Т?жік ау?ан со?ысы туралы сценарий

Ау?ан а?и?атыЖарияланды4-02-2014, 17:53Категориясы:СценарийМа?саты: Ау?ан о?и?асыны? тарихи ма?ыналы? а?и?атын ашуТ?уелсіздік жолында к?рескен а?аларымызды? ерлігін кейінгі ?рпа??а ?лгі ете отырып, жастардыОтанс?йгіштікке, ерлікке баулу, Ау?ан со?ысы ардагерлеріне ??рмет к?рсетуК?рнекілігі: Проектор

Ау?ан а?и?аты

Жарияланды 4-02-2014, 17:53 Категориясы: Сценарий 

Ма?саты: Ау?ан о?и?асыны? тарихи ма?ыналы? а?и?атын ашу
Т?уелсіздік жолында к?рескен а?аларымызды? ерлігін кейінгі ?рпа??а ?лгі ете отырып, жастарды
Отанс?йгіштікке, ерлікке баулу, Ау?ан со?ысы ардагерлеріне ??рмет к?рсету

К?рнекілігі: Проектор, экран, компьютер,слайдтар

Т?рі: кіріктірілген – интеллектуалды
т?рбие іс – шарасы (сыр — с?хбат, т?сіндіру, сайыс )

Жоспары:
І. Ерлік саба?ыны? ашылуы
ІІ. ?она?тарды таныстыру
ІІІ. «Ау?ан а?и?аты». Ау?анстан со?ысы тарихына
?ыс?аша м?лімет
І?. «Ардагермен с?хбат»
?. «Жауынгер ж?не жас?лан» сайысы
?І. ?орытынды.

Барысы:
1 – ж?ргізуші
??рметті ?она?тар, ?стаздар мен студенттер! Интернациолист жауынгер а?аларымызды? ??рметіне арнал?ан «Ау?анстан а?и?аты» ерлік саба?ымыз?а ?ош келді?іздер!

2 – ж?ргізуші:
Жаулардан ?арсы келген жас?анба?ан
Жаса?ан ерлігіне мастанба?ан.
?рпа??а ?мір жолы? ?неге боп,
Тарихта ардагерлер ас?ан ба?а? – деп батылды? пен ерлікті? ерен ?лгісін к?рсеткен ?а?арман жерлестеріміз бізді? ортамызда. Б?гінгі кешке ?атысушы ?она?тарымызбен таныстырайы?.

ІІІ. «Ау?ан а?и?аты». Ау?анстан со?ысы тарихына ?ыс?аша м?лімет
1 – ж?ргізуші
Ау?анстан жеріндегі со?ыс тарих беттерінде ?зіндік із ?алдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын б?л со?ысты? ?ыс?аша тарихын с?з етейік.
1 — о?ушы:
Алдымызда?ы а?панны? 14 — інде КСРО ?скерлеріні? Ау?анстан жерінен шы??анына 24 жыл болады. Ау?анстан?а армияны енгізу туралы шешім 1979 жылды? 12 желто?санында Ке?естер Ода?ыны? Коммунистік партиясыны? Орталы? Комитетіні? Саяси бюросыны? отырысында ?абылданып, аса ??пия ?аулымен бекітілді. ?ызыл Армияны? шектеулі континенті он жыл бойы ау?ан хал?ымен бірге со?ыс ?рекеттерін ж?ргізді. Ау?анстан жерінде интернационалды? борышын ат?ар?ан ?ызыл Армия жауынгерлерінен бас?а да, к?птеген ?ауіпсіздік ?ызметіні? ж?не ішкі істер органдарыны? ?ызметкерлері де болды.
1986 жылды? а?панында бол?ан КОКП ХХ?ІІ съезінде М. Горбачев ?скерді кезе? — кезе?ге б?ліп, ау?ан жерінен шы?ару керектігін м?лімдеді. 1989 жылы а?панны? 14 к?ні КСРО – ны? со??ы ?скери б?лімі Кабулдан шы?ты.
«Ау?ан со?ысыны? таби?аты да тарихы да ?згеше. Ол уа?ытта 18 бен 20 – ны? арасында?ы ?рімдей жастар, бас — ая?ы 22 мы? ?аза?станды? ?зге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жат?ан кезде б?тен елде ?здеріні? ел алдында?ы борышын ?теді. Со?ыс деген ?аралы ??ым. Ау?ан со?ысында мерт бол?андар мен ардагерлерді? алдында ?ашанда бас иеміз»,- Ау?ан со?ысына КСРО ??рамына 22 000 ?аза?станды? ?атысты. 2 238 к?нге созыл?ан со?ыста 924 ?аза?станды? мерт болып, 1015 жауынгер м?гедек болып ?айтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

2 – о?ушы:
КСРО ?скерлеріні? Ау?аныстан жерінен шы??анына 24 жыл толуын атап ?ту ?арса?ында «?аза?стан — 2050» стратегиясы: ?алыптас?ан мемлекетті? жа?а саяси ба?ыты» атты ?Р Президенті Н?рс?лтан Назарбаевты? Жолдауына ?атысты ?аз. а?парат тілшілерімен ой б?ліскен М?жіліс депутаты, Ау?ан со?ысыны? ардагері Ба?ытбек Сма??л жастарды ел ?шін е?бек етуге ша?ырады.
«Е? алдымен айтарым, адам баласын жа?сылы??а ?міттендіріп, жа?сылы??а жетелеген лазым. Жаманды?ты? бір кілті ашылса, адамны? да, ?о?амны? да ?ал?ан ?мірі к?респен ?теді. Елбасыны? биыл?ы Жолдауы ?аза?станны? ?лемдік де?гейдегі беталысы мен ба?ытын ай?ындап берді. Президентіміз Жолдауын жастар?а арнады. Шын м?нінде, б?гінгі жастар ?згеше. Т?уелсіз елді? т?л перзенттері, санасы т?уелсіз, ойы озы?, білімі ас?а? азаматтар. Жастар жауапкершілікпен ?атар, ауыртпашылы?ты да сезінуі керек,»- дей келе Ау?ан со?ысыны? ардагері б?гінгі е?бек майданын кешегі ау?ан со?ысына те?еді.

1 – ж?ргізуші:
— Осы?ан байланысты ?азіргі жастар?а ?ойылатын талап ?те жо?ары де?гейде екенін біле отыра жастарды? білім алу?а, е?бекке деген, Отан ?ор?ау?а деген жауапкершілігі ?аншалы?ты де?гейде екені жайлы ой б?лісе отырса?ыздар

2 – ж?ргізуші
??рметті ?она?тар ендігі кезекте келешегіміз бен жар?ын болаша?ымызды? жасаушысы, жалында?ан жас ?рпа??а жауынгер а?аларды? аманаты ретінде 3 курс студенті Шарапов Олжасты? «?рпа??а аманат» арнауын назарлары?ыз?а ?сынамыз.
?рпа??а аманат

Баласы батыр ту?аннан
Денесін сумен жу?аннан
Батыр да халы? ?аза?пыз
Кіндігін т?йіп бу?аннан

Даламен бірге ?айнасып
К?кпенен бірге жайнасып
К?ршімен тату, жауына ?ату
?араса? егер бай?асып

Тамыры тере? кететін
Жайна?ан дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жал?анда
?азахияма жететін
Осындай елді ??ра?ан
Бабадан ?ал?ан м?радан
Жастар?а сар?ыт ерлігі
Сел болар а?са жырадан

Ел ?шін ?ткен батырлар
Шайырлар менен а?ындар
К?ш пенен т?йсік, а?ылды
Ба?ындыра ал?ан дарындар

Оларды? ерлік т?лімі
Хал?ына ай?ын м?лімді
??ына алса керекті
?азіргі ?л — ?ыз х?лі?ді

Атойлап шап?ан батырлар
Рухын ?айрап а?ындар
?рпа?ым аман болсын деп
?ыршынбасын деп жатырдан

Ел ?ші ?иып ??р жанды
?стан?ан елміз бір за?ды
Биікке ?ой?ан ?аза?пыз
Ар — ?ятпенен ?жданды

Жауына к?шін к?рсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастар?а б?гін аманат
Жасал?ан істер белсеніп

Бабалар сал?ан сара жол
?шпейтін м??гі дара жол
?рпа??а б?гін аманат
?ор?ай біл хал?ым пана бол

1 – ж?ргізуші:
«Ерлік — жан д?ниені? ?лы ?асиеті» деген екен бір дана ?ария. ?міріні? ?лшеулі бір б?лігі, жау?азын жасты? ша?ыны? с?белі ?лесін о? пен от астында ?ткізіп, та?дырды? жауызымен елге аман – сау оралып, ту?ан жерімен ?ауыш?ан майдангер а?аларымызбен кездесіп, б?гінгідей с?хбат ж?ргізу – біз ?шін бір ?анибет.

І?. «Ардагермен с?хбат»
— ?азіргі бейбіт заман сарбаздарынан ?андай батырлы?, ерлік ?асиеттерін к?ріп ж?рсіз?
— ?з т?жірибе?ізден ?азіргі жастар ?з еліні? патриоты ретінде ?андай болу керек деп ойлайсыз?
— «Ерлік, батырлы?, жауынгерлік» ??ымдарын жастар арасында ?алай насихатта?ан д?рыс деп ойлайсыз?
1 – ж?ргізуші:
Он жыл?а тарта созыл?ан б?л со?ысты? ая?талуы да ауыр болды. Бізді? білетініміз 15 а?пан 1989 жылы 40- армияны? Ау?ан жерінен генерал Боир Громовты? шы?уы еді. Шын м?нінде о?и?а бас?аша бол?ан. Со?ыс бітсе де шекаралар мен негізгі ??рамалар ?алдырыл?ан. Со??ы шы?ушы ?аза?станды? офицер Виктор Харичев бас?ар?ан шекарашылар. Олар еш?андай с?н – салтанатсыз. ??ша??а ал?ан г?лдерсіз Ау?ан жеріндегі со?ысты? а?ыр?ы н?ктесін ?ойды. ?кінішке орай б?ны ?ркім біле бермейді.
Ау?анстан ке?ес ?скерлеріні? шы?арыл?анына 24 жыл ?тсе де, сол кездегі жауынгерлер б?гінгі бейбіт ?мірді? е?беккерлері со?ыс жарасынан айы?а алмай келеді. Б?гін ?зімізбен бірге сыр еліні? к?сегесін к?гертуге атсалысып ж?рген ау?анды? ардагер жауынгерлерді ?адірлеп – ??рметтеу – бізді? борышымыз.

ІІІ. «Жауынгер ж?не жас?лан» сайысы
О?ушы:
Мен ?аза?пын, ?ланымын елімні?,
Мен ?аза?пын, тірегімін жерімні?.
?ланымын туын к?кке к?терген,
Болаша??а ал?а бастап жетелер.
?иынды?ын ?аза?ымны? ?р?ашан
?айыспайтын ?ара нардай к?терер.

2 — ж?ргізуші: ??рметті ?она?тар келесі кезекте «Жауынгер ж?не жас?лан» сайысын назарлары?ыз?а ?сынамыз. Орта?а жауынгер – интернациалсит пен жас?ландарды ша?ырамыз.
1. Блиц с?ра?тар
2 топ?а 9 с?ра?тан с?ра?тар ?ойылады.
1. ?аза?стан Республикасында неше облыс бар?
14
2. ?аза?стан Республикасыны? Конституциясы ?ашан ?абылданды?
1995 жылы 30 тамыз
3. ?аза?стан Республикасыны? азаматтары мемлекеттік, ?о?амды? істегі ?ызметі, е?бектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері ?шін ордендермен марапатталады. ?Р — да ?андай ордендер беріледі.
«Отан» ордені, «Да??» ордені (2 д?режелі), «Айбын» ордені (3 д?режелі),«Парасат» ордені «Досты?» ордені (2 д?режелі),«??рмет» ордені,«Барыс» ордені (3 д?режелі)
4. ?аза?станны? ?арулы к?штері ?ай жылы ??рылды?
1992 жылы
5. ?аза?стан Республикасында Мемлекеттік р?міздер к?ні
4 маусым
6. ?аза?стан Республикасыны? ?ор?аныс министрі кім?
Жа?сыбеков ?ділбек Рыскелді?лы

2 Мозайка
2 топ?а 2 т?рлі сурет ?иындылары беріледі. Тез уа?ыт аралы?ында жинау ?ажет.

 

.

.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Ауған соғысы

Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы  мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа.

Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері
Дөңгелек үстелдің  барысы:

Жүргізуші:
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жанатта болсын жаны
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 10 сыныптармен өткізгелі отырған  «Ауған ақиқаты» атты Ауған соғысының ардагерлерімен  дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Гимн

Жүргізуші:
    1989 жылы, ақпан айының 15 — ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара — пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 30 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы қажет пе еді?» деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ағаларымыздың  Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Биыл  Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толып отыр.

Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда.Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып отырған құрметті қонақтарымыз, Ауған соғысының ардагерлерімен таныстырып өтсек:
(Қонақтармен таныстыру)

1. Ахметжанов  Мұхтар  Абдіқасұлы  

————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

Жүргізуші: Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердің жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. 3285 күнге созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен. Ол 1989 жылдың 15 — ші ақпаны болатын. Дәл осы күні халықаралық Женева келісімінде бекітілгендей, Ауғанстаннан соңғы кеңес әскерлері шығарылды. Ауған соғысына 22269 жерлесіміз қатысып, жиырманың біріне жат жерден топырақ бұйырған.
Осынау қанды қасапты шейіт болған 10955 боздақтың 761 — і қазақстандық жауынгер. 362 — сі қазақ. Тоғыз жылда соғысқа қатысып, 484 — і жараланып қайтқан. 20 — сынан осы күнге дейін хабар жоқ. Ауған соғысы жайлы баяндама әзірлеп келген   — сынып оқушысы ———————————————————————————————————————————————сөз берсек.

Баяндамашы :
   Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.

Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жеткен.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар.Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен оқушылар алдымен бейнетаспаны көріп , содан әңгімемізді жалғастырсақ.

Жүргізуші:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі , міне өздеріңіз таспадан көрген  – Ауған соғысы.

Жүргізуші:
Құрметті —————————————————————————————————————————————— сіздің Ауған соғысы жайлы сұхбатыңыздан бастасақ.

Жүргізуші: Рахмет, аға, әңгімеңізге. Ардақты ағалар! Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғысты, сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар, сондықтан оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары  бар екен, рұқсат етсеңіз.

(Сұрақ-жауап жүргізіледі)

  1. Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?
  2. Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
  3. Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?
  4. Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?
  5. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
  6. Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?

Жүргізуші:

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып  әңгімелеп бергендеріңізге көп рахмет.

Жүргізуші:

Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар
Тағдыр талай тауқыметін табыстар
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғанда болып азап шеккен арыстар.
деп ақындарымыз жырлағандай, өмір жылжып жатады, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса береді. Бұған дәлел ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері. Қоғамдық жұмыстағы белсенділері, түрлі кәсіптік игерудегі бәрінен бұрын жастарды, отан сүйгіштікке ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.

— сынып оқушыларының орындауындағы ән өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар.
Ән.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып,  келгендеріңізге көп — көп рахмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың  қай жылы

Боздақтарға  басымды иіп бір минут,

Есіме  алам  сол бір апат қайғыны

Ауған  соғысында  мерт болған ерлердің  рухына, бүгін  арамызда  асқар  таудай болып жүрген  ағаларымызға  басымызды иіп тағзым етейік!

Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,

Халқым аман болсыншы  деп тіледі.

Егеменді ел болып  етек жаптық,

Төбемізден көк байрақ желбіреді.

Басқа материалдар

«Ау?анны? асуында от кешкендер»

  Ма?саты: ?з Отанына шексіз берілген, патриотты? рухы жо?ары, ?айсар жауынгер а?алар ерлігін ?лгі ету. Ау?ан со?ысында опат бол?ан бозда?тар рухына та?зым етуге, есімдерін ?астерлеуге т?рбиелеу.О?ушыларды отанын с?юге, патриотты??а т?рбиелеу 

1-Ж?ргізуші 
— ?айырлы  к?н  ??рметті  о?ушылар, ?стаздар !

 2-Ж?ргізуші  
— 1979 жылы желто?сан айында Ке?ес ?кіметіні? ?й?аруы мен 
Ау?аныстан жеріне Ке?ес ?скерлерін енгізу туралы шешім ?абылданды. Со?ыс– з?лымды?. Жазы?сыз т?гілген ?ан. Тарих жылнамасынан ?зіні? ?аралы, н?убет жылдарымен орын ал?ан з?лматты? бірі –Ау?ан со?ысы.
  1-Ж?ргізуші 

??рметті  ?она?тар, Ке?ес ?скеріні? Ау?ан шекарасынан шы?уына 25 жыл толуына орай  «Ау?анны? асуында от кешкендер» атты кешімізді ашы? деп жариялаймыз.
(Мемлекеттік Гимн орындау)

?н.№1

1-Ж?ргізуші 

-10 жыл бойы байта? елді? тынышты?ын  б?зып,   Ау?аныстанда?ы  с?рапыл со?ыс 9 жыл 10 ай?а созылды.
-Осындай ауыр аманат ар?алап, ?мір мен ?лімбелдескен ?анды шай?ас?а ?атысып, батылды? пен ерлікті? ерен ?лгісін к?рсеткен  ?а?арман жерлестеріміз бізді? ортамызда.

Просмотр содержимого документа

«»Ау?ан асуында от кешкендер» атты т?рбие са?аты»

«Ауғанның отты жалыны» атты тарихи кештің сценариі

Педагог –ұйымдастырушы Жакманова Шынар Слямхановна


Мақсаты:
 Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға
түсіндіру.

“Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс
ардагерлері туралы толығырақ мәлімет алу.

Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық
сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан
азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым
беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке
баули отырып тәрбие беру.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд ,интерактивтік тақта, қабырға
газеттері, ауған соғысына қатысқан жерлестеріміздің суреттері

1 Жүргізуші:

Соғыс — жан алып , жан
беру.

Соғыс — халықтың басына
келген қасірет, жұт.

 Ауғанстан … Біз ол туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл —
ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті.
Бірақ
бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз.
Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің арқа сүйер бауырын жұлып әкетерін кім
білген?!  Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның
ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы
Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген
“халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен
дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның
ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта
да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.

2 ведущий: 15
февраля этого года исполни
тся 30
лет со дня вывода ограниченного контингента войск в составе 40-ой армии из
Афганистана.
30 лет назад, 15 февраля 1989 г., закончилась война…
война, начавшаяся без объявления и длившаяся 9 лет…
война, в которой погибли советские солдаты и офицеры
..война, о которой еще 54 416 бывшим и нынешним военным напоминают
шрамы от ран, боль от потери друзей, сны, в которых еще до сих пор идут бои…

война, в  которой мы не выиграли,
но и не проиграли…
война, о которой до сих
пор неохотно вспоминают
 власти
и спорят политики.

1-оқушы 

Не болды екен, көңілім
тыншымайды,

Кім болды екен басатын
гүл шырайды.

Енді ғана нұрланған бұл
өмірдің

Ақ жолынан алыста жүрші,
қайғы.?!

Үзілді гүл бүршік атқан
жаңадан,

Қиылды өмір, енді ғана
жаңарған.

Наз көңілдер су сепкендей
басылды,

Төгілді жас жабырқаулы
жанардан.

Соғып өтті тіршіліктің
ызғары

Болғаны ғой … осы
өмірді бұзғаны.

Суық лебі жүрекке кеп
орнады,

Бірақ бұл сәт уақытынан
озбады.

Әлемге ортақ аспан да,
жұлдыз, Ай да, Күн…

Қуаныш та көп, қайғымыз
да көп айтатын.

Бәрі де ортақ, тек
шекаралар арада

Әттең, тек содан көңілім
менің қайтатын.

Талассын таңы, күнменен
бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы
көктен жағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған
жұмыр жерімнің

Басынан тайсын бар
жамандығы арылсын.

  Әлемнің жаны, бір болса екен, тілегі,

Тек бейбітшілік деп соқса
екен жүрегі.

Қиыншылықта біріне-бірі
сүйеніш,

Болса екен деймін
қолдаушы әрі тірегі.

Қазақстаным, көгерсін,
гүл боп жайнасын,

Ел-жұртың күнін
бейбітшіліктің тойласын.

2030, одан да әрі
мәңгілік

Басыңнан бағың, қасыңнан
құтың таймасын.

Ведущая: Минута
молчанья — это много иль мало
За тех, кого рядом уж больше не стало?
За тех, чья судьба оборвалась так круто…

Прислушайтесь,
люди,
Пожалуйста, тише!
Вдали отгремела война.
Минута молчанья, 
Погибших мальчишек
Чтит в эту минуту страна.

Им
много не надо,
Лишь память да верность
Да летом букетик цветов.
Ненужными стали
Им льготы и слава.
И каменный блеск орденов.

Пусть
стали гранитом
Их светлые души.
Что прячет холодный гранит?
Минута молчанья,
Как белая птица,
Над миром притихшим летит.

Так
встаньте же, люди,
Они заслужили, чтоб их вспоминали порой
Почтим их, Минутой молчанья одной!

Внимание,
объявляется минута молчания.

етроном
дауысы қосылады)

1Жүргізуші: 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін,
яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде
ұрыс жүргізді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен
ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық
қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015
жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті. Сөз кезегін тарих
пәнінің мұғалімі Астанина Надежда Александровнаға береміз

Надежда Александровна:

Афганистан – государство Среднего Востока,
его площадь 655 тыс. км. С 1979 по 1989 гг. Афганистан является ближайшим
соседом СССР. Исторически с Афганистаном у нас складывались добрые отношения.
Южный сосед первым в мире признал Советскую Россию. В последующем по просьбе
афганских руководителей на территории дружественного нам государства силами
советских специалистов сооружались электростанции, оросительные комплексы,
хлебозавод и др. объекты.

Однако по социальным, культурным, правовым
проблемам население Афганистана оставалось «на задворках» цивилизации. В стране
господствовали феодальные отношения, и большая часть населения оставалась
бедной, забитой, неграмотной.

Население страны – свыше 15 миллионов
человек.

Страну населяют: афганцы (или пуштуны),
таджики, узбеки и хазары.

(Слайд 1)

1Жүргізуші: 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық
комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың
келісімімен Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды.Бұл шешімнің
салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.

1
ученик

Все начиналось в семьдесят девятом,

Декабрь, двадцать пятого числа,

День этот стал не праздничным, а скорбным,

Война не мало жизней унесла.

Мы головы склоняем перед теми,

Того, кого сегодня с нами нет,

В боях погибших, на земле Афганистана,

Тех, кто ушел в неполных 20 лет…

2-оқушы

Ұмытпайды артта қалған
ұрпағың

Еске алады жыл сайын

Өмір үшін өртеніп
кеткендерді.

Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне
жеткендерді.

Тыныштық боп мәңгі осылай
тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер
жыр шамын.

Сүйем сені, қасиетті
мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп
өтемін.

Сенде ғана көтерілем
биікке,

Сенде ғана арманыма
жетемін..

1Жүргізуші: 1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес
әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың
тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан
даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті.

Биылғы жылы Кеңес
әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Ауған соғысының
қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам
қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас
достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға
толған шақтары көп.
Сонда да ата-баба рухына
дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен
қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден — медальдармен марапатталды.

(8 сынып оқушыларының
көріністері)

2 ведущий:После
государственного переворота, совершенного в апреле 1978 г. в Афганистане
разгорелась гражданская война. В 1979 г. правительство Афганистана обратилось к
СССР с просьбой ввести в страну советские войска. Но наше государство, во главе
которого был Леонид Ильич Брежнев отказал объяснив тем, что страна решает свои
проблемы сама. По истечении некоторого времени опять поступила просьба от
Афганистана. И пять политиков решили судьбу нашиз советских ребят на 9 лет.

3-оқушы 

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда
ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр
ақтарам,

Ассалаумағалейкум,
ардагерлер!

Соқыр билік тұсында сумаң
қаққан,

Соғыстар аз болғандай,
ғасыр дерті.

Ауғанның көк аспанын
тұмандатқан

Сұрапыл майдан бопты
қасіретті.

2 ведущий: За
эти 20 с лишним лет выросли те, кто остался жив в этой войне: это наши
родители, друзья и знакомые наших мам и пап.
Мы
сегодня отдаем дань памяти молодым парням, которые сегодня нам годились бы
отцы.

Там за рекой, есть горный перевал,

За перевалом – серпантин дороги,

Дорогой той, наш полк входил в Афган,

Когда был ночью поднят по тревоге.

И мы тогда, зеленые совсем,

Еще безусые в погонах мальчуганы,

Не понимали для чего – зачем,

Заходим мы на территорию Афгана.

1Жүргізушіг: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас
жігіттер ауғандағы майдан даласынан бір-ақ шықты. Қаншама жас қыршынынан
қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды.

2ведущий: …18
лет.
Они перешагнули порог зрелости и уезжали от матерей, расставались
с любимыми, думая, что готовы к испытаниям. И никто из них не предполагал, что
ждет их, вчерашних мальчишек, в Афгане. И многие из них не знали, что ценой
этим испытаниям будет их жизнь.

(Слайд 2
Ауғанстан әнімен)

Ауғанстан

І

Бей мәлім болған ол жақтың атарабы

Жұмбағын ішке бүгіп жатыр әні

Тау, тасы  өзен- көлі биік шатқал, күйіп жатқан

Шатқалдан ысқырып оқ атылады

Шындығын  уақыт неге жасырады

Бізді өлім, әлде өмір шақырады, шақырады

қайырмасы:

Бұл деген Ауғанстан, Ауғанстан

Ажал оғы жауы менен тауға ұшқан

Біз деген  жауынгерміз жанымызды, жалау тұтқан

Бұл деген Ауғанстан, Ауғанстан

Ұл- қызы  шұңқызы да  алау жұтқан

Жастығын шатқалында қалып қойды

Қалай ұмытам

ІІ

Жаныма  жауынгердің жақын әні

Ауғандық ардагердің  батыр  бәрі

Оқ болып  түскен жара  жан сыздатып,  жатыр әлі

Бомбаның естілмесін жарылғаны

Қалаймын сұм соғыстан  арылғанын

Әр дайым  болсын  аман  жер жүзінің, шаңырағы

қайырмасы:

Бұл деген Ауғанстан, Ауғанстан

Ажал оғы жауыменен  тауға ұшқан

Біз деген  жауынгерміз жанымызды, жалау тұтқан

Бұл деген Ауғанстан, Ауғанстан

Ұл- қызы  шұңқызы да  алау жұтқан

Жастығын шатқалда қалып қойды

Қалай  ұмытам

4-оқушы 

Кілең жас жанары от
жалындаған,

Айналды майдангерге қанды
балақ.

Күні жоқ «Калашқа» оқ
салынбаған.

Атырған бір ұйқысыз таңды
қарап.

Дұшпанмен бетпе-бет кеп
шайқастарда,

Жасқанып, шегінбеген,
тайсалмаған.

Отан үшін бас тігіп,
айқасқанда

Оққа ұшты қанша қазақ
қайсар балаң.

Тастаған енді ер жетер
шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман
алар.

Кебенек киген ұлын
аттандырып,

Қабірін құшып қалған
аналар бар.

Қарғыс атқыр , бағасыз
арық қойдан.

Сұм соғыс ғазиз жанды
опырады.

Ауғанда неше боздақ қалып
қойған

Бұйырмай туған жердің
топырағы.

5 – оқушы

Қырылған адам қаны қара
бөктер,

Медбике зыр жүгіред жара
таңып.

Тірі адам алып келген самолеттер

Қайтарда алып ұшқан қара
табыт.

Жығылып, қайта тұрып,
құлап, төзген,

Батырлар қалған сонда бар
ма жасып.

Теңеу жоқ бұл соғысқа
бір-ақ сөзбен –

Арыққа қан сыймағын, арна
тасып.

Ер басына күн туған сол
заманда

Ерлік пенен қорқақтық
сынға түсіп.

Соғыстыңдар жан досың
боздағанда

Сезімді жігер деген
қымтай қысып.

Болмасын еш уақытта соғыс
деген,

Артпасын адамзаттың
бейіттері.

Ұмытылмас қара жерді
қоныс көрген

Сірә, соңғы соғыстың
шейіттері.

Айтатын әкем әркез маған
жайын:

Тағдырын білем ауған даласының.

Мақтанды демеңіздер, уа,
ағайын,

Ауғанның батырының
баласымын.

6- оқушы

Бірге өскен, бірге оқыған
бала жастан,

Жолдасым ең, адал жан,
араласқан.

Қыршын дос, бұл өмірден
кеттің ерте,

Жан едің болашаққа қадам
басқан.

Өтеуге азаматтық
борышыңды

Аттандың, мақұл көрдік
сол ісіңді.

Қорғауға ауғанға елді
кете бардың.

Беруге қан майданға қол
ұшыңды.

Жан едің ел-жұртыңа болар
нұсқа,

Бұл тағдыр өміріңді
қылды-ау қысқа.

Жұлдыз боп ағып түстің
көрген түстей,

Егіліп, еске аламыз осы
тұста.

Келместің кеттің мініп
кемесіне,

Алады жолдастарың сені
есіне.

Қанша жыл өтсе-дағы
кеткеніңе

Есімің ұмытылмас ел
есінде.

7- оқушы

Қаймықпастан қарсы тұрған
өлімге,

Асқақ рухы қалықтайды
көгімде.

Елді сүйген ерлігімен
ерекше,

Өнегелі із қалдырдың өмірге.

Таусылғанмен фәнидегі
тынысың,

Тарихқа тұлға болған
ірісің.

Таптатпаған тобырларға
намысын,

Өлген жоқсың, халқың
барда тірісің.

Жүрегіңде тұнып тұрған
қасиет,

Ерлік ісің ұрпағыңа
өсиет.

Өзіңдей қаһарманға
қайыспас

Бүгінгі жас алғыс айтып,
бас иед.

8- оқушы

Дауыл соқты жүрегімді
тоңдырған

Дауылыңда қайбір жүйрік
болдырған.

Тырмысқанмен сұм соғыстың
қармағы

Мезгіл ерте, көгерместен,
солдырған.

Шейіт болған қаһармандар
әруағы,

Кімге бақыт, кімге сорды
қондырған.

Қаза болса оқтан ішіп бір
құрбан,

Жат жерде көмілмей қалған
құлындар.

Қиналғанға ауыр тиді сор
қылған,

Естігенде елде жүрген
аналар,

Жылауменен етегін жасқа
толтырған.

Бүгінгі таң баршаға ашық
аспан,

Саласына өнердің қамшы
басқан.

Кенелдік ардагерлер
арқасында

Бойымыздан тамшы тер
тамшымастан.

9-оқушы

Аналар уайымдаса,
уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт
дайындасын.

Қайғыдан кәрі таулар
қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін
қайың басын.

Аналар тілек айтты, қол
жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай
ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл
тұрып,

Қалың қол табанында жер
қайысты.

Сезілсе ақырғы рет дүние
тар,

Ашынып ақырғы оғын құлай
атар.

Құлаған қала қайта
салынар-ау,

Мәңгі ұйықтап кеткендерді
кім оятар?!

1Жүргізуші: Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге, оны жауларынан жан
аямай қорғау – әр перзенттің парызы, міндеті де. Отан –ананы басына іс түскенде
жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.

Отан үшін жанын берген қаһармандардың есімдері
Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгі өшпейтін
алтын әріптермен жазылған.Олардың ерен ерліктері еш уақытта ұмытылмайды.

2 ведущий:За
мужество и героизм, за честью выполненный долг орденами и медалями СССР
награждено 200 тысяч военнослужащих, в том числе посмертно – 10900. Удостоены
звания Героя Советского Союза 66 военнослужащих, из них – 23 посмертно.

За девять лет через Афганистан прошли около 600 тысяч советских
воинов. Мы потеряли убитыми и умершими от ран 15053 человека, ранеными и
искалеченными – 49985 человек, пленными и пропавшими без вести – 330 человек.
Стали инвалидами войны – 6669 человек.

10-оқушы 

Жүрегі де алып,

Өзі де алып, арыстан

Қарулы қолы жау жағасында
қарысқан.

Батыр елімнің семсер
ұлдары бар әне

Жаралған биік Рух пенен
Жігер, Намыстан.

Жүрегі қайсар,

Қайтпайтын мың-сан жаудан
да,

Отаны сеніп, бұйрық
бергенде қалған ба.

Бақытбек сынды қанжардай
өткір ұландар,

Көрсетті ерлік тау-тасы
ажал Ауғанда.

11- оқушы

Мектебің, кешегі өзің
өскен ортаң

Атыңмен бүгін сенің
аталады.

Қара жер қайтіп енді
тебіренбей,

Бұл ақын үнсіз-түнсіз
жата алады.

Кешегі құлын-тайдай бірге
ойнаған,

Өмірдің қызығына еш
тоймаған.

Басына тағзым етіп, гүл
қоюға

Достарың міне бүгін келіп
жатыр.

Ұмытпай сені мәңгі,
жауынгерлер,

Еске алып, ас беруге
дайын ауылың.

Ауғандағы соғыс салған жарақат

Шарпып өтті талай қазақ
ауылын.

12-оқушы

Биылғы жыл –Жеңіс күні –
көктемім,

Байқаймысың өмірдің де
өткенін.

Топырағың торқа болсын,
жат аунап,

Өкінішті осы күнге
жетпегенің.

Тыныштық боп мәңгі осылай
тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер
жыр шамын.

Мәңгі есінен шығармайды
сізді естен,

Ұмытпайды артта қалған
ұрпағың.

1Жүргізуші: Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен
жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен,
ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі
сақталады. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше
беттер.Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап
құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың
қасиетті борышы.

2 ведущий: А
здесь оставались матери, с замиранием сердца ждущие весточек от своих сыновей.
И каждая молилась и о своем сыне, и о всех сыновьях, что там, далеко, несли
страшную службу.
Нельзя забывать о солдатах этой войны! Десятки тысяч солдат и
офицеров, прошедших Афганистан, честно и до конца выполнили свой воинский долг.
Афганцы – настоящие солдаты в самом высоком значении этого слова. Честь им,
слава и низкий поклон.

13- оқушы

Өшпес ерлігің ел есінде
мәңгі сақтаулы,

Отан үшін отқа тостың
кеудеңді.

Ерлігіңді, өрлігіңді
төрткүл дүние ,ел көрді,

Бірге аттанған бауырларды
топырақ жапты, жерленді,

Енді олар жебейді ғой
аруағымен тірілерді.

Жастығыңмен жауға атылдың
оқ болып,

Әндететін кездеріңде
ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді
төрт бөліп, Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

14-оқушы

Жаса, жаса, бейбітшілік,
ырысым,

Не құрыса, қанды соғыс
құрысын.

Адам болып дүниеге келдік
қой,

Бақыт үшін, өлең үшін,
жыр үшін.

Соғыс! Соғыс! Тірі жанды
аяп па ең,

Қанатты адам келді ағаш
аяқпен.

Сезеді олар соғыс дейтін
сұмдықты,

Миллиондаған балдақпенен,
таяқпен.

Жүректерді нысана қып оқ
атты,

Талай боздақ қыршынынан
қиылып,

Талай ару махаббатын
жоғалтты.

Махаббатпен жүрегіміз
жылысын.

Ән қандырсын құлақтардың
құрышын,

Не құрыса, қанды соғыс
құрысын,

Жаса, жаса, бейбітшілік,
ырысым!

1Жүргізушіг: Ендігі кезекте «Ұрпаққа аманат»
арнауын қабыл алыңыздар.

15-оқушы

Ұрпаққа аманат

Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан.

Даламен бірге қайнасып

Көкпенен бірге жайнасып

Көршімен тату, жауына қату

Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін

Жайнаған дархан мекенім

Бар ма екен шіркін жалғанда

Қазахияма жететін.

Осындай елді құраған

Бабадан қалған мұрадан

Жастарға сарқыт ерлігі

Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар

Шайырлар менен ақындар

Күш пенен түйсік, ақылды

Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі

Халқына айқын мәлімді

Ұғына алса керекті

Қазіргі ұл — қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар

Рухын қайрап ақындар

Ұрпағым аман болсын деп

Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үші қиып құр жанды

Ұстанған елміз бір заңды

Биікке қойған қазақпыз

Ар — ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп

Ізіне ерген ел сеніп

Жастарға бүгін аманат

Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол

Өшпейтін мәңгі дара жол

Ұрпаққа бүгін аманат

Қор ғай біл халқым пана бол!

1Жүргізушіг: «Ерлік
— жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір
бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп,
тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер
ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

Ортаға ардагерлерімізді шақырсақ…

«Ардагермен сұхбат»

— Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай
батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?

— Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз
елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?

— «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын
жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

Бүгінгі жастарға бір ауыз жылы
лебіздеріңізді білдірсеңіздер.

1Жүргізушіг: Он
жылға тарта уақытқа созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің
білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40 — армияның Ауған жерінен генерал Борис
Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар
мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор
Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз, құшаққа алған
гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны
әркім біле бермейді. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де,
сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан әлі
айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге туған жердің көсегесін көгертуге
атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің
қасиетті борышымыз.

2
ведущий:
Дорогие друзья! Мы рады, что вы сегодня пришли на встречу
поколений! Спасибо вам за то, что вы вернулись живыми, продолжаете жить и
работать. Пройдя дорогами войны, вы научились ценить жизнь, познали настоящую
мужскую дружбу, научились самообладанию и выдержке! Вы с честью выполнили свой
воинский долг! В преддверии Дня защитника Отечества, мы от всей души желаем вам
душевной искренности, теплоты ваших сердец и щедрости тех слов, которые
прозвучали сегодня в ваш
адрес!

1Жүргізушіг: Ананы
баладан, баланы әкеден айырған сұм соғыс енді болмасын, аналар ешқашан
жыламасын дей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан-Гулстан!
Осы орайда алғашқы құттықтау сөзді мектеп меңгерушісі Табылдиев Болысбек ағайға береміз
Жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 27 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
Айару: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
Қайсар: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
Әсел: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
Дархан: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
Жанерке: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
Айбын: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Ақгүл: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
Ердәулет: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Несібелі: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
Мұхаммеджан: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
Каусар: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
Өжет: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді.
Айзере: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
Нұрдәулет: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
Айсәуле: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
Әділжан: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
Айым: 2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жыл толды.
Қайсар: 2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.
Айару: 2011 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді.
Дархан: 2012 жылы – «Қазақстан 2050» стратегиясы қабылданды
Айбын: 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды
Айзере: 2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды
Өжет: 2017 жылы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
Жүргізуші:
Ән, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Ән. «Егемен Қазақстан»
1-оқушы:Айзере
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
2-оқушы:Алишер
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
3-оқушы. Әсел
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
1 — жүргізуші.
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
4-оқушы: Айбын
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
5-оқушы. Ақгүл
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
6-оқушы. Өжет
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
7-оқушы: Қайсар
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
8-оқушы. Айару
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым».

Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.
Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.

Қайсар:
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың
Айналайын інішегім ,құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды
Қайран анам күзеткенің түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?

Осы сәтте абақты ішіне тергеушілер кіріп келеді.
Дархан: Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысың? Сен 18 желтоқсан күні сағат 10да қайда болдың?
Қайсар: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Айбын: Жоқ сен өтірік айтпа. Сен Савиицкиді өлтірдің. Сен оның өліміне кінәлісін.
Қайсар: Мен ешкімді өлтірген жоқпын.
Айбын: Мойында!Мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Қайсар: Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын. Бұл жала ғой.
Ердәулет: Бұдан ешқандай пайда жоқ, оданда ісін сотқа түсірейік.
Ақгүл: жарайды онда өзінен көрсін.

Жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
Дархан: Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!
Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын. Айыпкер ақтық сөзіңді айт

Қайсар:
21 де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

Дархан: Алып кетіңдер мынаны .

Милиционерлер алып кетеді.

9-оқушы: Несібелі
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
10-оқушы.Әбілхан
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
11-оқушы:Жанерке
Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
12-оқушы:Мұхаммеджан
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Жүргізуші:
Ортада биші қыздарымызды қарсы алыңыздар. «Аққу» биі
Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Ән. «Алға Қазақстан» Ұлдарымыздың орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Қаражорға» биі.
Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
13-оқушы:Айым
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
14-оқушы: Әділжан
Беу Астана!Ардақты ақ қаласың!
Жасап жатыр туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол! Ортаймас бақ орнасын!
15-оқушы:Кәусар
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті
Л –дейді лағып лепірме
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі
ТӘУЕЛСІЗДІК жасай берсін мәңгілік
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Біз отанның ұланымыз»
Жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан-Гулстан!
Осы орайда алғашқы құттықтау сөзді мектеп меңгерушісі Табылдиев Болысбек ағайға береміз
Жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 27 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
Айару: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
Қайсар: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
Әсел: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
Дархан: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
Жанерке: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
Айбын: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Ақгүл: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
Ердәулет: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Несібелі: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
Мұхаммеджан: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
Каусар: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
Өжет: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді.
Айзере: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
Нұрдәулет: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
Айсәуле: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
Әділжан: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
Айым: 2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жыл толды.
Қайсар: 2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.
Айару: 2011 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді.
Дархан: 2012 жылы – «Қазақстан 2050» стратегиясы қабылданды
Айбын: 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды
Айзере: 2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды
Өжет: 2017 жылы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
Жүргізуші:
Ән, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Ән. «Егемен Қазақстан»
1-оқушы:Айзере
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
2-оқушы:Алишер
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
3-оқушы. Әсел
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
1 — жүргізуші.
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
4-оқушы: Айбын
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
5-оқушы. Ақгүл
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
6-оқушы. Өжет
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
7-оқушы: Қайсар
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
8-оқушы. Айару
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым».

Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.
Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.

Қайсар:
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың
Айналайын інішегім ,құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды
Қайран анам күзеткенің түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?

Осы сәтте абақты ішіне тергеушілер кіріп келеді.
Дархан: Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысың? Сен 18 желтоқсан күні сағат 10да қайда болдың?
Қайсар: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Айбын: Жоқ сен өтірік айтпа. Сен Савиицкиді өлтірдің. Сен оның өліміне кінәлісін.
Қайсар: Мен ешкімді өлтірген жоқпын.
Айбын: Мойында!Мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Қайсар: Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын. Бұл жала ғой.
Ердәулет: Бұдан ешқандай пайда жоқ, оданда ісін сотқа түсірейік.
Ақгүл: жарайды онда өзінен көрсін.

Жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
Дархан: Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!
Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын. Айыпкер ақтық сөзіңді айт

Қайсар:
21 де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

Дархан: Алып кетіңдер мынаны .

Милиционерлер алып кетеді.

9-оқушы: Несібелі
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
10-оқушы.Әбілхан
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
11-оқушы:Жанерке
Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
12-оқушы:Мұхаммеджан
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Жүргізуші:
Ортада биші қыздарымызды қарсы алыңыздар. «Аққу» биі
Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Ән. «Алға Қазақстан» Ұлдарымыздың орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Қаражорға» биі.
Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
13-оқушы:Айым
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
14-оқушы: Әділжан
Беу Астана!Ардақты ақ қаласың!
Жасап жатыр туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол! Ортаймас бақ орнасын!
15-оқушы:Кәусар
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті
Л –дейді лағып лепірме
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі
ТӘУЕЛСІЗДІК жасай берсін мәңгілік
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Біз отанның ұланымыз»
Жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан-Гулстан!
Осы орайда алғашқы құттықтау сөзді мектеп меңгерушісі Табылдиев Болысбек ағайға береміз
Жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 27 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
Айару: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
Қайсар: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
Әсел: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
Дархан: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
Жанерке: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
Айбын: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Ақгүл: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
Ердәулет: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Несібелі: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
Мұхаммеджан: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
Каусар: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
Өжет: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді.
Айзере: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
Нұрдәулет: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
Айсәуле: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
Әділжан: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
Айым: 2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жыл толды.
Қайсар: 2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.
Айару: 2011 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді.
Дархан: 2012 жылы – «Қазақстан 2050» стратегиясы қабылданды
Айбын: 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды
Айзере: 2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды
Өжет: 2017 жылы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
Жүргізуші:
Ән, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Ән. «Егемен Қазақстан»
1-оқушы:Айзере
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
2-оқушы:Алишер
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
3-оқушы. Әсел
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Жүргізуші.
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
4-оқушы: Айбын
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
5-оқушы. Ақгүл
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
6-оқушы. Өжет
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
7-оқушы: Қайсар
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
8-оқушы. Айару
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым».

Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс назарларыңызға ұсынамыз.
Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.

Қайсар:
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға баладың
Айналайын інішегім ,құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды
Қайран анам күзеткенің түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?

Осы сәтте абақты ішіне тергеушілер кіріп келеді.
Дархан: Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысың? Сен 18 желтоқсан күні сағат 10да қайда болдың?
Қайсар: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Айбын: Жоқ сен өтірік айтпа. Сен Савиицкиді өлтірдің. Сен оның өліміне кінәлісін.
Қайсар: Мен ешкімді өлтірген жоқпын.
Айбын: Мойында!Мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Қайсар: Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын. Бұл жала ғой.
Ердәулет: Бұдан ешқандай пайда жоқ, оданда ісін сотқа түсірейік.
Ақгүл: жарайды онда өзінен көрсін.

Жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.
Дархан: Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!
Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын. Айыпкер ақтық сөзіңді айт

Қайсар:
21 де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

Дархан: Алып кетіңдер мынаны .

Милиционерлер алып кетеді.
9-оқушы: Несібелі
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
10-оқушы.Әбілхан
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
11-оқушы:Жанерке
Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
12-оқушы:Мұхаммеджан
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Жүргізуші:
Ортада биші қыздарымызды қарсы алыңыздар. «Аққу» биі
Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Ән. «Алға Қазақстан» Ұлдарымыздың орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Қаражорға» биі.
Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
13-оқушы:Айым
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
14-оқушы: Әділжан
Беу Астана!Ардақты ақ қаласың!
Жасап жатыр туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол! Ортаймас бақ орнасын!
15-оқушы:Кәусар
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті
Л –дейді лағып лепірме
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі
ТӘУЕЛСІЗДІК жасай берсін мәңгілік
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Біз отанның ұланымыз»
Жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Тынышбаева Ақтолқын

Ау?ан со?ысы ардагерлерімен кездесу

Тақырыбы: Жат жердің жазы да жауратады
Мақсаты: а) Оқушыларға Ауған соғысы туралы тереңірек мәлімет беру;
ә) Ержүрек ағалардың ерліктерін болашақ жас ұрпаққа насихаттау;
б) Оқушылар бойында патриоттық сезім қалыптастыру;
Көрнекіліктер: Шарлар,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
«Жат жердің жазы да жауратады»,
«Әскери қызымет – абыройлы міндет»,
«Құс ұясын қорғайды, адам Отанын қорғайды».
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын!
Ағайын тілін табайын.
2-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ бізде бауыр бар.
1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
2-жүргізуші: Қойдан да жуас қонақтар,
Құрметке ие үлкендер,
Алда жүзген желкендер.
1-жүргізуші: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып,
Көрермендер аман ба?
Отырған мынау ойланып?
2-жүргізуші: Онда кешті бастайық,
Екеуіміз асып-саспайық.
Келесі кезкгімізді,
Кездесу кешіне тастайық.
1-жүргізуші:Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына орай ұйымдастырылған «жат жердің жазы да жауратады» тақырыбындағы кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
(ҚР гимні орындалады)
2-жүргізуші:Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!
Таныстыру:
1-жүргізуші:Алғашқы сөз мектебіміздің директоры ??????????? ??????????? ????????? беріледі.
(артынан жетекші сөйлейді,қонақтармен таныстырады)
2-жүргізуші:Соғыс кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше.
Соғыс – жан алып, жан беру. Соғыс — халықтың басына клген қасірет,жұт.
1-жүргізуші:Иә,дұрыс айтасың. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысына Қазақстаннан 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты,21-і хабар-ошарсыз жоғалды. Ауған соғысының аяқталғанына 24 жыл болсада жүректегі соғыс жарасы әлі де сыздап ауырады. Біздің ауданымыздан да осы Ауған соғысына бірнеше азаматтар қатысты.
2-жүргізуші:Армысың, ауылымның адамдары
Мейір гүлін шашатын маған бәрі
Ащы терді аямай сендер үшін
Әнге қосып жүремін өзіңді әлі
1-жүргізуші:Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн-түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те, шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
2-жүргізуші:1)Баяндама «Ауған соғысы»
2)Күй «ерке сылқым»
1-жүргізуші: Еліміздің азаматтары Ауған елінде, қан майданның өтінде күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен беттесті-ақ… Ендеше сол батыр ағаларымызға неге ән арнамасқа?!
ӘН:
2-жүргізуші:Өзі батыр, өзі қайсар төзімді
Бір полкқа ерлігімен өзі үлгі
Оралғалы Ауғанстан елінен
Талай болды көрмегелі өзіңді.
1-жүргізуші:Келесі сөз кезегін қонақтарымызға берейік.
2-жүргізуші:Өлен 1) «Қанды тұман» оқитын ………………… ……………………..
1-жүргізуші:Біздің батыр алған беттен қайтпайды
Бір сөйлейді, сірә екі айтпайды
Тұса мейлі қылша мойын тұзақта
Тіс жармайды, қимас досын сатпайды.
1)Ән «Қазақтың жігіттері» …………… ……………………
2)күй «Алатау» …………………….. …………………………
2-жүргізуші:Келесі кезекті сұрақ-жауапқа берейік. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын ардагер ағаларына қойсын. Сұрақ барма?
1-жүргізуші:Сенен табам асыл үлгі іздесем
Сен деп білем алтын бесік – ел көсем
Өткен күннен белгі болар тарих бар
Мекенімді бабалармен тілдесем.
1)Би шашу: «Қазақ биі» ……………………………. …………………………..
2)
2-жүргізуші:Бізге ыстық көргеннен соң көзіңді
Екі етпедік әрбір айтқан сөзіңді
Жазылмастай жара салып жүрекке
Талай боздақ бөтен елде көз ілді
1)Ән: «Сарбаздар» ……………… ………………………………..
1-жүргізуші:Самғап жүрсек бостандық жыр-әнім
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім
Ән: «Атамекен» орындайтын ………………………… …………………………
2-жүргізуші:Гүлін жарып, жайқалып үміт бағы
Таңдарым ата бермек күліп тағы
Бізге мәлім жылжып жыл өткен сайын
Қырғи қабақ соғысты ұмытпағы.
1-жүргізуші:Дүниені достықтың орап әні
Көңіл сандық шаттыққа толды әні
Өмірде шырын еміп өскен ұрпақ
Ащылықты білмейтін болады әлі
2-жүргізуші:Өтеді жаз, өтеді талай күз кеп
Кірпішін сәнді өмірдің қалаймыз көп
Сенемін «бомба» сөзін кейінгі ұрпақ
Түсінбей сөздіктерден қарайды деп
1) Би: «Ата толғау» …………………………… ……………………
2)Ән: «Елім менің» ………………………….. …………………………..
1-жүргізуші:Тіршілік тұтқасы – күн сөнер
Дегенге айтыңдар кім сенер?
Әлемде тыныштық тұрса егер
Біздерміз өмірге нұр себер.
2-жүргізуші:Сойқанды соғыс – өрт, кіл апат,
Ол-қайғы, ол-үрей, алапат.
Бейбіт күн береке баршаға
Тыныштық, тыныштық – бір рақат!
1) Ән: «Әлия» орындайтын ………………….. …………………..
2) «Біздер жеңдік» ………………………… …………………..
1-жүргізуші:Кең дала, көк өзен армысың
Армысың, Алатау, қарлы шың!
Осы алып кеудеңде мәңгілік
Тыныштық сәбидей қалғысын!
2-жүргізуші:Сұм соғыс – қанды ажал, сор, қайғы
Ажалдың дегені болмайды!
Әкелер баласын қорғайды
Әлемде тыныштық орнайды.
1) Ән: «көкпар» орындайтын ………………….. ………………….
2) Күй: «Торы жорға» …………………………… ………………………
1-жүргізуші:Рас, қайғы қасіреті бар қаптаған,
Тұмырлар бар батқан және батпаған
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған
2-жүргізуші:Жанды жансыз бар табиғат түнерген
Әр кеудеде бір шер барын білем мен
Қан майданда ерлік етсе біреулер
Қарсы жауға бізде шықтық түренмен
1-жүргізуші:Аңыздардан тере жүріп масақты
Рас, рас, көзімізден жас ақты
Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар
Бәрмізден бір-бір батыр жасапты.
2-жүргізуші:Батыр жұртым сол жылдарды өткердің
Сонда да сен жақсы көрдің жек көрдің
Қара емендей қатып қалған әжеңді
Кейінгі ұрпақ батыр емес деп көргін!
1-жүргізуші:Кейінгі ұрпақ саған салған өткелдің
Сағасында өткен жастық, өткен күн
Қаршадайдан қара шаруа атанған
Сен әкеңді батыр емес деп көргін
2-жүргізуші:Сол жылдарға қарғыс айту жат маған
Ағалардың ерлігіне мақтанам
Балғын ұрпақ сенің блашағыңды
Мына отырған ағаларың сақтаған!
(«Әнұран»)
1-жүргізуші: Қорытынды сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ……………………… …………………………….. …………………………..

Скачать оригинальный файл

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп, үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі, аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
I — жүргізуші: Райымбек
 Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2 — жүргізуші: Эльмира
 Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
 Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!

  (Әнұран)
1 — жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам — тілдер күні!

2 — жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
1 — жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 — сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғысөз кафедра меңгерушісі Молдахмет Сейдахметовичке беріледі.
2 — жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1 — жүргізуші. «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» деп, ұлы
Абай айтқандай, құлақ құрышын қандырған әсем әннен кейін сахнаның сәнін келтірер ғажайып қазақ биін тамашалайық, халайық.
1. Әйгерімнің орындауында қазақ биі
ТОП — 12. Топ тыңдаушысы Қанаттың орындауында Адай күйі
«Земные языки»
(Татьяна ТОП — 14 — 1)
Когда с природой я наедине,
То различаю языки земные:
Беседуют деревья в тишине,
Друг с другом птицы говорят лесные.
Есть говор свой у волн вдали,
Насвистывает что — то тихий ветер…
За краткий срок, отпущенный на свете.

Так тяжко на земле без языка!
Не высказать ни счастья, ни печали…
Безмолвны горы долгие года,
О чем они, возводясь, замечали?
Все в языке: рожденье, первый шаг,
Любовь и смерть, и жизнь на новом взлете.
И если вдруг исчезнет мой язык,
То и меня вы больше не найдете!
ТОП — 13. 13 — топтың білім алушысы Асылзаттың орындауында «Қазақ елі»

1 — жүргізуші: Қазақстанда 130 — дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.

2 — жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое, корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо – Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а в Южно — Казахстанской области – узбекского телевидения.
В национальных программах, в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском, турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен, своеобразен.

 Қанаттың орындауында «Әлқиса» күйі
1 — жүргізуші. Тіл — ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Ортада түрікмен, орыс, ауған: хазар, тәжік, пушту, өзбек ұлттарының өкілдері: шетелдік тыңдаушылар

 1. Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. (Мәлике – ауған қызы, хазар )
Ана тілім — ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.

2. Тіл ұстарту, тіл сындыру,
Сөз сиқырын, кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естелікке ұмтылдыру. ( Мұрад — түрікмен)
Қазақ тілі – халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да – халық мұңы.

3. Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат. (Таня — орыс)
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің –
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім – аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Ұйғыр халқының биі орындайтын Гүлгина
2 — жүргізуші: В нашей стране большое внимание уделяется английскому языку. Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши учашиеся покажут свое мастерство владения английским языком.

 1. жүргізуші. Кафедра мақтаныштарықазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін жетік білетін полиглот жастарымыз бен шетелдік тыңдаушыларға сөз кезегін береміз. Шығармашылық және филология топтарының тыңдаушылары, шетелдік бірнеше тілде құттықтайды және әндер орындайды.
Ауғанстандық тыңдаушыларының орындауында «Ватан — Отан» биі1 — жүргізуші. Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
2 — жүргізуші. Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

I — жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II — жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)

І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші:
Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – Қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр.
(пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

…Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл… (дауыс, фон)

Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші»
1.Осы жерде терме орындалады.
2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды.
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара Қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

Қазыбек би:
Налыма!
Біз Қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.

Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

3.8 – сынып оқушысы «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

І – жүргізуші:
Олай болса, Қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші:
Елімізде Қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

І – жүргізуші: (қонаққа сөз беріледі)
Құттықтау сөз
Еремина Любовь Феодоровна

1. орыс,ағылшын тілінде өлең оқылады
2. ән «Құс жолы»
І – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз — ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

І – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, Ана тілімен асқақ .

І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілім!

ІІ– жүргізуші:
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады.
Жоспармен таныстырып шығу.

Ән «Атамекен»

І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Разделы презентаций


  • Разное
  • Английский язык
  • Астрономия
  • Алгебра
  • Биология
  • География
  • Геометрия
  • Детские презентации
  • Информатика
  • История
  • Литература
  • Математика
  • Медицина
  • Менеджмент
  • Музыка
  • МХК
  • Немецкий язык
  • ОБЖ
  • Обществознание
  • Окружающий мир
  • Педагогика
  • Русский язык
  • Технология
  • Физика
  • Философия
  • Химия
  • Шаблоны, картинки для презентаций
  • Экология
  • Экономика
  • Юриспруденция

Содержание

  • 1.

    Презентация: Ау?ан со?ысы ж?ректерге жара салды 9сынып

  • 2.

    Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО

  • 3.

    Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі

  • 4.

    “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын

  • 5.

    Слайд 5

  • 6.

    IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

  • 7.

    Слайд 7

  • 8.

    Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм

  • 9.

    Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті.

  • 10.

    Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде

  • 11.

    Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың

  • 12.

    Деректер бойынша Ауғанстан оппозиция күштері, қыркүйек 1985 жыл.

  • 13.

    Назарларыңызға рахмет!!!

  • 14.
    Скачать презентанцию

Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1«Ауған соғысы жүректерге жара салды»

«Ауған соғысы жүректерге жара салды»


Слайд 2Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып

кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.

Ауған соғысы туралы

Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы


Слайд 3Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге

елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген.

Ауғанстан Ислам партиясының моджахедтері, 1987 жыл.

Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын


Слайд 4“Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж.

мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. 

“Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы


Слайд 6IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы


Слайд 8Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер

реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. 

Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы


Слайд 9Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26

уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. 

Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай


Слайд 10Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді

қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді.


Слайд 11Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21

адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 — жылдың 28 — сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.

Қазақстан үлесі

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ


Слайд 12Деректер бойынша Ауғанстан оппозиция күштері, қыркүйек 1985 жыл.

Деректер бойынша Ауғанстан оппозиция күштері, қыркүйек 1985 жыл.


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Счастливых праздников на английском
  • Т муратов праздник наурыз текст
  • Счастливых праздников леттеринг
  • Сяо праздник морских фонарей живые обои
  • Сюрпризный момент на осенний праздник

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии