-Балалар, бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр,
қане маған қараңдар. Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Қандай ертегілерді
білесіңдер? (Балалардың жауабы).
-Ендеше сендерге жұмбақ
жасырайын,мұқият тыңдап отырыңдар.
«Жұмбақтын шешуін тап» Д.О
1.Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты.
Бұл қай ертегі?
(Мақтақыз
бен мысық ертегісі)
2.Атай өзі салғаның,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады.
Бұл қай ертегі?
(Шалқан
ертегісі).
3.Апасыннан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.( Бауырсақ)
Бұл қай ертегі? (Бауырсақ).
Жарайсындар,балалар.
-Балалар ертегі туралы ән білесіңдерме?
Ән: «Ертегілер»
-Өте жақсы,бүгін ертегіні оқып,түсініп,біліп қана
қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл орыс халық
ертегісі «Түлкі мен қоян» деп аталады.
Автор-тәрбиеші
Түлкі-Тұмар
Қоян- Кәусар
Қасқыр- Алихан
Аю-Данияр
Олай болса,бейнетаспаға қараңдар.
«Түлкі мен Қоян»
ертегісіне сахналық қойылым
Автор:
Ерте,ерте,ерте де,Ешкі құйрығы келтеде ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос
болыпты. Олардың достығы сонша, тіпті олар екеуі бір — бірімен көрші болып
тұруды ұйғарады. Содан түлкі өзіне мұздан, ал қоян ағаштан үй салады екен.
Жылдар жылжып, күндер өтеді. Қыс өтіп көктем де келеді. Түлкінің мұздан
жасалған үйі су болып еріп кетеді, сосын түлкі қулық жасап, қоянның үйіне
кіріп алмақ болып қоянға келеді.
Тұмар:
Қоянжан, біз екеуміз дос едік қой, менің үйім мұздан жасалған еді, міне күн
жылынып мұз да су болып еріп кетті, екеуіміз бірге тұрайықшы…
Кәусар: Жарайды біз доспыз ғой бірге тұрсақ тұрайық.
Автор: Сөйтіп түлкі қоянның үйіне кіріп алып, қоянды далаға қуып шығады.
Қоян жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Қасқыр кездеседі.
Алихан: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Каусар: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз,
түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн
жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені
үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Алихан: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін. түлкіні сенің үйіңнен
қуып шығамыз.
Алихан: Түлкі, түлкі шық үйден!
Тұмар: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап,
тістеріммен тістеп аламын
Автор: Қасқыр қаша жөнеледі. Қоян одан да бетер жылай бастайды. Сөйтіп қоян
жылап отырғанда Аю кездеседі.
Данияр: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Каусар: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз,
түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн
жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені
үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Данияр: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін, түлкіні сенің үйіңнен
қуып шығамыз
Автор: Сөйтіп аю қоянның үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Данияр: Түлкі, түлкі шық үйден!
Каусар: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап,
тістеріммен тістеп аламын
Автор:Аю
қаша жөнеледі. Қоян одан да қатты жылай бастайды
Қоян жылап отырғанда, оған Әтеш кездеседі.
Аружан: КУ — КА — РЕ — КУ, Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Каусар: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші
тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған
болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме
кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Аружан: КУ — КА — РЕ — КУ, Қоянжан сен жылама, мен саған
көмектесемін біз түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз. КУ — КА — РЕ — КУ?
Автор: Әтеш пен
қоян үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Аружан: КУ — КА — РЕ — КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын
шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Тұмар:
Қазір мен пештен түсіп жатырмын.
Аружан: КУ — КА — РЕ — КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын
шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Тұмар:
Қазір мен киініп жатырмын.
Аружан: КУ — КА — РЕ — КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын
шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Тұмар:
Қазір мен шығып келемін.
Автор:
Түлкі әтештерден қорқып, үйден жүгіріп шығып қаша жөнеледі. Сөйтіп қоян түлкінің
кеткеніне қуанып, әтешке рахметін айтады.
Каусар: Рахмет сендерге, сендер менің үйімнен түлкіні қуып
жібердіңдер.
Балалар,менің
ертегімді тыңдай отырып, ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарын үшін көп-көп
рахмет.
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға
да рахмет.
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау
болыңдар.
Мотивациялық қозғаушылық:
—Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?Сендерге ертегі
кейіпкерлері ұнайды ма?
-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде не жауады?
Қыс мезгілінде қандай меркені тойладық.Жаңа жылда біздің балабақшамызға кімдер
келді? Аяз ата мен ақшақар сендерге ұнады ма? Аяз атаға еріп келген түлкіні
көрдіңдер ме? Түлкі қандай аң? Ол қу,айлакер және құйрығы әдемі сұлу аң.Сол
түлкінің туған күні қыс мезгілінде екен.
Тосын сый: Сауысқан ұшып келеді.
-Сәлеметсіңдер
ме балалар?Бүгін балабақшада балалар көңілді ғой.Сендердің балабақшаларыңда
түлкінің туған күнін тойлап жатыр деп естідім,менде түкінің туған күніне
қатысып, көңілімді көтергім келіп тұр.
Олай болса біз бүгін біз
қойылым арқылы «ормандағы түлкінің туған күні» атты ертегіні тамашалап
көрейікші. Оны бізге достарымыз қойып береді.
Ұйымдастыру кезеңі:
Орман.Әр шыршының түбінде
бір-бір аңнан отырады.Залға көңілді әуенмен билеп түлкі кіреді,аңдармен
амандасады да әндетіп кетіп қалады.Аңдар таңданып бір-бірінен сұрайды.
Аю:Түлкі бүгін көңілді ғой.
Қасқыр:Оның себебі бар шығар.
Қоян:Сендер білмейсіңдер ме?Бүгін түлкінің туған күні.
Аю:Ендеше неғып тұрмыз,түлкіні барып құттықтайық.
Қоян:Бос барғанымыз жарамас,дүкенге барып сыйлық алайық.(Бәрі дүкенге
келеді)
Хормен: Сәлеметсіз бе,тиін!
Тиін:Сәлеметсіздер ме?Бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қоян:Түлкінің туған күніне.
Қасқыр:Айтыңызшы, түлкіге не сыйласақ болады.
Тиін:Биыл мешін жылы ғой,түлкіге қойдың ойыншығын сыйлаңдар.
Аю:Бұлда дұрыс екен,бұл ойыншығыңыз қанша тұрады?
Тиін:Жүз теңге тұрады
Қасқыр:Тиін сізде бізбен бірге жүріңіз.
Тиін:Жарайды,менде түлкіні құттықтап келейін.(Бәрі дүкеннен шығады.)
Қоян:Енді шаштаразға барып,шашымызды сәндейік.
Хормен:Сәлеметсіз бе кірпі!
Кірпі:Сәлеметсіздер ме!Бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қоян: Түлкінің туған күніне бара жатырмыз.
Аю:Шашымызды сәндеп бересіз бе?
Кірпі: Жақсы бір-бірлеп отыра қойыңдар.(шаштарын сәндейді)
Аю:Рақмет кірпі,сіз де бізбен жүріңіз?
Кірпі:Жақсы,барсам барайын.Бәрі бірге жолға шығады.Жолда абайсызда
қоян аяғынауыртып
алады.
Қоян:Аяғым-аяғым.
Аңдар: НЕ болды, қоян?
Қоян: Аяғымды ауыртып алдым,баса алар емеспін.
Аю:Онда сені Айболитке апарайық.Аңдар қолынан ұстап Айболитке
әкеледі
Аңдар:Сәлеметсіз бе,Айболит ата!
Айболит:Сәлемтсіздер ме!Қоян саған не болды.
Қасқыр:Айболит ата,бүгін түлкінің туған күні еді,бәріміз соған бара
жатыр едік,жолда қоян аяғын ауыртып алды,қарап бересіз бе?
Айболит:Қане,қоян аяғыңды көрейін.(аяғын ұстап көреді)Ештеңе
етпейді.аяғыңды байлап беремін.
Қоян:Рахмет,Айболит ата,сізде бізбен бірге жүріңіз.
Айболит:Жарайды, барсам барайын.(бәрі түлкінің үйіне келеді)Алдарынан
түлкі шығады:
Түлкі:Сәлеметсіңдер ме,достарым!
Аңдар:Сәлеметсің бе, түлкі!Түлкі туған күнің құтты болсын!
Аю: Қымбатты түлкі мынау біздің сыйлығымыз, қабыл алыңыз.
Түлкі:Рахмет достарым,үйге кіріңдер. Менің дастарханымнан дәм
татыңдар.(Барлық аңдар үстелге жайғасып отырады,үстелдің үстінде бал,сәбіз, ет,
алма, жаңғақ тұрады. Әркім өзі жақсы көретін тағамдарын
алып жейді
Қоян: Асың дәмді екен рақмет!Түлкіге жақсы тілегімізді айтайық.
Денің сау болсын!
Аю: Мен түлкінің туған күніне арнап,тақпақ айтып берейін:
Алып батыр
балпаңмын.
Ақ ниетті
дарханмын,
Барлық аңға
тимеймін.
Балпаң-балпаң
билеймін!
Қасқыр: Аю, сені қолдаймын
Арам ниет
болмаймын
Барлық
аңдар достасып,
Туған күнде
бас қостық.
Тиін: Мен тиінмін, тиінмін,
Қыста
жылы киімім
Көк
майсаға аунаймын
Түлкіден
бір аумаймын.
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбіз жеуді
қоймадым
Түлкінің
туған күніне
Тәтті сәбіз
сыйладым!
Кірпі: Тұмсығында түймесі
Деп
тұрғандай түймесі
Азулыдан
сақтайтын,
Кірпінің
көп инесі,
Өзін
қорғай алады.
Домалана
қалады
Содан кейін
тиіп көр,
Тура
«уколын» салады.
Бәрі түлкіге өлең айтып
берді:
«Ақ қоян» ойыны: Барлығы ойын ойнайды.
Шарты: шеңбер жасап бір баланы ортаға ақ қоянғып отырғызады. Оған ақ
қоян туралы өлең жолдарын айтады.
Рефлексивті коррекциялаушы:
-Балалар күннің
II-жартысында нені тамашаладық?
-Театрланған қойылым
сендерге ұнады ма?
-Түлкінің туған күні қызықты
болды ма?
-Сау болыңдар!
Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр! –
Автор: деп өлеңдетеді екен.
Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.
Автор:Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)
Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.
Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым!
Аша қойыңдар,
Аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Тұяғым шылқыған су.
Автор: -дейді өлеңдетіп.
Лақтар:
-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.
Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.
Қасқыр:
О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.
Ұста:Қолымнан келмейді.
Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.
Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.
Лақтар: Бұл кім?
Ешкі:Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр!-
Автор:дейді әндетіп
Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.
Ешкі кетерінде:
-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.
Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.
Қасқыр:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.
Лақтар анасы екен деп есікті ашады.
Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.
Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.
Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.
Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.
Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.
Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.
Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.
Лақтар:О, анамыз келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.
Автор: Ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.
★★★★★★★
Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.
↓↓↓
ТАПСЫРЫС ЖАСАУ
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде . «Бауырсақ» ертегісі
Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Технологиясы: «Тәй-тәй» технологиясы
Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.
Сәлем, сәлем, басым!
Сәлем, сәлем, көзім!
Сәлем, сәлем, бетім!
Сәлем, сәлем, тісім!
Сәлем, сәлем, балалар!
Сәлем, сәлем, апайлар!
Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.
— жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
— қиял-ғажайып ертегілер
— шыншыл ертегілер
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.
Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
— Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
— Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане, қандай ертегілер естеріңде қалды? (Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)
Балалар, ертегі не жайында?
— Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен.
Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді).
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал
— Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір
— Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал
— Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Тәрбиеші
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қоян
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
Қоянның тапсырмасы:
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)
Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Тәрбиеші
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр
— жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.
1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.
Тәрбиеші
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю
— Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Аю
Аю: Әй, балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Тәрбиеші
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Түлкі
— Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
1. Қыста ақ,
Жазда сүр.
(қоян)
2.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
3.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(түлкі).
Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
Тәрбиеші
Әже келе жатқан Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесіне арнап 21 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты.
Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, (отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).
Қорытындылау:
— Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
— Өте жақсы!
— Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымды-Жағымсыз
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ: Сары.
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ, шеңбер.
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауада өткізіледі.Сондықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.
Жағымды көңіл-күй мен қолайлы орта туғыза отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Жұпар» балабақшасында «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілерімен «Бауырсақ» ертегісін балалабақша бүлдіршіндеріне сахналады. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдаған аю рөлінде — Бірлік Жалғас,әже рөлінде -Уадутбек Айлуна,өжет қоянның рөлінде -Әділханова Асыл,айлакер түлкінің рөлінде -Дінмұхамедқызы Анель, сұр қасқырдың рөлін сомдаған -Ерлібек Ақарыс ,тап-тәтті қылығымен көрермен көзайымына ие болған бауырсақ рөлін сомдаған — Қалдыбаева Айлана,атанын рөлінде-Жұмабек Жамбыл. Балалар ертегіні сахналау барысында өздерінің рөлдерін өте жоғары деңгейде ойнап,бүлдіршіндерге жақсы жазғы көңіл күй сыйлады.
Ново-Хайрузовка ауылы
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
тәрбиеші: Наурзбаева С.Қ.
«Үйшік» ертегісін сахналау
Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі.
Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік үйі, кейіпкерлер.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан тоқтап: Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тәрбиеші: Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: — Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын.
— Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: — Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: — Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: — Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: — Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені қағады.
Түлкі: — Сүп-сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Тышқан: — Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі: — Мен қу түлкімін.
Үшеуі: — Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: — Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен:
Қасқыр: Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: — Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі: — Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді. Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар даусымен:
Аю: Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: — Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: — Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: — Мен қу түлкімін!
Қасқыр: — Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю: — Мен қорбаңбай аюмын!
Бәрі: — Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: — Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
Аю:-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бәрі: — Жоқ, қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Аю: — Қорықпаңдар түкте болмайды.
Тәрбиеші: — деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп – әдемі, жаңа үйшік тұрғызып алады.
Күтілетін нәтиже.
Нені білу керек: «Үйшік» ертегісінің мазмұнын түсінді
Нені білді: жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.
«Ертегілер елінде»
«Шалқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады:
Тәрбиеші:
Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.
Тәрбиеші есік ашады:
Тәрбиеші:
Балалар, бізге жыл басы қоян қонаққа келіп тұр.Қанекей бәріміз қоянмен амандасайық.
Қоянның сөзі:
Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы келдім.
Тәрбиеші:
Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса қойыңыз.
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата:
Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
— Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір:
Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір:
Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз:
Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз:
Итім, итім көмекке келші.
Ит:
Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
— ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
— ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
|
|
|
|
|
|
|
Іздеп көріңіз:
ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат ашық сабақ балабақшада, ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары, ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты, ертегілер еліне саяхат сценарий, Ертегі еліне саяхат атты сабақ жоспары балабақша, Ертегілер еліне саяхат, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, 1 маусым балаларды қорғау күні сценарий, ертегілер еліне саяхат сценарий казакша, 1 маусым балалар куни сценарий казакша, сценарий на 1 июня день защиты детей на казахском, 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Павлодар қаласы әкімдігі
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«Павлодар қаласының № 28сәбилер бақшасы»
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
«Қызыл телпек» ертегісі.
Тәрбиеші:Кунанбаева.Р.М
Жүргізуші:Ертеде кішкентай сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйкімді немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телтек сыйлапты.Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.
Содан бері көршілері қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті.Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына.
Анасы: -Қызым, мына бәліштерді әжеңе апарып, қал жағдайын сұрап кел
Қызыл телпек: Жарайды апарып берейін.
Жүргізуші: Анасының сөзін екі етпей Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі туратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек.Қызыл телпек орманда жалғыз жүру қаншалықты қауіпті екенін білмейді.Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп асықпай жүреді.Бір кезде қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Қызыл телпек сен қайда барасын?
Қызыл телпек: -Мен әжемнің үйіне барамын.Әжеме бәліш апара жатырмын.
Қасқыр:-Әжең қайда тұрады?
Қызыл телпек: -Ол орманның жанындағы ауылдағы бірінші үйде тұрады.
Қасқыр:-Жарайды кел екеуміз жарысайық.Кім бірінші әжеңе барады екен.
Сен ана жолмен, ал мен мына жолмен барайын.
Жүргізуші: -деп қасқыр қызыл телпекке ұзақ жолды ұсынып, өзі ауылға баратын қысқа жолды таңдап алады.Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен қасқыр есікті қағады.
-Тоқ-тоқ-тоқ
Әжесі:-Бұл кім?
Қасқыр:-Әже бұл мен ғой немере қызың Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім.
Жүргізуші:Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжесі шынымен немересі келген екен деп ойлап:
Әжесі:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.
Жүргізуші: Аш қасқыр үйге кіріп әжені бас салады да, бүтіндей жұтып қояды. Содан соң есікті жауып, басына әжейдің орамалын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады.
-Тоқ-тоқ-тоқ!
Нұрәлі (қасқыр):-Бұл кім? (деп дауысын жіңішкелеп сөйлейді)
Полина (қызыл телпек): -Бұл мен Қызыл телпекпін. Мен сізге қонаққа келдім.
Қасқыр:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.
Жүргізуші: Қызыл телпек үйге кіріп, бәліштер салынған себетті үстел үстіне қойады да ,әжесінің қасына жақындап келіп:
Қызыл телпек: -Әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?
Қасқыр:-Сені қатты құшақтау үшін.
Қызыл телпек: -Әже, құлағын неге сондай үлкен?
Қасқыр:-Сені жақсы есту үшін.
Қызыл телпек: -Әже, көзің неге үлкен?
Қасқыр:-Сені жақсы көру үшін.
Қызыл телпек: -Тісің неге үлкен?
Қасқыр:-Сені тезірек жеп қою үшін.
Жүргізуші: —деп Қызыл телпекті бас салып, жұтып қоюды. Байғұс қыз айғайлап та үлгермеді, бірақ, бақытына қарай үйдің қасынан отыншылар өтіп бара жатқан еді. Отыншылар қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде төсекте қозғала алмай жатқын қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап не болғаның бірден түсініп қояды. Отыншылар қасқырды ұстап алып, қарның жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншылар қасқырдың ішін қайта тігіп қоя береді. Қызыл телпек пен әжесі отыншыларға алғысын білдіреді.
Әжесі:-Сендерге көп рахмет.
Жүргізуші: -деп, ризашылықтарын айтып, отыншыларға бәліштермен шәй береді.