства.
- Ж?ргізуші: К?п с?йлемей, ж?н-жобадан аспайы? біз,
?н шыр?ап, к?й т?гуден ?ашпайы? біз.
Сонымен сіздер р??сат еті?іздер,
Кездесу кешімізді бастайы? біз.
- Ж?ргізуші: Слово для поздравления предоставляется директору школы: Габбасову Нурлану Ерсаиновичу.
- Ж?ргізуші: 1975 жыл?ы мектеп т?лектерінен рапорт тапсырулары?ыз с?ралады.
- Ж?ргізуші: 1985 жыл?ы мектеп т?лектерінен рапорт тапсырулары?ыз с?ралады.
- Ж?ргізуші: 1995 жыл?ы мектеп т?лектерінен рапорт тапсырулары?ыз с?ралады.
- Ж?ргізуші:2005 жыл?ы мектеп т?лектерінен рапорт тапсырулары?ыз с?ралады.
- Ж?ргізуші:Ендігі кезекте т?лектерімізге ма?тау ?а?аздарын табыс етуге р??сат еті?іздер!
- Ж?ргізуші: Сіздерді? назарлары?ыз?а ?деби- музыкалы? монтажымызды ?сынамыз.
- Ж?ргізуші: ??рметті ?она?тар! Кешімізді? салтанатты р?сімі ая?талды.Барша?ызды дастархан м?зіріне ша?ырамыз!(?о?ырау со?ылады)
№ 2 Ұзынкөл орта мектебінің түлектердің кездесу кешінің
СЦЕНАРИЙІ
Өткізілген уақыты: 06.02.2016
Өткізілу орны: акті залы
Жүргізуші 1: Кеш жарық, құрметті түлектер!
Жүргізуші 2: Айбат, сен қонақтарымызды дұрыс қарсы алып жатқан жоқсың! Қонақтармен былай амандасу керек еді: кеш жарық, біздің сүйікті, асыға күткен, көзіміз сарғайып сағынған түлектеріміз. Біз түгіл, сендерді мына мектептің қарт қабырғалары көруге қуанышты!
Жүргізуші 1: Апай, андағы сөздеріңіз маған қатысты ғой. Сонша сағынғаныңызды бұрынырақ айтсаңыз ғой, күнінде тым болды келіп жүздесіп тұрар едім.
Жүргізуші 2: Сонымен, құрметті түлектеріміз, жолдарың түсіп келіп қалған екенсіз, ендеше жайғасып отыра кетіңіз, дейік.
(сахнаға жас мұғалімдер шығады)
Осындай жалынды да шығармашыл жастар арасында жұмыс істеп жүргенде, қалай қартаярсың. Сондықтан:
Бәрі: Сәлем саған, мектебім!
Мектеп туралы ән орындалады.
Жүргізуші 1: Сахнада тұрған ұстаздардың көбі – осы мектептің түлектері, оның шаңырағында қанша уақыт оқығаның – 1 жыл ма, 2, 3, одан артық – маңызды емес. Себебі сен бәрібір осы мектептің сүйікті түлегің болып есептелесің, ал біз бәріміз – достармыз. Қане, ендеше, құрметті қонақтар – бізбен бірге «Армандастар» әнін айтуға қосылыңдар.
«Армандастар» әні
Жүргізуші 2: Дұрыс айттың жаңа, Айбат. Мектеп ол тек қана білім ордасы емес, оны өмір мектебі деп те атауға болады. Өйткені мұнда дос болуға, еліміздің шынайы азаматы болуға да үйренесіңдер. Шыныңды айтшы, сірә, алғашқы махаббатыңды да осы мектеп қабырғасында кездестірген шығарсың?
Жүргізуші 1: Оны қайдан білдіңіз, апай? Мектепте оқыған кезімде құпия болған сияқты еді ғой…
Ғашықтық туралы ән.
Жүргізуші 2: Абай атамыз айтқандай, «ғашық тілі тілсіз тіл, көзбен көр де …». Айбат, Қараша ағайдың мықты жасұлындары болсаң да, разведкаға жарамайды, екенсің. Наугад айта салып едім, бәрін тәптіштеп айтып бердің ғой. Шутка.
Жүргізуші 1: Апай, жаңағы сөздерді қазанның қақпасымен технично жауып тастайық. Оның орнына сіз болып, біз болып, қонақтармен бірге келесі көңілді әнді айтып билеуге көшейік.
«Биле, биле, достар!» әні
Жүргізуші 2: Құрметті түлектер! Айбаттың алғашқы махаббатын еске алған кезінде сендердің көздерің де елестеген алғашқы сезімдерің көрінген тәрізді болды. Бірақ мектеп ол тек қана махаббат емес, ол жылдар жайында, сірә, сендерде басқа да оқиғалар бар. Қазір Гуля мен Айгерімнің көмегімен сол алаңсыз балалық шаққа саяхат жасап ораламыз.
Сауалнама
Жүргізуші 1: Назар аударыңдар! Мұқият тыңдаңыздар! № 2 Ұзынкөл мектебі әлемдік дағдарыстан шығу бір-де-бір тиімді жолын тапқаны жайлы бүгін алғаш рет жарияланып, бұл жаңалыққа патент алуға құжаттарды ертең тапсыратын болады.
«Миллион кімге керек?» ойыны (Дархан мен Саламат)
Жүргізуші 2: Құрметті қонақтар, мектебіміздің «коронный» нөмірі. Ұмытылмас көрініс, мұны тек біздің мектепте тек сендер ғана көре аласыңдар.
Көрініс (Меруерт пен Алмаз)
Жүргізуші 1: Ал енді мектебіміздің жас маманы Саламат сендерге арнап керемет ән айтады. Баршаңызды би билеуге шақырамыз.
Би, ойындар «Мектептік эстафета», «Лимбо»
Жүргізуші 2: Құрметті түлектер! Баршаңызды ортаға шақырамыз. Жалпы би. Билейміз бәріміз!
Мұғалімдер тобы сахнаға шығады.
Жүргізуші 1: Келесі жылы қатарымыз өспесе кемімей дәл осындай кеште көруге асығамыз!
Бәрі: Қош келіңіз!
Түлектер кездесу кешінің сценарийі Домбыра 1 жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар! 2 жүргізуші: Қайда менің мектеп күндерім, Жалындаған жастық шағым, күн керім. Дуылдатып, думандатып жүретін, Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім Қайда сол бір асыл жанды достарым, Аңқылдаған, жарқылдаған от жалын, Сұнқар жігіт, аққу қыздар қайдасың, Мектепті еске аламыз жүрегімізде от жанып. 1жүргізуші: Ақын ағамыздың сөзін еске алып, түлектер кездесу кеші ашық деп жариялаймыз! 2 жүргізуші: «Парасат» мектеп-лицейінің 1-ші түлектері -2004 жылы үлкен өмір жолына шыққан. Олардың мектеп бітіруіне 10 жыл болды. 2004 жылдың түлектерін дөңгелек үстелге шақырамыз! 1-жүргізуші: 5 жыл бұрын біздің мектепті бітірген 2009 жылдың түлектерін де дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түлектер кездесу кешінің сценарийі
Домбыра
1 жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар!
2 жүргізуші:
Қайда менің мектеп күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дуылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім
Қайда сол бір асыл жанды достарым,
Аңқылдаған, жарқылдаған от жалын,
Сұнқар жігіт, аққу қыздар қайдасың,
Мектепті еске аламыз жүрегімізде от жанып.
1жүргізуші: Ақын ағамыздың сөзін еске алып, түлектер кездесу кеші ашық деп жариялаймыз!
2 жүргізуші: «Парасат» мектеп-лицейінің 1-ші түлектері -2004 жылы үлкен өмір жолына шыққан. Олардың мектеп бітіруіне 10 жыл болды. 2004 жылдың түлектерін дөңгелек үстелге шақырамыз!
1-жүргізуші: 5 жыл бұрын біздің мектепті бітірген 2009 жылдың түлектерін де дөңгелек үстелге шақырамыз!
Музыкалық номер – Мөлдір, Айнұр
2 жүргізуші: Иә, уақыт деген көз алдымыздан зымырап өтіп барады! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып кеткендей алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырған білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз бүгін Қазақстан Республикасының бірдей-бір азаматтары болды.
1 жүргізуші: Құрметті түлектер ! Бүгінгі таңда сіздердің мектеп бітіргендеріңізге биыл біреулеріңізге 5 жыл, біреулеріңізге 10 жыл толып отыр. Осы 5 — 10 жыл бұрын келешектеріңіз қандай болатынын елестеттіңіздер ме? Алдарыңызға қойған арман-мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме? Алдымен өздеріңіз туралы жеке мәлімет беріп, өздеріңіз туралы айта кетсеңіздер.
Микрофонмен кезектесіп, түлектер сөз сөйлейді.
2 жүргізуші: Сіздер улкен азамат пен азаматшаларсыздар, бірақ біз қазір балалық шақты ойымызға түсірейік! (ойын жүргізу, доп, прищепка)
1-жүргізуші:
Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен,
Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,
Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп,
Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем, деп сіздерден, құрметті түлектер, мектеп өмірін еске алуды сұраймыз.
2-жүргізуші:
Әрбір түлектің ұмытпайтын ең қызықты сәттері болады. Сондай сәттерді еске алып, айтып беріңіз.
Микрофон түлектерде
Музыкалық номер – Алмаз, флешмоб
1-жүргізуші:
Бойыма алаулатып күш-жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды, деп алғашқы және де ең сүйікті ұстаздарыңызды еске алыңыз. Әр түлектер өзінің алғашқы мұғалімін және де ең сүйікті мұғалімді атасын.
2-жүргізуші: 10 жыл бұрын мектепті бітірген түлектерге ойын. Біз сіздерге осындай тапсырма берейік. Шамшырақ пәнді айтады, ал сіз сол пән беретін мұғалімнің ойланбай аты-жөнін айтасындар. Еске алу қабілеттеріңізді тексерейік!
Алгебра — Дәметкен ХасенқызыҚазақ тілі — Жеткіншек НәбиұлыХимия – Айсулу ҚазбекқызыБиология – Ермек ЕлюбайұлыАӘД – Есілбай АбдирұлыЕңбек сабағы – Бүркітбай ағаОрыс әдебиеті – Айгүл АсқарқызыСызу – Темірхан ОмарұлыФизика – Зейнеп ТөлебайқызыГеометрия – Даметкен ХасенқызыОрыс тілі – Айгүл Асқарқызы1-жүргізуші: Бәрекелді! Еске алу қабілеттеріңіз мықты екен! 2004 жылдың түлектеріне арналған әнді тыңдайық!
Ән Алмаз
2-жүргізуші:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,Қатарыңның алды бол көшті бастарБиіктерден әрдайым көріне бер.Иесі болашақтың — сендер жастар!
2004 жылдың түлектеріне шағын тапсырма берейік. Мағжан сіздерге сұрақ қояды. Сіздер кішкене ойланып оларға жауап бересіндер.
Мектептегі оқушылардың ұнатпайтын жері?Мұғалімнің орындығындағы тосын сый?Ата-аналар мен мұғалімдердің таныстыру клубыАта-аналар қолтаңбасының альбомы?Мұғалімдермен оқушылардың тағатсыз күтетін күндері?2-ден 5дейін. Ол не?естелік, қолтаңба қалдыратын тақта, анда-санда жастық болатын жабдық 2-жүргізуші:
Жарайсыздар! Мектеп өмірін ұмытпапсыздар! Осы музыкалық нөмерлер 2009 жылдың түлектеріне арналған. Қабыл алыңыздар!
Қазақ биі
1-жүргізуші: Құрметті түлектер, алтын ұя мектептеріңді ұмытпай кездесуге келгендеріңіз үшін көп рахмет. Мектебіміздің алғашқы түлектерімен кездесу біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі ретте 15, 20,30 жылдық кездесулерде жүздесейік! Осымен біздің түлектер кездесу кеші аяқталды. Келесі көріскенше!
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата — аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Жүргізуші:
Өзіңменен өлшеулі нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Өлшеуі ар — намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыңдар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, әкелер мен аналарым.
Бүгінгі салтанатты жиынның президиум мүшелерін өз орындарына шақырамыз.
1. Аудан әкімі ——-
2 Ауыл әкімі —
3. Мектеп директоры —
4. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы —- ақсақал.
5. Ардагер ұстаздар:
6. 30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
7. 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
8. 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
Жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық –
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық!
Кездесуге келген бүгін түлектерді
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!
Осыдан 10 жыл бұрын 2004 жылы мектебімізді бітірген азаматтарды ортаға шақырамыз! Қол соғып қарсы алайық! (Музыка. «Армандастар»)
Сынып жетекшісі – Қашқынбаева Бақыткүл, алғашқы ұстазы – Мақашева Мәрия.
Мектеп түлектерімен кездесу кеші. жүктеу
Мектеп түлектерімен кездесу кеші, кездесу кеш ,сценарий
© Дереккөзі
«Менің мамандығым» атты студенттемен кездесу кеші.
Кешке қатысушы көрермендер:
— 9-11-сынып оқушылары
— Студенттер
— Ұстаздар
Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер.
Пікір айтушы студенттермен таныстыру
«Менің мамандығым» атты студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы:
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Менің мамандығым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Қатысушыларға берілер сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
3. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
ІҮ. Қорытындылау:
2. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий
Материал жайлы қысқаша түсінік:
«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп аталды. Ауылымыздың түлектері және осы ауылда білім алып,жоғарғы оқу орынын бітіріп ауылда әр түрлі салада қызмет істеп жүрген аға буынмен болашақ жастардың арасында кездесу өтті.Ойындар ойнатылды.Сұрақтар қойылды.Көңілді кеш болды.
Төмендегі Барлығы толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий
Мухамеджанова Айгуль Токтасыновна
Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы,Бөкенші ауылы, «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Аға тәлімгер Мухамеджанова Айгуль Токтасыновна.
08.02.2019
3292
6
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады