Т?уелсіздік дебат сценарий

ДебатТа?ырыбы: Конституция?а 20 жыл:Ата За? Т?уелсіздік пен т?ра?тылы?ты? те?дессіз тартуы!Дебатымызды? сарапшыларымен таныс болайы?:Директорды? т?рбие ж?мыста

Дебат
Та?ырыбы: «Конституция?а 20 жыл:Ата За? – Т?уелсіздік пен т?ра?тылы?ты? те?дессіз тартуы!»

Дебатымызды? сарапшыларымен таныс болайы?:
Директорды? т?рбие ж?мыстары ж?ніндегі орынбасары Демиханова А.
К?ндізгі б?лім ме?герушісі: Аманова Р.

Ма?саты: 

•  О?ушылар?а ?аза?стан Республикасыны? Ата За?ы жайында ма?л?мат беру, Ата За?ны? ерекшелігімен ж?не негізгі ж?йесімен таныстыру, Т?уелсіз ?аза?станны? за?ды? негізі туралы білім беру.

• Екі жа?ты позицияда о?ушыларды? с?з жарасымдарына ?атыстыру барысында оларды объективтілік, пікір алуында?ы ел жандылы?, принципшілдік ?асиеттерге т?рбиелеу;

• Та?ырып?а байланысты ?рт?рлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалы? м?ліметтерді саралау ар?ылы о?ушыларды? танымды? — эвристикалы? ?абілеттерін арттыру.

Саба? ?дісі: Пікір таластыру.
Жа?а технология:Проблемалы? полемика
П?наралы? байланыс: Тарих, А. ?. Д, саясат, экономика, ?леуметтану
Барысы:
«?н ?ран» орындалады.
Ж?ргізуші: Армысыздар ??рметті ?стаздар, о?ушылар ж?не б?гінгі дебат?а ?атысушылар! «Конституция?а 20 жыл: Ата За? – Т?уелсіздік пен т?ра?тылы?ты? те?дессіз тартуы!» атты дебатына ?ош келді?іздер!

      «Конституцияны ?ата? ?стану – б?л мемлекеттілікті? табысты дамуыны? ж?не ?о?амда?ы азаматты? келісімні? негізі. Ол бойынша ?мір с?ру – б?л демократияны? е? жо?ар?ы мектебі. Б?л мектептен барлы?ымыз ?туге тиіспіз. Бізді? міндет – Конституция?а аса ??ыптылы?пен ?арау». Бір с?зінде Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев осылай деген еді. Шынды?ында кез келген мемлекетті? ?станымын, ?лтыны? ??ндылы?ын ай?ындайтын Негізгі ??жат – Конституция. Олай болса, Ата за?ды киелідей аялап, ?астерлеу – ?лтты? ?лы парызы. Сонды?тан да, б?гінгі мерейлі мереке – Конституцияны? 20 жылды?ына орай Негізгі За? ж?нінде бірді-екілі ??гіме ?рбіткенді ж?н санады?. 

 ?азіргі д?ниедегі кез келген мемлекет ?зіні? ал?аш?ы ?адамын т?уелсіздігімен ?атар, Конституциясын ?абылдаудан бастайды. Б?л сол мемлекетті ??раушы ?лтты? ?асырлардан жина?тал?ан ?зіне т?н ?станымыны?, за?дарыны?, ж?рген жолдарыны? ?зегінен шы?ып, келешегіне ба?дар жасайтын басты белгі. ?лы даланы мекендеген алты алашты? да ?з дала за?дары, ?зіндік конституциясы бол?аны аны?.

Олай болса, б?гінгі дебатты? ма?саты о?ушылар?а Конституция туралы т?сінік бере отырып отанс?йгіштікке, ?лтжандылы??а т?рбиелеу.
Орта?а дебат?а ?атысушыларды ша?ырайы?:
?атысушылар
«Парасат» тобы -«А?и?ат» тобы
Жа?таушы —Даттаушы

?рбір спикерді? с?йлеу т?ртібі уа?ыт
А1 6 мин.
П3 А1
3 мин.
Алдымен «А?и?ат» тобы
Ма?саты: барлы? фактілік д?лелдерді ?сыну ар?ылы ?з позициясына с?йкес конфликтілік жа?дайын тудыру.
Міндеті: ?рбір спикерді? с?йлеу уа?ытыны? ше?берден шы?пауын, ?дептілік этикасын са?тауын ба?ылау?а алады.
«Парасат» тобы жа?таушы позицияны иеленді.
Б?л ба?ыт бойынша ?аза?стан жастарына елжандылы?, отанс?йгіштік ?асиеттер т?н деген пікірді ?станды.

«А?и?ат» тобы даттаушы позицияны иеленді.
Д?л осы к?з?арас?а с?йкес ?азіргі заман?ы жастарды? Конституция ???ы?тары мен міндеттерін білмейді.
?ыс?аша топты? резюме:
Екі топ та ?здеріні? ?стан?ан позицияларын ай?ын ?ор?ап шы?у?а тиісті.
Даттаушы топ ?здеріні? фактілерін ?сына отырып, на?ты бір м?селені к?теру ар?ылы оны?:
1. Шы?у себептерін
2. Шешу жолдарын
3. Туындау н?тижелерін ай?ын к?рсетуге міндетті.

Жа?таушы топ ?рбір спикерлері ?здеріні? алдында ?ор?ап с?йлеп кеткен ?р жа?таушы спикері с?зінен кейін, е? ?уелі оны? кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін ?з д?йектемелерін ?сыну?а міндетті.
?рбір спикер 6 минут шегінде ой тар?атады.
С?здерін т?йіндейді.

Ж?ргізуші: Топтар ?з ойын жина?таймын дегенше Конституция?а байланысты к?рініс.
Марапаттау
«?здік топ» ж?не «?здік спикер» номинациялары беріледі.
Ал енді сарапшыларды? ойын ты?дау ?шін с?з кезегін № 6 орта мектеп т?рбие ж?ніндегі орынбасарына береміз.

?орытындылау
Ж?ргізуші: Рахмет! Б?гінгі дебат?а ?атысушы о?ушыларды ма?тау ?а?аздарымен марапаттаса?.

Просмотр содержимого документа

««Конституция?а 20 жыл:Ата За? – Т?уелсіздік пен т?ра?тылы?ты? те?дессіз тартуы!» »

«Бекітемін»

Мектеп
директоры:

……………Е.Махашев

Тақырыбы: «Мен және
тәуелсіздік»
Түрі: Дебат сабақ
Мақсаты:
Білімділігі
: Оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 26 жыл толуына байланысты Қазақстан
туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге байлығымызды қорғауғаболашақта
Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,
халықтың әдет — ғұрпын, салт — дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастырууға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тірек сөздер, слайдтар, көрнекіліктер, оқушы шығармашылық —
тарыт. б.
Әдісі: Сұрақ – жауап
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Қатынасушылар: 3 — сынып оқушылары
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Таныстыру
2.«Бәйге»бөлімі
3.«Қасиетті жетілік»бөлімі
4.«Кім тапқыр?»бөлімі
5. Шығармашылық тапсырма.Мен және тәуелсіздік»
6.«Көкпар»бөлімі
ІІІ. Қорытынды
Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 9 «А,Ә,Б» сыныптарының оқушылары арасында өткелі отырған «Мен және
тәуелсіздік» атты танымдық дебат сайысына қош келдіңіздер! Алдымен мен сыныптың
оқушыларымен сұхбат жүргізейін.
Қымбатты оқушылар! Сіздер 9-шы сынып оқушыларының арасынан келіп отырған
білімді, мықты, талапты, ойшыл оқушыларсыздар. Әр сыныптан  6 оқушыдан төрт
топқа бөлініп отырсыздар.
Сіздер топтарыңыздың атын, төс белгісін кезектесіп таныстырып кетіңіздер.
(оқушылар танысады.)
І — Бөлім: Таныстыру
— Оқушылар: Адам өмірінің 90% жақсылықтан, 10% жаман нәрселерден тұрады екен.
Сондықтан бір – бірімізге жақсылық тілеп, мейірім төксек біздің жанымыздан үш
жақсы нәрсе табылады екен.
«Ой шақыру» жүргізу.
Оқушылар: Бұл күнде біздің Республикамыз — өз алдына тәуелсіз мемлекет.
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан — 2030» жолдауында
тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті. Сондықтанда
ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы
ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ
болу міндеті тұр.
Сонымен: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық.
Біздер алдымызда білім сайысына түскелі отырған 3 — сынып зерек те, білгір,
тапқыр, ойшыл оқушылары.
Сыныптағы 3 оқушы сайыстың жүйріктері, ал қалған оқушылар жанкүйерлер мен сырт
көздің қызметін атқарушылар. Сарапшы ұстаздармен таныстыру.
Алдымен сайыстың ережесін түсіндіріп жіберейін. 1-ші сұрақ оқылады, тыңдап алып
қол көтересіздер, жауап орнында отырып айтылмайды, жетонды көтерген 1-ші
оқушының аты аталады, сол жауап береді. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпайға есептеледі.
Дәл толық жауап берген оқушы қоржынына алтын жұлдыздарды жинайды. Яғни 1 ұпай –
1 жұлдызға саналады. 1-ші оқушы білмесе 2-ші оқушы қол көтеріп жауап береді. Сайыстың
ережесін түсінсеңіздер, бастаймыз. Бәріңізге табыс тілейміз.

ІІ. Бөлім: «Бәйге»
10 сұрақ топ басшыларына оқылады.
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991. 16. XII)
2. Тұңғыш рет қазақ тарихында кім және қашан ұшты?
(1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)
3. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)
4. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл)
5. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын түстес)
6. Қазақ елінің астанасы? (Астана)
7. Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Сөзін жазған: Н. Назарбаев Ж. Нәжімеденов)
8. Атырау облысының әкімі кім? (Бергей Рысқалиев)
9. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
10. Тудың авторы? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков) өнер қайраткері
— 3 «б» сынып оқушысы Ақбөбектің биін тамашалаймыз.

ІІІ. Бөлім: «Қасиетті жетілік»
1. Сезім мүшелерін ата? (көз, мұрын, құлақ, тері, тіл)
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ?
(не істеді? не қылды? қайтті?)
3. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
4. Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін айт?
5. Қазақтың ұлттық аспаптары? (Домбыра, қобыз, жетіген)
6. Жердің қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера)
7. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды?
(1991 жылы 1желтоқсан)

ҮІ. Бөлім: Кім тапқыр?
(қызықты сауал, қызықты жауап)
1. Атырау жері несімен бағалы?(қара алтынымен — мұнай, қызыл балығымен)
2. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? (бүркіт)
3. Ауылымызда биыл қандай қуаныш болып жатыр? (газ жүргізілуде)
4. Бірдей 9 ыдыста 27кг май бар, осындай 2 ыдысқа қанша май сияды. (9кг)
5. Әнұранның қайырмасын айтып бер.
6. Апай 20 оқулықты 5 сыныпқа тең бөліп берді, әр сынып неше оқулықтан алды?
(4)
7. 24-тің жартысы неге тең? (12)

V. Бөлім: Шығармашылық тапсырма
«Отаным менің — Қазақстан»
«Мақтан тұтып Отанымның өткенін,
Тіл қайнардан қанығуға талпынған.
Қазақстан іргелі елге жеткенін,
Көргім келіп арман – оймен алқынған» – дей келе қымбатты оқушылар енді сіздер
3-4 сөйлеммен тұратын «Отаным менің – Қазақстан» тақырыбында өз ойларың мен
арман тілектеріңді ақ қағазға түсіре қойыңдар. Қысқа да нұсқа. Аты – жөндеріңді
жазасыздар. (Эссе жазу) Ал бір оқушы сол тақырыпта сурет салады.
— Бұл тапсырмалар орындалғанша біздер 3 «в» сынып оқушысы Назеркенің биін
тамашалаймыз.

VІ. Бөлім: Көкпар
Мен сіздерге мақал – мәтел айтамын, сіздер мақалдың қалған жалғасын табасыздар.
1. Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
2. Ақыл – тозбайтын тон
Білім – таусылмайтын кен.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.

— 3 «а» сынып оқушысы Рысгүлдің биін тамашалаймыз.
— Саралау, әр топтың жұлдызшаларын санау арқылы ұпай сандарын анықтау.
— Осымен зерек, озық ойлы оқушыларға арналған тапсырмаларымыз аяқталды.
— Сарапшы ұстаздардан шығарған бағасын сұраймыз.
Сарапшылар есептегенше мен жұмысты сырт көзбен жанкүйерлерден сұраймын.
1. Алдыңғы орыннан қай топ көріне білді?
2. Қазақстан қандай ел?
3. Қазақстанның тұғыры биік болуы үшін не істеуіміз қажет?

Сонымен оқушылар бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық
сайысымыз өз мәресіне жетті.
Ертеңгі елдің тірегі,
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар – деп мен байқауға қатысушыларды ортаға шақырамын.
— Сайыскерлеріміз біздің бүгінгі танымдық сайысымызға шашуларын алып келген
екен, тамашалайық.
1. Алғыс хат, марапаттау.
— Талапкерлерге сұрақ беріп, жауап алу.
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Мен жастарға сенемін.
Тәуелсіз еліміздің білімді жастары көбейе берсін! Білім берер ұстаздарымыз аман
болсын.!
Әнұран орындалады.

Мәлімет

 2017 жылыдың 08 желтоқсан
күні  9 «А,Ә,Б» сыныптар аралығында Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған
дебат сабағы өтті.

Сыныпты көрнекіліктермен безендіріп ,
қанатты сөздер ілінді.

Желтоқсан құрбандарының портреттері ,

Ел басының желтоқсан оқиғасына
байланысты айтқан сөздері.

Отаршылдыққа байланысты болған
көтерілістер кестесі.

Мақсаты: Ұлт сүйгіш ,Отансүйгіш, ойшыл ,білімді
оқушыларды тәрбиелеу.

Ғасырлар бойы ,халық арман еткен тәуелсіздік
,оған қалай жеттік , оқушыларға ой туғызу.

Әр ұлы істе қателіктер , қиындықтар және
жақсы жақтары болады. Оқушыларды  сол еліміздің тәуелсіздігін бағалай
білуге, елжандылыққа  ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, 
тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

 Міндеттері :

1. Оқушыларды ҚР-ның жеткен
жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып көрсету.

2. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш
ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту.

3. Дебат сайысында оқушылардың ойын , білімін
терең жетілдіруге бағыт беру.

9 сынып оқушылары 3 топқа бөлініп сайыс
өтті.

1 топ :9 «А» сыныбы «Азамат» тобы –жақтаушылар .

2 топ : 9 «Ә» сыныбы «Алаш» тобы – даттаушылар

3 топ:   9 «Б» сыныбы «.Парасат» тобы- сынаушылар

Әр топ спикерлері өз ойларын ашып ,
дәлелдеп беруге тырысты.

Мұғалімдер тобынан сайланған әділ- қазы
алқасы  «Азамат» тобы өз  пікірлерінде дәлірек ашып көрсете білді деп
бағалады.

2 тур оқушылардың пікір сайысынан кейін
өзім қорытынды шығардым.

Келесі тек Ресей империясының құрамында 
ғана емес кеңес үкіметі кезіндегі Желтоқсан оқиғасынада тоқталып, отарлық
саясатына қарсы болған соңғы  бас көтеру екенін айтып өттік . Оқушылар өз
пікірлерімен бөлісті.

Қорытынды: Тәуелсіздігімізді сақтайтын
еліміздің келешегі сендерсіңдер! Әрі қарай көркейуіне ат салысып тірегі болуына
шақырамыз.

Мектеп
директоры :                                  Е.Махашев

Сынып
жетекшілер:                                  С.Амиров

Г.Молдабаева

Г.Завева

Тақырыбы:  «Тәуелсіздік –тұғырым»

Мақсаты:

-Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. 

-Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.

-Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

-Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

-Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, желтоқсан құрбандарының портреттері, шарлар              

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз.

-Құрметті ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.

Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.

Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын,ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты.Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.

1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.

Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап — жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек  үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. (1минут үнсіздік жариялаймыз.)

Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары:

Ислам

Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні-бұл.

Дарина

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні-бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні-бұл.

Әмір 

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні-бұл.

Бір-бірімен жарасып

Бауырласқан күні-бұл.

Нұрсәт

Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлдүлі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл-күні!

Толқын

Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні-бұл.

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні-бұл.

Асылхан

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.

Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы,келе берер!

Е.Гүлайым

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,тәңірім бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне,тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! 

Жарайсыңдар, балалар!

—  Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

-«Отан отбасынан басталады»,

-«Туған жерге туынды тік»,

-«Өз үйім – өлең төсегім»,

«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»,

-«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»,

-«Отан – оттан да ыстық»,

-«Отан – елдің  анасы, ел – ердің  анасы».

-Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса, «Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар. (Немересі – Нұрсая, әжесі – Жаңагүл)

Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?

Әжесі: Ол тәуелсіздіктің  белгісі ғой,балам.

Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?

Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.

Немересі: Онда тынығып алайық.

(Тынығып жатқан немересі түс көреді)

Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.

Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.

Немересі: Онда мен достарымнан  сүйінші сұрап келейін .

Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,

Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын демекпіз.

Сабина

Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Асылжан

Мұз жастанып азаттықтын жолында, 
Тәуелсіздік туы тұрды қолында. 
Сойыл таяқ ойнаса да жанында. 
Отан үшін жанын қиды ұлдарың, 
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, 
Күйініштен ауырады жүрегім, 
Естігенде желтоқсанның ызғарын. 
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, 
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, 
Егемендік тиді бүгін еншіме, 
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. 

Арна 

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 
Егемендік иесі мен деген сөз, 
Көптен бері естілмеген ерен сөз, 
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған 
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. 
Егемендік ел болудың белгісі, 
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. 
«Егемендік» деген сөзден естілер 

Ата жұрттың арысы мен бергісі. 
Аяулым

1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. 
Шықты тарап ой данадан, 
Бері қарады жұлдыз беті. 
Өзі қалап сайлап алған, 
Елімніңбар Президенті. 
Шырақ етіп өмір нұрын, 
Алыс жатты алдағы жол. 
Ел намысын, елдің жүгін, 
Арқалаған ардағым-ол. 

Нұрайым

1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. 
Күнісіз қазақ көгінің, 
Шуағын шашқан халқына. 
Қазығы бостандығымның, 
Қажымас қайсар нар тұлға, 
Ұшырдың алыс айға адам 
Халқымның мақсат арманын, 
Түсінер сіздей қайда адам?! 
Бес қару белге буынып, 
Қол бастар көсем өзіңсің, 
Жаныңды қиып бересің, 
Қазақтың байтақ жері үшін. 
Ұлан

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. 
Рәмізім-елдігімнің белгісі, 
Білу керек бала дағы ең кіші. 
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. 

Дархан

Қазақстан Туы 
Көк аспандай көкпеңбек 
Қазақстан жалауы. 
Көк емес ол тектен-тек- 
Елдің ашық қабығы. 
Ақ ниеті – алтын күн, 
Асқақ арман-қыраны. 
Жалауы бұл-халқымның, 
Мәртебесі, мақтаны. 

Бақытнұр

Елтаңбасы елімнің 
Елтаңбасы елімнің 
Неткен әйбәт, әдемі! 
Тұнығындай көңілдің 
Ортада-аспан әлемі. 
Құт, береке, шаңырақ, 
Орын алған ол төрден. 
Қанатты қос арғымақ. 
Екі жақтан көмкеркен. 
Тәуелсіздік жолында 
Талай-талай тер тамған… 
Билігім өз қолымда, 
Еркіндігім-Елтаңбам. 

Қ.Гүлайым

Әнұран 
Әнұраным-жанұраным, 
Айтар әнім-сөйлер сөзім. 
Туған жерім-сағынарым – 

Мың қайталап айтам мұны. 

Би: «Қыз Жібек» қыздар тобы

Медея:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Әли:

Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн, 
Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн. 
Арайлап атқан күн мен батқан түннің, 
Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр. 

Алина:

Келді алдыңа алыстағы азат күн, 
Өзіңді өзге елдің шырмауынан босаттың. 
Намысыма тиме менің адамзат, 
Өйткені мен қайсар жүрек қазақпын. 

Әнуар:

Тәуелсіздік! Балалардың ұраны,
Бейуақытта, бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Арай:

Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,

Шырағы мен пырағының тұрағы.

Рамазан:

Бабалар армандаған – тәуелсіздік, 
Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік. 
Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік. 
Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік. 

Мұғалім:

Қазақстан – қасиетті ұғым бұл

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т- білдіреді теңдікті,

Ә- әдептілік, әлдікті,

У-уайымсыз уақытты,

Е- егемендік елдікті.

Л-дейді лағып лепірме,

С-сенімділік секілді,

І-ілтипат пен ізетті

З- зиялылық тілек қой.

Д- шақырады достыққа,

І- ізденіс пен нәтиже

К- дейді күн боп көктегі

Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.

Ән: «Көк тудың желбірегені» Хор

Қорытындылау:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — тірегім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Біздің тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Сендердің әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы, әдепті, қайырымды, үлкеннің тілін алатын, кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашақ иесі сендерсіңдер. Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін! — деген ниетпен ашық тәрбие сабағымызды аяқтай келіп, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін!

1 ведущий: Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі — Республикам менің.

2 ведущий: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.

3 ведущий: Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

1 ведущий: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешті өткізгелі отырмыз. Сіздерді Ұлы Қазақстан Республикасының тәуелсідік күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, мереке шашулары шашылады.

2 ведущий: Наше Отечество, наша Родина – мы так зовем Казахстан, потому что здесь живут наши отцы и деды, и все для нас родное. В преддверии праздника «Дня Независимости» мы проводим наше мероприятие «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым».

3ведущий: Good afternoon dear guests teachers and pupils

Good afternoon everybody who has come to our party.

We are very glad to see you here.

Today is the day of languages. Let,sstart.

«Казахский танец» Исполняют учащийся_________ класса

К Ө Р І Н І С

1 ведущий: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

2 ведущий: Мы люди разных национальностей, живем в мире и согласии. Мы дети – разных народов, но вскормлены одной матерью – Родиной. У каждого народа своя культура, свой язык, национальные костюмы, обычаи и традиции.

3 ведущий: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

В исполнении _______________, ученицы « »класса песня «Әрқашан күн сөнбесін»

Выступление учеников

Дети читают стихи:
1-оқушы:

Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,Отан үлкен
Қазқстан – туған ел.

2-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында калған күн.

3-оқушы:

Жасай берсін, ұлы кун,
Үміті боп елінін;.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардын.

4-оқушы:

Тәуелсіздік — шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік — көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.

5-оқушы

Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім.

6-оқушы:

7-оқушы:

_____________ күйі. Орындайтын _____________ « » класс оқушысы

1 ведущий: Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Қарсы алыңыздар, М О Н О Л О Г……….

Мен – қазақпын, биiкпiн, байтак елмiн,
қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.
Мен мың да бiр тiрiлдiм мәңгi өлмеске –
Айта бергiм келедi, айта бергiм

Предлагаем вашему вниманию песню «__________» в исполнении

Видеоролик

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2 ведущий: : Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над головой! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по-солнечному радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и джружными, слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!

1 ведущий: Осымен біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Сау болыңыздар! Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбетшілік өмір тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!

6.Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Поздравляем с Днем Независимости — долгожданным праздником. Всех казахстанцев, поздравляем с великим праздником – днем Независимости.
Да здравствует Независимость Казахстана! Надо беречь и преумножать традиции нашего народа. Стараться не пустословить. Чтобы каждая семья жила в достатке. Дай Бог вам здоровья.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Поздравляем вас С Днем Независимости РК!
Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Народ всегда жаждал независимости, сколько крови было пролито на пути к свободе.

Находясь в центре Евразии, наш народ обрел счастье в многонациональной стране. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.

Kazakhstan is an independent Republic. Kazakhstan is an ancient and hospitable land, which occupies a large part of Central Asia. Kazakhstan has 14 regions, 84 cities. More than 17 million people of over a hundred nationalities and ethnic groups live in the republic. The head of Kazakhstan is a president, his name is Nursultan Nazarbayev. Almaty is a former capital of Kazakhstan. In 1997, the president of sovereign Kazakhstan made a decision to transfer the capital from Almaty to Akmola. In 1998 the government of the country decided to change the name of the capital into Astana, what means “capital” in Kazakh language. In Kazakhstan people speak Russian or Kazakh languages. Kazakhstan has hundreds of nationalities that’s why all people speak their native language. There are many parties in Kazakhstan, for example: Azat, Otan, Alash, Azamat. The president is elected every seven years. The parliament can be divided into two parts. One of them is deputation of Senate and the other is deputation of Mazhilis. Kazakhstan is rich in mineral resources. Coal, oil, timber and gas are the most important of them. I’m proud of my country.

Стихи про Казахстан на английском языке

Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

Jura-Jura-Zhuravel! 

He circled the hundred lands. 

Circled, and passed round, 

Wings, legs натрудил. 

We asked crane: — 

Where are the best land? — 

He answered, flying: — 

Better to have none of the native land!

***

Kazakhstan – топик на английском, который расскажет вам о Казахстане. Kazakhstan is a sovereign state. In December 1991 Kazakhstan declared its independence. Kazak government pursues the policy of friendship and national accord. Historically Kazakhstan has developed as a multinational state. According to the constitution adopted in 1995 every nationality can develop its culture in Kazakhstan. All people of Kazakhstan have equal rights and duties. Both industry and agriculture are developing here. Nowadays many private firms and joint ventures appear. Kazakhstan has established diplomatic relations with seventy countries of the world. President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev is highly respected not only in this country but abroad as well because he is an honest and intelligent statesman.  The most important industrial centres are Karaganda, Pavlodar, Zhezkazgan, Taraz. Our country is rich in mineral resources and minerals. Copper, iron, zinc, lead, coal are mined in Kazakhstan. Now the aim of independent Kazakhstan is to become the country of high technology.  Kazakhstan is good for a place of useful health resorts. People can improve their health at the resorts in Kostanay, Kokshetau, Almaty. They say that Kokshetau is «Kazak Switzerland» because its nature is beautiful and climate is mild. Kazak people are friendly and open-hearted.  Almaty is the cultural, Scientific, economic and transport centre of Kazakhstan. This is one of the most beautiful cities of Asia. The city has a mild climate. Summer in Almaty lasts from May till September with the average temperature of 22 degrees in July. Winter is not very cold with the average temperature of 8 degrees below zero in January.  The city was founded in 1854. Till 1921 it was named Verny. In 1929 Almaty became the capital of the Kazak Socialist Republic. Almaty was the capital of independent Kazakhstan till November 1997. Nowadays the city has seven theatres, many cinemas, hundreds of clubs, libraries and other cultural and educational centres. The most important theatres are the Kazak State Academic Opera and Ballet Theatre named after Abai and the Kazak State Academic Drama Theatre named after M.Auesov. The city also has the Russian, Uigur, Korean theatres and many other troupes.  Verny had only one gymnasium. Now in Almaty there are 185 schools of general education, a lot of technical secondary schools and Universities. Almaty is a University city. Young people from different places og Kazakhstan come to study here.  Almaty is situated at the food of the Ala-Tau montains. The climate is very favourable for gardening. Everybody in kazakstan knows the world famous apples «aport». The citizens of Almaty are proud of the well known skating-rink «Medeo». It is equipped with all modern sport facilities. The most important competition are held there.  Almaty is the city of kind and hospitable people. It is a great pleasure to visit it.

Сахнада түрлі безендірулер болады. Екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары! 

2-жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер! 

1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын! 

2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, қонақтарымызбен таныстырып өтсек: (келген қонақтарды таныстырады)

2-жүргізуші: «Дариға, Домбырамды берші маған, 
Жаныма келші жарым, келші балам. 
Бейуақ, іңірдегі көңіліме, 
Күй болып күңіреніп енші далам 

Домбырам, жүрегіммен үндес едің, 
Сенімен сырласымдай тілдесемін. 
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, 
Өнердің не екенін білмес едім». Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда _______________________(бір күй орындайды) 

1-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 
Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 

2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)

1-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі)

2-жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә?

1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. 

(Хабарлаусыз, бір би жіберіледі) 

1-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

2-жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің, 
Егесімін күллі түркі жұртының. 
Назарына түспесе де дұшпанның, 
Жанарыма тұнған шықты іркідім. 

(Көрініс _______________) 

1-жүргізуші: Иә…. Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 

2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 

1-жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем, 
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген 
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз 
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген. 

2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!

Сыныбы: 10а, ә
Дебат Ел ертеңі — жастар ой — бөліс сайыс сағаты
Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
— Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
— Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
— Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
— Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату;
— Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Түрі: Дебат (пікірсайыс)
Әдісі: Сұрақ — жауап, ситуация туғызу, нақты дәлелдер келтіру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет)

Өту барысы (Қ. Мұрзалинаның сөзі):
Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында сондай — ақ биылғы жылы жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы», «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламаның мақаласы мен Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде де жастар мәселесіне баса мән берілген. Жастар ел дамуының негізгі күші. Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес, ол ел болашағы. Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес. Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларға жұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі. Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып, бала — шағаларын асырап, елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс. Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес, мен еліме, жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс. Сонда біз өркендейміз.
Әділ — қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:

Әділ — қазылар мүшелері:
1. Тәрбе — ісі жөніндегі орынбасары:
2. Бейімдік оқыту жөніндегі орынбасары:

Бұл пікірталасқа 10 а, ә сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.
Жақтаушы тобы
Қарары: «Жас Отан» жастар қанатының съезі – барлық қазақстандық жастар үшін ерекше маңызды оқиға.
Топ мүшелері:
1. Арай
2. Айгерім
3. Мөлдір
Даттаушы тобы
1. Жанар
2. Ақнұр
3. Олжас

Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:
1. Дебат ережесін сақтау
2. Тақырыптан ауытқымау.
3. Сөйлеу шеберлігі
4. Жоғары мәдениеттілік
5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы

Пікірталас ойын шарттары
1. Әр топ өзін таныстыру.
2. Екі топ өз ойларын ортаға салады
3. Регламент сақтау
4. Екі топ өзара сұрақ алмасады
5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары

Тақырыпқа байланысты бейне сюжетке назар аударамыз.
Енді сөз кезегін оқушыларға берсек:
Жақтаушы тобы 1 — оқушы: Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже — ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,- деп қасық қандары қалғанша ар — намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.

Дебат Ел ертеңі — жастар ой — бөліс сайыс сағаты жүктеу

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан-Гулстан!
Осы орайда алғашқы құттықтау сөзді мектеп меңгерушісі Табылдиев Болысбек ағайға береміз
Жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 27 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
Айару: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
Қайсар: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
Әсел: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
Дархан: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
Жанерке: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
Айбын: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Ақгүл: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
Ердәулет: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Несібелі: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
Мұхаммеджан: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
Каусар: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
Өжет: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді.
Айзере: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
Нұрдәулет: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
Айсәуле: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
Әділжан: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
Айым: 2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жыл толды.
Қайсар: 2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.
Айару: 2011 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді.
Дархан: 2012 жылы – «Қазақстан 2050» стратегиясы қабылданды
Айбын: 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды
Айзере: 2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды
Өжет: 2017 жылы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
Жүргізуші:
Ән, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Ән. «Егемен Қазақстан»
1-оқушы:Айзере
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
2-оқушы:Алишер
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
3-оқушы. Әсел
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
1 — жүргізуші.
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
4-оқушы: Айбын
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
5-оқушы. Ақгүл
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
6-оқушы. Өжет
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
7-оқушы: Қайсар
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
8-оқушы. Айару
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым».

Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.
Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.

Қайсар:
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың
Айналайын інішегім ,құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды
Қайран анам күзеткенің түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?

Осы сәтте абақты ішіне тергеушілер кіріп келеді.
Дархан: Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысың? Сен 18 желтоқсан күні сағат 10да қайда болдың?
Қайсар: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Айбын: Жоқ сен өтірік айтпа. Сен Савиицкиді өлтірдің. Сен оның өліміне кінәлісін.
Қайсар: Мен ешкімді өлтірген жоқпын.
Айбын: Мойында!Мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Қайсар: Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын. Бұл жала ғой.
Ердәулет: Бұдан ешқандай пайда жоқ, оданда ісін сотқа түсірейік.
Ақгүл: жарайды онда өзінен көрсін.

Жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
Дархан: Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!
Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын. Айыпкер ақтық сөзіңді айт

Қайсар:
21 де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

Дархан: Алып кетіңдер мынаны .

Милиционерлер алып кетеді.

9-оқушы: Несібелі
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
10-оқушы.Әбілхан
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
11-оқушы:Жанерке
Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
12-оқушы:Мұхаммеджан
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Жүргізуші:
Ортада биші қыздарымызды қарсы алыңыздар. «Аққу» биі
Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Ән. «Алға Қазақстан» Ұлдарымыздың орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Қаражорға» биі.
Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
13-оқушы:Айым
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
14-оқушы: Әділжан
Беу Астана!Ардақты ақ қаласың!
Жасап жатыр туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол! Ортаймас бақ орнасын!
15-оқушы:Кәусар
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті
Л –дейді лағып лепірме
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі
ТӘУЕЛСІЗДІК жасай берсін мәңгілік
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Біз отанның ұланымыз»
Жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.

Жүргізуші.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Тынышбаева Ақтолқын

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?уелсіздік 30 жылды?ына арнал?ан сценарий бастауыш
  • Сшить юбку девочке на праздник
  • Т?уелсіздік ?ойылым сценарий
  • Сшить девочке платье на праздник осени
  • Т?уелсіздік ??рдастарымен кездесу сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии