Т?уелсіздік елімні? ерлік жолы сценарий

?аза?стан Республикасы, Ма??ыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы,Ж.?алды?араев атында?ы орта мектеп ММ-ні? бастауыш сынып м??алімі Карымсакова Акмарал Тур

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ тарихын оқушыларға көрініс арқылы жеткізіп, Тәуелсіздік сана сезімін оятып, саяси сауаттылығын арттыру. Бостандық үшін күрескен тұлғаларды еске сақтау арқылы, туған елінің болашағына сеніммен, құрметпен қарайтын саналы азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, көрініс, түрлі жайма қағаздар.

Жүрісі:

  • Тәуелсіздік таңы атты, Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Азаттық! Теңдік! Тәуелсіздік! Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының дәуірі – қазақтың ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігінің шарықтаған шыңы. Жәнібек пен Керей, Қасым мен Хақназар, Тәуекел мен Есім хандардың жетекшілігімен халқымыз 300 жылдық тәуелсіз хандық дәуірінде өмір сүрді. Осы дәуірді халқымыз «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» бейбітшілік пен азаттық дәуірі деп еске түсіреді. Алайда, халқымыздың бейбіт өмірі тәуелсіздік үшін күреске түскен сындармен қатар жүрді. Тәуелсіздік шежіресіне көз жіберсек сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам құрбан болды. Туған жер үшін, ел үшін хандарымыз, батырларымыз айқасып, халық бірлігін сақтап, нығайтты.

Ақ білектің күшімен

Ақ найзаның ұшымен

Қазақ жерін сақтап қалып

Ұрпағына аманат етті

Осы тәуелсіздік алу үшін

Күрес жүргізген батырларымызды білуіміз керек.

Мұғалімнің сөзі: ХVІІІ – ші ғасырдағы қазақ тарихы ел тағдыры үшін шешуші сәттерге толы, қайғылы да қасіретті кезең.

Бағлан. Абылайдың жас кезі.

Ата – бабам жатқан жер жат қолында қалмасын,

Әз Жәнібек, Қасым хан аруақтары қалқасын

Хандық болған қазақты қуғындаған оңбасын.

Аттың жалын тартқан соң қайтарамын кегімді

Қалың жұртқа жиналған танытамын тегімді

Аталарым, ер есім Салқым Жәңгір тоғымды

Тоз – тоз болған, халқымау, түгендермін жоғыңды.

Мұғалімнің сөзі: Бұл қазақтың өз мемлекеттігі мен тәуелсіздігі үшін күресте жанталасқа түсіп, «найзаның ұшына, білектің күшіне» жүгінген қиын – қыстаулы тарих беттері.

Жан – жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, оның қоластындағы башқұрт, қалмақтардың, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасады. Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Сол кездің өзінде халқының болашағы үшін бүкіл күш – жігерін салатын суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар Абылай, ту ұстайтын Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек батырлар, елді ерлікке шақыратын Бұхар жырау сияқты жыршылардың бастауымен тәуелсіздікті сақтап қалдық. Абылай бастаған шанды жорықта жоңғарлар 1771 жылы талқыланды.

Осы кезде бүкіл қазақтың жақсылары Абылайды ұлттық азаттылығын сақтайтын тұлға деп танылды. Хан деген атаққа ие болды.

Көрініс: Досымұратов Даниял

Малына өріс табамын

Жанына тыныс табамын

Қалың қазақ қамы үшін

Қажетпе ұрыс табамын.

Еріне найза табамын

Еліне пайда табамын!

Анталаған дұшпанның жолына айла табамын.

Ұрпақтың үнін табамын

Бабаның құнын табамын

Түңіректі түгелде керекпе тілін табамын.

Темірдің сырын табамын

Тұлпардың сынын табамын

Төрт тарапқа шерулі

Тыныштық күнін табамын.

2015 жылы Қазақстанда Абылай ханның 550 жылдығы аталады.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқы тәуелсіздік жолындағы 300 жылдық ұлы күресі мен қажырлы еңбегінің арқасында бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізді. Тек кейінгі екі ғасырдың ішінде өз бостандығы жолында Ресей империясы мен басқа да отаршыларға қарсы қазақ халқы бір күнде өзінің күресін тоқтатқан емес. 600 – ге жуық көтерілістер – халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысының айғағы. Тарихтағы Сырым мен Исатайдың, Кенесары мен Жанқожа бастаған ұлы азаттық күрес, патша әкімдігінің озбырлығына, хан – сұлтандардың дәрменсіздігіне ашынып қолына қару алып, саяси желіге қарсы шықты. Өз туған жерінде отырып, көзінің қарасы мен ағындай Еділ мен Жайықта су іше алмасақ – қорлық емес пе. Сырым хан болмаса да қара емес. Барша Батыс қазақтарының көсемі.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас – ты, деп халқының болашағы үшін жан азабына түскен кешегі Алаш зиялыларының күресі – тәуелсіздік жолындағы күресіміздің айғағы.

Тәуелсіздік – ата – бабамыздан мирас болып қалған ұлы құндылықтарымызды: тілімізді, дінімізді жаңғартуға мүмкіндік берген асыл қазына.

Мұғалімнің сөзі: 1986 жыл 16 желтоқсан оқиғасы қазақтың санасын сілкіндірді. Отаны сүйетіндер, Отан үшін отқа түсетін жастарымыз қарға тамған қанымен бірге елімізге егемендік – Тәуелсіздік әкелді.

Гүлден: Сол бір сәтте бұлт торлады аспанда

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

Аружан: Қатыгездік жұдырығы түйіліп

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Ата – баба аруағына сыйынып.

Мұғалімнің сөзі: Аңғал сезіммен алаңға шыққан қыз – жігіттердің ойы халықтың құқықтарын қорғап, көкейтесті мәселелерді көтеру еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы әскерлер қарсы алды. Үкімет үйінде жастарды аяусыз жазалайтын «Құйын – 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Қазақ халқын дүниеге танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сапатаев, Сабира Мұхамеджанова тағы басқалары сияқты қазақ жастары құрбан болды.

Хақназар: «Нашақор» — деп, «ұлтшыл» — деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір түнде

Қайғыға халық батқан күн.

Ақбота: Алаңға шығып, ойын айтты жастарым

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын

Содан барып, тонды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым.

Мереке: Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында

Боздандыққа көнбеген қазақтардың.

Ақнұр: Бақтың құсы ер адамға қонып бір

О тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

Дидар: Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз

Отан үшін отқа түссең күймейсің

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

Айжан: Елім барда, мен де бармын өмірде

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

Алуа: Елім барда мен бақытты ұланмын

Елім сүйсе, сенімінен шығармын

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Малик: Елім барда еңсем биік менің де

Өйткені мен жүрмін туған жерімде

Тілім, дінім, досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

Ислам: Енді бүгін өлген туым тігілді,

Әнұраным алды жаулап ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріңе келіп ілінді.

Мұғалімнің сөзі: Тәуелсіздік тұғырының нығаюына Елбасымыздың – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлесі аса зор. Президентіміздің басшылығымен бүгінгі күні егеменді еліміз бүкіл әлемге танымал, қарқынды дамып жатқан елге айналдық.

Келешек ұрпағының қандай болатынын бұдан 300 жыл бұрын Мөңке би былай деп сипаттайды:

Саз балшықтан үйің болады,

Бозбаладан биің болады.

Аттың жақсысы арбада болады,

Жігіттің жақсысы саудада болады, — деп Мөңке би болашақты болжаған екен. Осы болжам бүгінгі заманға дәл келіп тұрған жоқ па? Олай болса, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзбен ойымызды қорытындылайық.

«Тәуелсіздік – халық үні, ұлттың тілі мен діні».

Ән: Атамекен.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне

арналған мереке

Тақырыбы: ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ

Фанфары

Заставка Хабар

Слайды

На сцене сидят 2 телеведущих (Зарина и Талғат).

1 – жүргізуші Талғат

Сәлеметсіздер ме, құрметті телекөрермендер! Бүгін барша қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21-жылдығын атап өтуде. Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, бақытты балалық шағымыз үшін желтоқсан құрбандарын, сондай-ақ тарихтың әр тұсында туған, жерді қорғаған қайсар ерлер аруағының алдында қарыздармыз. Бүгінгі біздің еркіндігіміз, тәуелсіздігіміз, бостандығымыз халықтың сан ғасырлар бойы азаттыққа ұмтылған күрес арқылы жеткен биігіміз. Олай болса сол азаттық үшін күрескен ерлер рухына тағзым етейік.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Басқалардың тимесінші кесірі

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

2- ведущая Зарина

Сегодня весь Казахстан празднует великий день – День Независимости За мирную жизнь, за сияющее солнце над головой, за счастливое детство должны быть благодарны тем героям, которые боролись в разные этапы истории за свободу нашей страны. Сегодняшний наш суверенитет подарен нам георями-борцами за независимость через огромные жертвы.

Казахстан расцветает, как природа весной!

Мир и солнце сияют над прекрасной страной!

И летят над планетой дорогие слова:

Астана – Казахстан, Казахстан – Астана…

Good afternoon! We congratulate you with a holiday of independent! We wish you good luck, be healthy, wealthy and wise!

This land is your land

And this land is very big land

From Petropavlovsk to Almaty

From white sand desert

To the central steppe land

From the Caspian sea

To the Lake Balkhash

This land is made for you and me!

1 – жүргізуші Талғат

1991 жылы Республикамыз Тәуелсіздігін алғаннан кейін 21 жылдың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол туралы толығырақ тілшіміз Вострикова Марияның бейнематериалынан тамашалай аласыздар.

3 – телеведущая Мария

Добрый день дорогие телезрители! За 21 год наша Республика достигла немалых высот, и об этом в кратце из следующего видеоматериала(слайд).

Эта была краткая хроника событий за годы Независимости. С Вами была Мария Вострикова специально для агентства Хабар.

2 – жүргізуші Зарина

Сегодня преподаватели и студенты Медицинского колледжа города Караганды

отмечают этот знаменательный день. О том как проходит мероприятие более

подробно вы можете узнать из репортажа нашего специального корреспондента

Марии Востриковой.

Today in Karaganda medical college teachers and students are celebrating the

holiday of independence Day. Our journalist Maria Vostrykova is in this college now.

Z: Maria do you hear me?

M: Yes, thanks Zarina.

3 – телеведущаяМария

Добрый день, дорогие телезрители, наша съемочная группа побывала во многих

местах, где отмечают праздник Независимости и теперь мы находимся в

Медицинском колледже города Караганды.

И мы становимся свидетелями торжественного момента внесенияГосударственного символа.

(играет гимн)

Команда Кажгалиева Арона Амангельдиевича:

Тік тұрыңыздар! Мемлекеттік Ту әкелінсін!

3 – телеведущая Мария

А сейчас директор Медицинского колледжа города Караганды, кандидат

медицинских наук Нурбеков АманжолНурбекович спешит поздравить свой

коллектив и учащихся.

Речь Нурбекова Аманжола Нурбековича.

Команда Кажгалиева А.А. Тік тұрыңыздар! Мемлекеттік Ту шығарылсын!

Вынос Гос.символа.

Оркестр «Балауса».

3 – телеведущая Мария

16 декабря — день рождения свободы Казахстана. Из года в год мы будем помнить этот день,

восхищаться и говорить об этом с чувством гордости.

Будущее Казахстан

Мир, согласие и достық

-Дети мира – это мы!

Так сказал наш Президент.

И об этом пусть узнает

Каждый континент.

Талғат, Зарина так как будущее Казахстана в руках молодежи учащиеся колледжа пришли со своими музыкальными поздравлениями.

А сейчас давайте наслаждаться их творчеством.

ТАНЕЦ 1-Ф4 «АДАЙ»

ПЕСНЯ 1-2 «ҚАЗАҚ ЕЛІ» Гүлден

ТАНЕЦ «ЛЕЗГИНКА»

МӘССӘҒӘН, МЕН АЛДАНДЫМ 3-4

КЮЙ «ҚОБЫЗ ДУЭТ»

1 – жүргізуші Талғат

Шынымен де, Қарағанды қаласының медицина колледжінің оқушылары өнерлі екен.

Келесі кезекті спорт жаңалықтарына берейік. Абылай сөз кезегі өзіңізде!

4 – телеведущий Абылай

Да, Талғат. А сейчас о спортивных новостях.

В колледже проводятся немало спортивно – оздоровительных мероприятий, то есть ведется здоровый образ жизни.

«Фестиваль здоровья». «Неделя бегуна».«Легкоатлетический кросс». Областные соревнования по мини-футболу. Спартакиада колледжа на шашках, шахматах, настольному теннису, тогыз-кумалаку,

Областной легкоатлетический кросс «Золотая осень».Соревнования по баскетболу на первенство МКК.Различные флеш-мобы А также ежедневно учащиеся колледжа совмещая приятное с полезным делают физкультпаузы.Слайды

Это были краткие новости о спорте.

Усенов Абылай специально для агентства «Хабар».

ПЕСНЯ «Мой Казахстан» Катя и Кристина

ТАНЕЦ 1-Ф4 «Таджикский»

ПЕСНЯ 2-6 «ТУҒАН ЖЕР»

ТАНЕЦ 2-Ф5 «КАЗАХСКИЙ НАРОДНЫЙ» МАДИНА

ПЕСНЯ 2-ГЭ «ҚЫЗЫЛ ӨРІК».

ХОР МАЛЬЧИКОВ «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ».

3 – ведущая Зарина

Да, Талғат. Ты наверное согласишься со мной если мальчики этого колледжа будут продолжать в таком же духе, они станут настоящей опорой нашей страны.

А теперь с прогнозом погоды в колледже Вас ознакомит Мария.

And now, let’s see the weather forecast.

Слайды Мария метеопрогноз.

Погода ЦМК.

На данном ЦМК облачно с прояснениями. Сулейменова Ж.Т. съездила на учебно-исследовательскую студенческую конференцию и заняла первое место, а наши участники эстафет неоднократно выигрывали призовые места.

По циклу прошлись метели и морозы. Но с выходом публикации Ергалиевой Светланы Садвокасовны и с прохождением ФПК Аскаровой С. А, Вареха Е. Я. и Литвинова Н.А. Погода немного прояснилось.

На цикле естественно-научных дисциплин солнечные ясные дни, в связи с тем, что Суйндикова Айжан Сериковна в Астане выступила с докладом на тему «Педагогические измерения» и Жантурина Дана Копжасаровна успешно съездила на Республиканскую научно-практическую конференцию.

На цикле терапии и сестринского дела малооблачно, преподаватели в полном составе прошли курсы повышения квалификации, Омаровой А.А. и Байболиной А.Т. совместно с представителями практического здравоохранения была проведена научно-практическая конференция.

В этом цикле малооблачно. Темникова Н.А. опубликовала статью в журнале «Мейiрбике iсi». А преподаватель этого же цикла Бикетова Л.А. стала заведующей отделения «Сестринское дело» и «Акушерское дело».

На данном цикле солнечно, местами снег, метель.

Намечается поездка Куанышевой Б.Ш. и Апраимова А.А. в Кокчетавский медицинский колледж.

26 сентября провели общеколледжное мероприятие, посвященного Международному дню контрацепции.

Разместились в очередном выпуске Республиканского журнала «Сестринское дело».

Весь семестр на цикле языковой подготовки стояли солнечные дни, так как проходил фестиваль языков на высшем уровне. Соловьева Ю.А. провела открытый урок. Мухамеджанова А.С. и Тулеуова Д.К. прошли курсы повышения квалификации и идет подготовка Искаковой А.Е. к олимпиаде по иностранному языку. Методист колледжа Жумабекова Л.М. успешно съездила в Туркестан.

На цикле педиатрия благоприятная погода, так как все преподаватели прошли курсы повышения квалификации, Тихонова Г.П. провела открытый урок и глобальное потепление намечается к 20 декабрю в связи с поездкой Койшегариной Р.С. на Республиканский конкурс.

Несмотря на все ненастные и пасмурные дни: грозы, бури, дожди, морозы с приездом руководства колледжа из Финляндии и Омска в колледже солнце засияло еще ярче!

Мария Вострикова специально для агентства «Хабар».

3 – ведущая Зарина

Осы колледждің оқушылары: Ратькина Екатерина,

Мадышова Гульсим,

Айдос қызы Жанерке,

Самоилова Еленаның

туған күндері Республикамыздың Тәуелсіздігімен тұспа – тұс келіп отыр. Оларды құттықтай отырып, сахна төріне мерекелік тортты алып шығуларын сұраймыз.

Сахна төріне мерекелік торт шыгарылады.

3 – ведущая Зарина

Құттықтау сөзін Қарағанды қаласының медицина колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Купесбаева Бақыт Нұрғалиқызына береміз!

Слова Купесбаева Бахыт Нургалиевной.

Салюттар, хлопушкалар, слайдтар.

1 – жүргізуші Талғат

Ал, құрметті телекөрермендер, бүгінгі жаңалықтар реті осындай. Еліміздің төл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мол

табыс тілейміз! Бүгінгі мерекелік бағдарламамызды осымен аяқтаймыз.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Қарағанды қаласының медицина колледжі

Медицинский колледж города Караганды

Бекітемін________ 2012 ж.

Утверждаю

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Купесбаева Б.Н.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне

арналған мереке

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ»

Праздник посвященный ко Дню Независимости

Республики Казахстан

«…

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту туған жерінің елінің болашағына үлес  қосып бостандық тәуелсіздік үшін бостандық еркіндік үшін өздерін құрбан еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін насихаттау, жастар арасында өз ана тіліңді құрметтеу тарихи деректердің маңызын аша білуге дағдыландыру Отанын сүйуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің ……. жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты тарихи  сыр сұхбатымызға   қош келдіңіздер!
Флеш галерея  
Жүргізуші: Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. «Қазақ  халқы  сан  ғасырлыр  бойы  өзінің  егемендігі  мен  тәуелсіздігі  үшін  күресіп  келді. Өзінің  ең  жақсы  қасиеттерінің  бірі – қатер төнген  сәтте  бірігіп, ұйымдаса  білуінің,  сондай-ақ басқа  халықтармен  бейбітшілік, келісім  мен тату  тіршілік  жағдайында  тұруға  деген  ынта-ықыласының  арқасында  ол  тарих  тасқынының  астында  қалып  қоймай, өзінің  мемлекеттігін  қалпына  келтіре  алды» —  деп  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай, ата-бабамыздың ежелден  келе  жатқан  арманы – тәуелсіздікке халқымыздың  бостандыққа  деген  ұмтылысының  және  өшпес қайсар рухының  арқасында  қол  жеткіздік.
Жүргізуші: Кең  даладан, бос  даладан  не  пайда, Кең  далада  бостандығың  болмаса, — деп  Қадыр  ақынның  бостандықты  жырлауы  ата-бабамыздың  аңсаған  асыл  арманы – азаттыққа  үн  қосып, аға  ұрпақтың  жас  ұрпаққа  артқан  сенімі  еді. Сол  сенімді  бойында патриоттық сезімі  алаулаған, «елім», «жерім», «қазағым» деген бодандық  құрсауын  бұзуға  ұмтылған  қара  қазақтың қайсар  ұл-қыздары асқан  ерлікпен  ақтап, қарсы  келген  жауының  қаһарын  қайтарды. Осындай  өжет те батыл, ержүрек ұл-қыздарымыздың  арқасында қазақ  халқының  басына  күн  шуағын  шашқандай  бейбіт, жарқын  туды. Ол күн, әрине, 16 желтоқсан.

Иә, Желтоқсан десе сонау 1986 жылғы оқиғаны  еске алмай болмас.Желтоқсан оқиғасы мәңгілік тарих.Тәуелсіздік түптамыры желтоқсан оқиғасына байланысты екендігіне ешкім дауа айта алмас. Бейбіт шеруге шығып билік тарапынан ұлтшыл деп саналған жастарымыздың  бір бөлігі қандықырғында көз жұмса Аман қалғандары Егеменді еліміздің куәсі

болып өздері аңсаған азаттың қызығын көруде деп ойлаймыз.    16 желоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасырет мидай араласқан әрі жарқын әрі қаралы күн еді Бұл күн Қайрат, Қайыргелді, Сабира, Түгелбай, Ербол, Лаззат сынды жүздеген қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні. Ендеше Желтоқсанның ызғарындағы боздақтарымызға  рухын еске алып бір сәт үнсіздік жариялайық.

1 мин үнсіздік
Жүргізуші:     Сол бір Желтоқсан оқиғасының куәгерлері қонақ ретінде келіп отыр. Таныстырып кетейін, қаламыздың №9 мектептің тарих пәнінің мүғалімі Желтоқсан оқиғасының куәгері Үміт Сейтжанқызы, СЭС  қызметкері Алібай Қалыбекұлы Дакеев ағамыз және 7 мектеп гимназиясының мұғалімі Айгул Ажаровна келіп отыр. Хош келдіңіздер!
Жүргізуші: Үміт Сейтжанқызы тарихшы ретінде Желтоқсан оқиғасына қандай баға берер едіңіз? Сонымен бірге өзіңіз куә болған оқиғаға тоқталып өтсеңіз.
Жүргізуші:  Тәуелсіз мемлекет болуға шырылдап жанын қиған ағаларымыздың сол кездегі оқиғаларынан көріністі ұсынамыз.
Көрініс
Жүргізуші: 1986 жыл Камерада отырған Қайрат пол жуатын апайдан уйіне жазган хатын беріп жібереді. Апай апарып беріңізші өтінемін! сізге. Жарайды алам бол ешкім кормесін. Қалтасына тығып алады. Анасы хатты оқып отыр, егіле жылап.

«Құрметті! Анам, Әкешім, Қарындасым,  жылы жүзді жеңгейлер,  қара көз қарындастар, Қамқоршы  жәрдем  берер ағаларым,   елім үшін тар қапасқа  келіп түстім. Асыл анашым мына хат сендердің қолдарыңа жетер, жетпес, кім біледі? Сендерді жанымдай жақсы көретінімді айтқым келеді. Сіздің ақ сүтіңізді ақтай алмай кетем бе деп жүрегім қарс айырылып өкінемін. Әттең! Сенші маған анашым жаман еш нәрсе жасағаным жоқ. Кісі  өлтірді деп жатқандары жала! Менің айыбым ұлтымыздың намысын таптатқым келмегені. Алаңға шыққан әр бір қызды өз қарындастарымдай көрдім. Оларды мұзға сүйреп, шаштарынан жулып үстері не су шашып сүйрегенде Ағайлар көмектесіңіздер деген жан дауыстары журегімді елжіретпей қоймады.

Жан анашым уақыт өте бары озгерер. Егемендікке қол жеткізерміз. Бейбіт заман орнайтынына сенемін.  Қош бол, анашым. Қош бол, қарындасым, менің туған елім!»

Автомат үні

Музыка койылады. Арнау оқылады.
  Осы бір тебіреністен кейін келесі сөз кезегін СЭС келіп отырған 16 желтоқсан оқиғасының куәгері Алібай Қалыбекұлы Дакеев ағамызға жастарымыздың арасында сұрақтары бар.
Сұрақтар: 1. Алібай Қалыбекұлы, 1986 жылдың азаттық үшін бас көтерген жастар арасында Сіз де болдыңыз, сол уақытты еске түсірсеңіз.

2. Сізді  сол уақытта қандай жайт толғандырды?

3. 1991 жылдан бері жеке өміріңіз,  өз басыңызға қатысты ең маңызды өзгеріс деп нені айтар едіңіз

Ән
Сұрақ: Айгүл Ажаровна,  Облысымыздың түкпірінде шерулер болып жатты жастар арасында сіз де болдыңыз сол жайлы айтып берсеңіз.
Жүргізуші: Осы ісшарамызға «Кәусар» жастар ұйымының ең жас мүшесі Сайран Нұрсұлтан Тәуелсіздікке арнауын осында отырған апаларымыз бен ағамызға арнамақ.
Флеш-галерея
Жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Дүниені дүр сілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі  есте қалары сөзсіз.  Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашан да  бәрінен де биік тұрады.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей  1991 жыл –  еліміздің бейбіт, тату өмірге  деген  ең  алғаш  қадам  басқан  жылы. Сол  сәттен  бері, міне, азаттық  әні  әуелеп, тұғырымызда  тәуелсіздіктің  туы  желбірегеніне  24 жыл.

Тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі  аз  уақыт  ішінде елеулі  табыстарға  қол  жеткіздік. Қазіргі  таңда  Қазақстан  әлем  сахнасында  мақтанарлықтай беделге  ие. Егемен  Қазақстанды  бүгінде  бүкіл  әлем  танып  отыр. Аз  уақыттың  ішінде   еліміз  бізден  бұрын  тәуелсіздігін  алып, дамыған  елдермен  терезесі  теңеле  түсіп  келеді. Қазақ  елі  Тәуелсіздік  алғаннан бері  қуатты  мемлекет  ретінде  қалыптасып, әлемнің  дамыған, алдыңғы  қатарлы  еліне  айналу  жолында  биік  белестерді  бағындырып, өзінің  дамыған  ел  екендігін  дәлелдей  түсуде.  Осы  24 жыл  ішінде  экономикалық, әлеуметтік  маңызы  зор  жобаларды  қолға  алып, әлемдік  деңгейдегі  іс-шаралардың  өтуіне  ұйытқы  бола  білдік.

Ән
Жүргізуші: «Тәуелсіздіктің біздің  бәрімізге артар  сенімі  мол.  Енді  еңселі  ел  болудың  жолына  шындап  түсуіміз  керек.  Әлеуетіміздің  асуы  да, дәулетіміздің  тасуы  да  бүгінгі  жастарымыздың  қолында» — деп Елбасымыз айтқандай, бүгінде  жастарға  артар  сенім  мол. Сол  сенімді біз,  жастар, ақтауымыз  қажет. Себебі, Қазақстанның  болашағы – жастардың  қолында!
Ісшара қатысушылармен сұхбат. Сұрақ-жауап
Жүргізуші: Көрмедік біз Желтоксанның жанға батқан жарлығын.

Естімедік есілдердің ел деп айтқан    зарлы үнін

Білерім тек олар мәңгі тәуелсіздік жолында,

Тәуекел деп жүрегімен таңдап кеткен  тағдырын

Енді біздер солар жайлы жазып жүрміз жыр дастан.

Шүкір шүкір бақыттымыз көгімізде нұрлы  аспан.

Желтоқсанда жәбір көрген ағалардың арқасы.

Ұрпақ үшін ұланғайыр жұмбақ толы сырды ашқан.

Тарихтардың беттерінде сақталатын тұмарлы

Халқымыздың қахарманы дер едім мен бұларды.

Әттең қазақ тірісінде ардақтамай асылын.

Өлгеннен соң өксейтұғын жаман әдет шығарды.

1986 қайғы жатыр бұл санда

Ұмытпаймын пәк кеудемнен жұлсаң да.

Тірісінде ардақтайық арда туған ұлдарды.

Артық емес бұлар үшін қанша құрмет қылсаң да

Біздер екен болашақтың қыраны мен сұңқары

Біз екен атып жатқан нұр таңы

Біздер екен желтоқсанда жалындаған жастармен

Ұлы Отанда ұлтшыл деген ұлылардың ұрпағы.

Еліміздің жылдар санап атып жатыр қарқыны

Әнұраны, Елтаңбасы Желбіреген бар туы.

Тәуелсіздік бізге берген жаратқанның тартуы

ОЛ Қайраттардың қаныменен жуылған.

Тәуелсіздік Лаззаттардың арыменен буылған

Жылап тұрып Желтоқсанның боздақтарын еске алып.

Құлап тұрып Қазақстан сүйем сенің туыңнан»

Бүгінде бар әлемге даңқың  жетті

ТәуелсізҚазақстан – елім менің.

«Көк тудың желбірегені»  видеоролик
Жүргізуші: Ал енді сыр-сұхбат кешімізді аяқтай отырып, кешімізге келген қонақтарымызға алғыс айтамыз. Отбастарыңызға амандық тілейміз.

Сау  саламатта болыңыздар!

Ұқсас материалдар:

  1. Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі. Тәуелсіздік күніне сценарий
  2. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий
  3. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы». Тәуелсіздік күніне арналған сценарий
  4. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы
  5. 16 желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
  6. «Егемендік елдігім-Тәуелсіздік теңдігім!» атты тәрбие сағаты
  7. 16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН» ЕРТЕҢГІЛІГІ
  8. Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
  9. Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы (ашық тәрбие сағаты)

1-Жүргізуші:Иә,ата-бабам аңсаған азаттық таң.

2-Жүргізуші:Ата –бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкке желбіреді.

1-Жүргізуші:Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.

2-Жүргізуші:Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.

1-Жүргізуші: Ендеше ,сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты мерекелік шарымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақпақтар айтылады

Ажар :

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Толғанай:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өреңдер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ертіктерін мәңгілік сақталады

Марал

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңігік

Ел жадында қалған күн

Айда

Елдігімнің реңі

Теңдігімнің тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі

Алтын заңым арай таным

2-Жүргізуші:Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О ,Тәңірім бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне Тәуелсіздік,ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

«Біз Отанның ұланымыз»

Орындайтын :Тұрсын.Марал.Жанель

1-Жүргізуші: Аяз қысып ,төкті қыс та қаһарын

Сиретпеді жастар бірақ қатарын

Қайдан білсін милиция қорғаны

Ұрып-соғып суық сумен атарын!

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.

Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.

Автор сөзі:

Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді асылдар

Қартайғанда жүрегінді жаралап

Кесір болды-ау біз секілді масылдар

Айналайын қарындасым қарағым

Қолда кісен мен айдауға барамын

Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды

Айтшы жаным қандай жанға баладың

Айналайын інішегім ,құлыным

Сені ойласам үзіледі жұлыным

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай

Кетіп барам мен айдауға құлыным

Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды

Құпия шерттім осы жан сырымды

Қош енді жолықпасам қайран анам

Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды

Қайран анам күзеткенің түгелме

Көктеректе жазықсыз екенімді білеме

Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде

Саған дағы елің,жұртың күле ме?

Осы сәтте тергеушілер кіріп келеді.

Рамазан :Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысын?

Сен 18 желтоқсан күні сағат 10де қайда болдың?

Тұрсын :Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.

Бейбарыс :Жоқ сен өтірік айтпа .Сен Савиицкиді өлтірдің .Сен оның өліміне кінәлісін.

Тұрсын :Мен ешкімді өлтірген жоқпын.

Бейбарыс : мойында !Мойындасаң жазаң жеңілденеді.

Тұрсын :Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын.Бұл жала ғой

Досжан :Бұдан ешқандай пайда жоқ,оданда ісін сотқа түсірейік.

Гүлсім :жарайды онда өзінен көрсін.

Автор:Елім деп ,қазағым деп айдай әлемге жар салып,ұлтының намысын қорғаған даланды ,жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күнде жетті.

Автор:Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!

Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып 3 жылға бас бостандығынан айырылсын,жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын.

Рамазан :Айыпкер ақтық сөзіңді айт

Тұрсын:

21 де жасым бар

Күнәдан таза басым бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Автор :Алып кетіңдер мынаны .

Милиционерлер алып кетеді.

1-Жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл

Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл

Он бір әріп не мағына береді

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл

Т –білдіреді теңдікті

Ә –әдептілік ,өрлікті

У –уайымсыз уақытты

Е –егемендік елдікті

Л –дейді лағып лепірме

С –сенімділік секілді ең

І –ілтипат пен ізет ғой

З –зиялылық тілек қой

Д –шақырады достыққа

І –ілкімді боп сақтыққа

К –дейді күн бол көктегі

2-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен

Шуағын күн төгеді енді көктен

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Ән :Желтоқсан желі

Ән :

1-Жүргізуші:Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған

Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған

Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын

Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын

Азаматтарымыздың арқасында ата –бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.Халқымның ар –намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбектері ақталды.

2-жүргізуші:Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік ,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын.

Хор

Мың жаса ,Тәуелсіз қазақ елі!

Тәуелсіз елімнің — ерлік жолы.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, бейнебаян. Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н. Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

— Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздікке биыл 25 жыл толды. Бүгінгі 8 класта өткізгелі тұрған «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін!
Мақсатын хабарлау.
Әнұран:

Оқушыларға сұрақтар.
Қазақстан туралы не білеміз? Оқушылар жауабы..
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын — қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Топқа бөлу І топ — Қазақстан, ІІ топ — Тәуелсіздік
Мақал арқылы топқа бөлу.
Слайд: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған.(тарихи оқиғалар )

2 — топқа сұрақ: Қандай тарихи оқиғаларды білеміз?
1- топ 1465 – 1986 жылдардағы тарихи оқиғаларды айтады.
2 -топ 1986 – 2016 жылдардағы тарихи оқиғаларды айтады.

1 — оқушы:
Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Керей мен Жәнібек бастаған қалың қол елді жаудан қорғады.

2 — оқушы.
Қазақ хандығы 1465 — 1847 ж. Аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейін, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы — Керей, соңғы ханы — Кенесары Қасымұлы
Мұғалім: 1 топ: Ал екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білеміз?

3 — оқушы:
1941 жылы 22 — маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын — қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 — де болған еді.
Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 — мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды.

4 — оқушы:
Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

2 — оқушы:
1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл.
Мұғалім: 2 топ: Желтоқсан көтерілісі туралы не айтуға болады?

4 — оқушы
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:
1986жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

5 — оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 — желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Хор: Желтоқсан желі әні:
Оқушы:
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай?.
1 — оқушы: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы
Мақсаты :Оқушыларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді ,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру ,оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Отанды сүюге ,құрметтеуге,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге ,ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері :Еліміздің рәміздері,нақыл сөздер,Желтоқсан құрбандарының суреттері.

Күй ойнап тұрады .Жүргізушілердің сөзі басталғанда күйдің даусы ақырындатылады.
1-Жүргізуші:Қазақстан –егеменді ел,тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел

2-Жүргізуші:Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның
Шартаратпа шаттығыңдай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы ,Елтаңбасы,бірлігі!
Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!

Әнұран орындалады.
Би :»Қара жорға»
1-Жүргізуші:Иә,ата-бабам аңсаған азаттық таң.
2-Жүргізуші:Ата –бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкке желбіреді.
1-Жүргізуші:Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
2-Жүргізуші:Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.
1-Жүргізуші: Ендеше ,сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты мерекелік шарымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ән :Ақнұр
Тақпақтар айтылады

Ажар :
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Толғанай:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өреңдер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ертіктерін мәңгілік сақталады

Марал
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңігік
Ел жадында қалған күн

Айда
Елдігімнің реңі
Теңдігімнің тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтын заңым арай таным

2-Жүргізуші:Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О ,Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне Тәуелсіздік,ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Ән: Желтоқсан желі

1-Жүргізуші: Аяз қысып ,төкті қыс та қаһарын
Сиретпеді жастар бірақ қатарын
Қайдан білсін милиция қорғаны
Ұрып-соғып суық сумен атарын!

2-жүргізуші:Желтоқсан оқиғасыныңбасты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.
Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.

Автор сөзі:
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың
Айналайын інішегім ,құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды
Қайран анам күзеткенің түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?

Осы сәтте тергеушілер кіріп келеді.

Рамазан :Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысын?
Сен 18 желтоқсан күні сағат 10де қайда болдың?

Тұрсын :Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.

Бейбарыс :Жоқ сен өтірік айтпа .Сен Савиицкиді өлтірдің .Сен оның өліміне кінәлісін.

Тұрсын :Мен ешкімді өлтірген жоқпын.

Бейбарыс : мойында !Мойындасаң жазаң жеңілденеді.

Тұрсын :Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын.Бұл жала ғой

Досжан :Бұдан ешқандай пайда жоқ,оданда ісін сотқа түсірейік.

Мұхамед:жарайды онда өзінен көрсін.

Автор:Елім деп ,қазағым деп айдай әлемге жар салып,ұлтының намысын қорғаған даланды ,жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күнде жетті.

Автор:Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!
Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып 3 жылға бас бостандығынан айырылсын,жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын.

Рамазан :Айыпкер ақтық сөзіңді айт

Тұрсын:
21 де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

Рамазан :Алып кетіңдер мынаны .

Милиционерлер алып кетеді.

Ән :Біз отанның ұланымыз

1-Жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті
Л –дейді лағып лепірме
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі

2-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен
Би :Вальс

1-Жүргізуші:Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын

Азаматтарымыздың арқасында ата –бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.Халқымның ар –намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбектері ақталды.
2-жүргізуші:Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік ,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын.
Хор
Мың жаса ,Тәуелсіз қазақ елі!

«Жұпар» балабақшасы

Shape1
Picture 20
(Ашық тәрбие сағаты)

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?уелсіздік ел тірегі сценарий
  • Съемка новогодних праздников
  • Т?уелсіздік деп со?ады ж?регіміз сценарий
  • Съезжий праздник что это
  • Т?уелсіздік дебат сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии